Сабақ. Пән: Қазақ әдебиеті. Топ: №47. Күні: Тақырыбы: Шоқан Уәлиханов. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата11.11.2016
өлшемі0,64 Mb.
#1536
түріСабақ


Ашық сабақ.
Пән: Қазақ әдебиеті.

Топ: № 47.

Күні: ......

Тақырыбы: Шоқан Уәлиханов.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Қазақстанды зерттеген қазақтан шыққан тұңғыш географ, ғалым, ағартушы, саяхатшы, тарихшы, этнограф — Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановты оқушыларға жан-жақты таныстыру үшін, алдын-ала ұсынған әдебиеттер бойынша, өз беттерімен дайыңдалып келген білімдерін дамыту, қалыптастыру, бағалау, белсенділігін арттыру т.б.



Дамытушы:

Сезімді дамыту



Тәрбиелік:

Адамгершілік тәрбиесін беру, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдауға үйрету.



Сабақтың әдісі: аралас сабақ.

Сабақтың ұраны:

Тарихтан талай адам көрген едік,

Қызықты нелер дәурен сүрген едік.

Жасымыз мұнша жасқа келгенінше,

Шоқаңдай асыл жасты көрмеп едік!


Сабақтың пәнаралық байланысы:

Тарих, әдебиет, география т.б.

Сабақтың көрнекілігі:

1. Қазақстанның картасы

2. Қаттамалар, карточкалар, сұрақтар.

3.Шоқан, Потанин, Абылайхан, Семенов-Тянь-Шанский портреттері.

4. Ш.Уәлихановтың «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» деген сөзі.

5. Компьютер, проектор.



Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру 2 мин.

2. Өтілген сабақты қайталау. 8-10 мин.

  • Сүйінбай Аронұлы кім?

  • Сүйінбай Аронұлы қашан дүниеге келген?

  • Сүйінбай Аронұлы өмір сүрген шақтағы қазақ халі қандай еді?

  • Сүйінбай Аронұлының қандай шығармалары бар?


3. Өтілген сабақты бекемдеу және жаңа сабақпен баулау:

Сүюнбай Аронұлы туралы компьютер арқылы бейнематериал көрсету.

Міне құрметті оқушылар өткен сабағымызда біз сіздермен қазақ халқының көрнекті ақыны Сүйінбай Аронұлы жайлы мәлімет алдық. Біздің негізгі мақсатымыз отан тілін жетік меңгеру. Ол үшін біз қазақ халқының тарихын, мәдениетін, әдебиетін жақсы білуіміз қажет. Ал бүгінгі сабағымызда біз Қазақстанды зерттеген қазақтан шыққан тұңғыш географ, ғалым, ағартушы, саяхатшы, тарихшы, этнограф — Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов өмір жолы, зерттеулері және шығармашылығымен танысамыз.

Жаңа сабақ:

Шоқан Уәлиханов (1835-1865)

Шоқан (Мүхаммедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов қазақ халқының XIX ғасырдың екінші бөлігіндегі талантты ғалым ұлдарының бірі. Ш. Уәлиханов - Еуропа мәдениетін мол игеріп, неміс, француз, орыс тілдерін, әдебиетін терең таныған жан. Өз халқы ғана емес, көрші қырғыздың, Қашқардың, Қытайдың, Жоңғарияның мәдениеті, әдебиеті, тарихы, философиясы, жағрафиясы жайлы құнды еңбектер жазып қалдырған, алғаш қазақ әдебиеті теориясы, ауыз әдебиеті жайында жазған зерттеулері бүгінгі күнге дейін бағасын жоймаған мұра.

Құрметті оқушылар біз өткен сабақта Шоқан Уәлиханов жайлы мәлімет жинап келу тапсырылған еді. Ал енді бөлініп алып, мына жерде үш карточка тұр, сол карточкаларды әр топтан бір оқушы шығып біреуін таңдап алады да осы тапсырма бойынша жауап береді.


  • Шоқан Уәлихановтың балалық шағы.

  • Шоқан Уәлиханов және ауыз әдебиеті.

  • Шоқан Уәлихановтың саяхаттары.

Әр топ өзінің сұрақтарына жауап береді.

Сабақты пысықтау үшін Шоқан Уәлиханов туралы компьютер арқылы бейнематериал көрсету.

Баламалақ тест өткізу.

Оқушылардың өзін-өзі бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.

Кубизм стратегиясынан пайдалану.

Хронологик ойын

Кластер құрастыру.

Қорытынды.

Белгілі саяхатшы географ Ш.Уәлихановтың өмірі мен еңбектерін тереңдетіп игерту мақсаты көзделді.

«Оқушылар өздері жасаған реферат, қаттамалары бойынша Шоқанды 12 қырынан тану, яғни Шоқан — тарихшы, әдебиетші, философ, географ, суретші, фольклоршы, өнертанушы, этнограф, музыкант, аудармашы, дәрігер, ағартушы» деп таныды. Ш.Уәлиханов небәрі отыз-ақ жыл өмір сүрді, Алайда оның ұлы тұлғасы мен өшпес мұрасын туған халқының ғана емес, иісі түркі тілдес халықтары бүкіл әлемдік біртуар жарық жұлдызы ретінде мойындап отыр.

«Ұлы адамдар ғасырларға еңбек етеді» дейді. Ұлы Шоқан осы ойдың жарқын дәлелі.

Шоқан өз өміріндегі бірінші міндеті өз халқының тарихын зерттеу. Екінші міндеті халықты оқыту деп санаған.

«Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» деген ой арманы орындалды деуге болады.


Үйге тапсырма: «Қазақ әдебиеті» 108-127 беттер.
Мұғалім: Пирназарова А.
Каталог: uploads -> doc -> 0097
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0097 -> Сабақтың тақырыбы: Абдул-Хамид Мархабаев «Ғарыштағы қымыз»
0097 -> Сабақ №1 Күні: Сынып: 9 Тақырыбы: Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы. Мақсаттары
0097 -> Сабақ Тақырыбы: Төтенше жағдайларды жою Оқытушы: Абдраманова Ж.Ғ
0097 -> Күні: 13. 10. 2016 жыл Тақырып: «Азаттық жырының ақтаңгері» Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет