Сабақ Пән: Дүниетану Орта мерзімді жоспар бөлімі



бет17/80
Дата20.05.2020
өлшемі1.16 Mb.
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80
Бағалау критерийлері

Оқушылар :

-ежелгі түріктердің өмір салтын анықтайды

-өнердің адам өміріндегі рөлін анықтайды

-Қазақстанның ресми, бейресми рәміздерінің маңызын түсіндіреді

-тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғаудың маңыздылығын айта алады.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар

рәміздердің не үшін керек екенін түсіндіреді, оларға сипаттама береді.



Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Еліміздің ресми емес нышандары: «Алтын адам», «Бәйтерек» монументтері, «Мәңгілік ел» қақпасы және т.б.

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Ресми емес нышандар еліміздің тарихымен, мәдениетімен және табиғатымен байланысты. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен ұлттық идеяның нышаны.

Талқыланатын мәселелер:

Еліміздің қандай ресми рәміздерін білесіңдер?

Бүгін еліміздің қандай ресми емес нышандарымен таныстыңдар?

«Мәңгілік ел» қақпасының текшелеріндегі фигуралар нені білдіреді?

Бәйтерек жайындағы аңызда Самұрық пен айдаһар ненің символдары? Аңыз қалай аяқталады?

Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасы жайында не білесіңдер?

«Алтын адам» монументі нені білдіреді?

Тағы қандай нысандарды еліміздің ресми емес нышандары ретінде ұсынар едіңдер?



Жазылым:

Дәптерде сабақта атқарған жұмысыңды бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет