Сабақ Орал қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №10 жобб мектебінің ІІ санатты информатика пәні мұғалімі



Дата12.03.2017
өлшемі75,86 Kb.
#11604
Информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспары 7-сынып 1 сабақ

Орал қаласы, А.Байтұрсынов атындағы

№10 ЖОББ мектебінің ІІ санатты

информатика пәні мұғалімі



Наурызалиева Жаннат Саматовна


Күні: _________

Пәні

Информатика



Мұғалім аты-жөні

Наурызалиева Ж.С.



Сынып:

7 «а,ә,б» - сыныптары



Оқу-ісінің меңгерушісі
________ Сарсенова Ж.Б.

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сілтеме:

  • 7-сынып оқулығы;

  • Стендтер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні:

Информатика кабинетіндегі қойылатын талаптар, міндеттер, шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар және техника қауіпсіздігін сақтау ережелерін үйрету.

Дамытушылық мәні:

Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні:

Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу

Нәтиже:

  • Жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік ережелерін біледі

  • Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды

  • Компьютерде жұмысты аяқтаған кездегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

  • Ұжыммен бірігіп жұмыс істеу ережесін біледі.

  • Аппаттық жағдайлардағы қауіпсіздік ережелерін үйренеді.

  • Арнайы көзге жаттығу ережелерін жасап үйренеді.

Түйінді идеялар:

  • Жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік ережелері

  • Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

  • Компьютерде жұмысты аяқтаған кездегі қауіпсіздік ережелері

  • Ұжыммен бірігіп жұмыс істеу ережесі

  • Аппаттық жағдайлардағы қауіпсіздік ережелері

  • Арнайы көзге жаттығу ережелері

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту, «Екі жұлдыз - бір тілек» әдісі

Пәнаралық байланыс:




Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Топқа бөлу.

  4. Сабақ барысымен таныстыру.

  5. Бағалау парағын таныстыру.

  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Топқа бөліну

  • Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Қызығушылықты ояту (2 мин.)

7-сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған.

Оқушылар зейін қойып тыңдайды



Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)



1. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:

1) жалпы;

2) ДК-де  жұмысты бастау алдында;

3) жұмыс істеу  кезінде

4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы,

5) жұмысты  аяқтағанда



Жалпы қауіпсіздік талаптары:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды

  3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.

  4. Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды

  5.  Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады

  6. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде  тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс

  7. Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды

  8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын  қауіпсіздік талаптары

  1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

  2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары

  1. ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см.

  2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

  3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай  көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.

  4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

  5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.

Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

  1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын бйқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар  пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға  хабарлау керек.

  2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.

  3. Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек.

  4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.

  5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары

  1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

  2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек.

ББҮ (2 мин.) кестені оқушылар өз беттерімен толтырады

Білемін?

Білгім келеді?

Үйрендім?

Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпты ДК құрылғыларының суреттерінің қиындысы арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.

7-сынып оқулығында «Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру» тақырыбын оқыту.


Оқушылар белсене қатысады. Суреттерді құрастыру арқылы үш топқа бөлініп отырады.

Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі.

Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды.

Топтағы әрбір оқушы «Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру» тақырыбын бөліп алып оқиды.

Оқушылар өздері оқыған ақпарат туралы топқа түсіндіреді.


Ой толғаныс (4 мин.)

Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру

Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру

Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау.

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.



Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

Үйге тапсырма (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге: §1. «Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру» тақырыбын оқып келу.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. «Екі жұлдыз - бір тілек» әдісін ұсыну.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. «Екі жұлдыз - бір тілек» әдісімен толтырады.

Каталог: uploads -> doc -> 10e4
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
10e4 -> Маған айтсаң, ұмытып қаламын. Көрсетсең, есімде қалар. Істеуін көрсетіп берші, үйреніп алайын


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет