Сабақ ҚҰрастырғАН: жармулдинова динара рашидовна 2014 2015 оқу жылы



Дата17.04.2017
өлшемі44,1 Kb.
#14064
түріСабақ
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КАЧИР АУДАНЫ ВОСКРЕСЕНКА ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ




Біздің асхана. Нәтиже сабақ

ҚҰРАСТЫРҒАН: ЖАРМУЛДИНОВА ДИНАРА РАШИДОВНА

2014 – 2015 оқу жылы

Күні: 20.11.14 пәні: қазақ тілі сыныбы: 5 «б»



Сабақтың тақырыбы: Біздің асхана. Нәтиже сабақ.

Мақсаты: а) оқушылардың ойлау қабілетін,сөйлеу мәдениетін дамыту.

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып,балалардың тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілетін дамыту.

б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып,оқушыларды елін,отбасын,үйін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздену,мәтінмен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,презентация

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

а)Ұйымдастыру кезеңі:Сабақ басталады оқушылармен амандасамын: Сәлеметсіңдерме балалар!Отырыңдар! түгендеймін ,оқу құралдарын тексеремін,сыныптың тазалығына көңіл бөлемін,зейіндерін сабаққа аударамын.

ә)Үй тапсырмасын пысықтау: үй тапсырмасын сұраймын «Азық – түлік дүкені» тақырыбына шағын шығарма жазу.

б)Жаңа сабақты түсіндіру:

Жаңа сөздермен таныс, сөздік дәптеріңе жазып ал.


ас мәзірі – меню

тапсырыс – заказ

ыстық тамақ – второе блюдо

ас қасық – столовая ложка

тұшпара – пельмени



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Мен 29-мектепте оқимын. Біздің мектепте асхана екінші қабатта орналасқан. Асханамыз үлкен, таза және әдемі. Аспаздар әр түрлі дәмді тамақ дайындайды. Асханада шырын, шай, кофе сатылады. Біз ас мәзірі бойынша тапсырыс береміз. Оқушылар таңертең тәтті тоқаш жейді, шай ішеді. Түскі уақытта ыстық тамақ алады. Кезекші оқушы үстелге шанышқы, ас қасық, шай қасықты әкеледі. Маған манты, тұшпара, палау ұнайды.

1. №29 мектепте асхана қайда орналасқан?

2. Асхана қандай?

3. Аспаздар не дайындайды?

4. Қандай сусын сатылады?

5. Асқа тапсырыс бересіңдер ме?

4. Оқушылар таңертең немен тамақтанады?

5. Түскі уақытта қандай тамақ ішу керек?

6. Кезекшінің міндеті қандай?


2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.


  • Мектепте тамақтанасың ба?

  • Асханада оқушылар неше рет тамақтанады?

  • Сен қандай тамақ ішесің?

  • ...

3-тапсырма. Берілген сөздерге көптік жалғауларын қосып жазыңдар.


Алма...

Өрік...


Алхоры...

Жүзім...

Алмұрт...
Анар...

Сәбіз...


Қарбыз...

4-тапсырма. Сөздердің сәйкестігін табыңдар.

Нан Колбаса

Май Кефир

Айран Сыр

Шұжық Напиток

Шай Хлеб


Қант Сок

Ірімшік Масло

Сусын Чай

Шырын Сахар




Қорытынды:

Тест

1.Сын есімді табыңдар

А) таңғы В) асхана С) дайындау

2.Барыс септікте тұрған сөзді анықтаңдар

А) асханада В) аспазды С) асқа\

3. «Ас» деген сөздің синонимін табыңдар

А) тамақтану В) тамақ С) дәмді

4.Мақал-мәтелді аяқтаңдар

Ас атасы - ...

А) бауырсақ В) тоқаш С) нан

5.Сөйлемді аяқтаңдар.

Сұйық тамақтардың бірі - .....



А) қол кеспе В) құймақ С) ірімшік

Тест кілті: 1.А 2.С 3.В 4.С 5.В

Бағалау: сабаққа қатысқан оқушылардың білімдерін бағалау.

Рефлексия:

Сабақта білдім

Узнал на уроке

Тақырып жөнінде өз пікірім

Личное отношение к изучаемому

Мұғалімге бүгінгі сабақ жөнінде хат

Письмо учителю о сегоднешнем уроке










Үй тапсырмасы: Сын есім емлесін қайталау

Сабақ аяқталды! Сау болыңдар! Кезекші тақтаны сүрт!
Каталог: uploads -> doc -> 0f5e
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f5e -> Сабақтың көрнекілігі: даналық сөздер, денсаулыққа байланысты әртүрлі суреттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет