Сабақ реті: 17 Сабақтың тақырыбы: Митохондрия -мембраналы органоид. Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі38,73 Kb.
#30359
түріСабақ
Сабақтың өтілетін мерзімі:

Сыныбы: 10 «А»

Сабақ реті: 17

Сабақтың тақырыбы: Митохондрия -мембраналы органоид.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: тірі организмдердің жасушасыз түрімен таныстырып, мәлімет беру

ә) дамытушылық:  пәнге қызығушылығын оята отырып, ойлау қабілетін, өз ойын ашық айтуға үйрету, дамыту.

б) тәрбиелік: элементтердің тірі организмдегі маңызын түсіндіру. Ұлтшылдыққа, тазалыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:  Баяндау, сұрақ –жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, презентациялар, электронды оқулықтар.

Сабақтың типтері:

Сабақтың барысы:

       I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, кабинет тазалығын тексеру, оқушыларды журнал бойынша түгендеп, оқушы зейінін сабаққа аудару.

       IΙ.Өтілген материалдарды қайталау .


  1. Жасушаның ашылу тарихы неше жылға созылды?

  2. Жасушаны алғаш рет ашқан ғалымды атаңыз?

  3. Грек тілінен аударғанда жасуша қандай мағынаны білдіреді?

  4. Тірі жасушаны алғаш рет көрген ғалымды атаңыз?

  5. Ф. Энгельс жасушаның ашылуын қанша жаңалықтың ішіне енгізді?

  6. Жасушаның алты қағидасын түсінідіріңдер?

      IΙI.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Тірі организмдер жасушалары ядросының жетілуіне байланысты қандай топқа бөлінеді?

2. Микробиологияның дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды білесіңдер?

3. Прокариоттық жасушалардың құрылысы қандай?

4. Прокариоттардың пішіндері қандай?

5. И.И.Мечниковтың еңбегі қандай ?

6. Прокариоттарға анықтама бер?

7. Виноградскийдің еңбегін түсіндір?



IV.Жаңа сабақты түсіндіру.  

Митохондрия – бірқатар маңызды қызмет атқаратын жасуша органоидінің бірі. Оны 1898 жылы италиялық ғалым К.Гольджи жүйке жасушаларынан тапқан. Ол ауыр металдардың ерітінділерімен (осмий немесе күміс) жүйке жасушаларын бояп қарағанда, оның цитоплазмасынан тор болып келетін жиынтықты бірінші болып байқаған. Гольджидің есіміне байланысты «Гольджи жиынтығы» деп аталып кетті.

Митохондрия жиынтығының мембранасы осмий ерітіндісін жақсы сіңіретіндігі байқалды. Нәтижесінде Гольджи жиынтығының барлық эукариоттық жасушаларда болатындығы толық дәлелденді. Кейбір жасушаларда бұл жиынтық тор түрінде кезедеседі де, олардың қуыстары бір – бірімен байланысып жатады. Кейде жеке түйір денешік немесе орақ тәрізді болып келеді. Мұндай формалары диктиосома (лизасома) деп аталады. Жасушаның қызметіне қарай бұл жиынтық үнемі өзгеріп отырады, әсіресе секрет бөлетін жасушаларда жақсы жетіледі. Гольджи жиынтығы сүткоректілердін эротроциттерінен басқа, эукариоттық жасушалардың барлығында кездесетін органоид. Жасушаның бөлінуі кезінде Гольджи жиынтығы диктиосомаға дейін бөлшектенеді. Гольджи жиынтығының қызметі эндоплазмалық тормен тікелей байланысты. Сондықтан бұл торда синтезделген заттар Гольджи жиынтығының қуыстары мен қапшықтарына барып түседі. Содан кейін тығыздалып, толық синтезделеді де, секрет түрінде жасушадан бөлініп шығарылады. Эндоплазмалық тордың қуысында көптеген ферменттер мен әртүрлі молекулалар – нәруыздар, майлар және көмірсулар синтезделіп, Гольджи жиынтығының қуыстарының кеңейген жерінде әртүрлі ферменттер: протеазалар, липазалар, нуклеазалар, синтезделеді, эндоплазмалық тордан жиынтықтың қуыстарына түскен әртүрлі молекулалар мен Гольджи жиынтығында синтезделген секреттік ферменттер бір бірімен қосылып араласады. Бұлар Гольджи жиынтығының қуысында өңделіп, түтікшелерде жиналады да, вакуоль түрінде бөлініп шығады. Гольджи жиынтығында өңделген заттарды вакуоль түрінді бөліп шығаруда диктиосомалар үлкен қызмет атқарады.

Митохондрияны 1955 жылы бельгиялық биохимик Де Дюв ашқан. Лизасома (грек ерігіш және дене) денелерді ерітеді деген мағынаны білдіреді. Лизасома эукариоттық жасушалардың барлығында соның ішінде фагацитозға қабілетті лейкоцит жасушаларында көп мөлшерде кездеседі. Өсімдік жасушаларында ірілеу келген вакуоль түрінде болады. Бұл органоидтің құрамында гидролиз ферменттері көп мөлшерде кездеседі. Митохондрияларды липопротеидтерден тұратын мембрана қоршайды. Бұл мембрана бұзылған жағдайда ғана лизасомадағы ферменттер сыртқы ортаға әсер етеді.



V. Сабақты меңгергенін тексеру

Тақырыптың астындағы сұрақтар бойынша қорытындылау



VI. Жаңа сабақты «Шынжыр» ойыны арқылы пысықтау

(Бірінші партада отырған бала сабақтан не түсінгенін айтады, оны келесі оқушылар жалғастыруы қажет).



VΙΙ. Сабақты қорытындылау:

Митохондрия мембраналарына синтезделген нәруыз молекулалары және әртүрлі ферменттер, оның түтікшелері арқылы Гольджи жиынтығының қуыстарына жеткізіледі. Эндоплазмалық тордың нәруыз биосинтезіне қатысуымен қатар, синтезделген заттарды тасымалдау қызметін де атқаратынын байқаймыз.



VIΙI. Үйге тапсырма: §14, 77-81 беттер, оқу, мазмұнын айту, жұмыс дәптерімен жұмыс жасау, қосымша ізденіп оқып келу.
Каталог: uploads -> doc -> 0147
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0147 -> Сабақтың тақырыбы : Дулат Бабатайұлының «Еспембет» поэмасы
0147 -> Сөз басы (өлеңмен жазылған)
0147 -> Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет