Сабақ реті: №23 күні: 23. 11. 2016ж Тақырыбы



Дата06.07.2018
өлшемі18,28 Kb.
#47615
түріСабақ
Сыныбы – 11А сабақ реті: № 23 күні:23.11.2016ж

Тақырыбы

Арендердің қасиеттері

Уақыы

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

оқушыларға арендердің химиялық қасиеттері туралы білімді қалыптастыру; талдау,қорытындылау біліктіліктерін дамыту,бензол қасиетін түсіндіру.бензол қасиетін сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін құра білу дағдыларын ары қарай қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.






Сабақ типі:

жаңа сабақ




Сабақ өткізілу түрі:

мұғалімнің түсіндіруі (ауызша), кітаппен өз бетінше жұмыс ,жаттығулар орындау




Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта,видеофрагмент көрсету




Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.



1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1. Үй тапсырмасын тексеру- тізбекті жазу,кеңесшілер көмегі.


5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация )

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.



2.Оқыту проблемалары:

1.Білімді жаңғырту:

Бензол қасиеттері

Фронталды әңгімелесу:

1.Қандай көмірсутектерді ароматты көмірсутектер деп атайды?

2.Кекуле ұсынған безол құрылымдық формуласы мен қасиеттері арасында қандай қарама –қайшылық бар ?

3.Безолдың электрондық құрылысының ерекшелігі неде:



3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:


Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.



1.Мұғалімнің түсіндіруі:

Арендердің қасиеттері:

* Бензолдың химиялық қасиеттерін 3 бөліккке бөліп қарастырамыз: 1.Ароматты қатардағы орын басу реакциясы.

2. Ароматты қатардағы қосылу реакциясы.

3.Бүйір тізбектен қосылу реакциясы.



1.* Ароматты ядрода қозғалғыш , п-электрон болғандықтан, электрофильді реагенттің әректтесуіне бейім болады. Сондықтан ароматты қосылыстарға электрофильді орын басу реакциясы тән.Оларға алкилдеу- ядроға алкил тобын енгізу, ацилдеу – ядроға ацил тобын енгізу R-C=O, нитрлеу – ядроға нитро тобын енгізу NО2, сульфурлеу – бензол ядросындағы сутек атомын сулфур тобымен алмастыру. Бензол молекуласындағы сутек атомын мета-орынмен алмастырады,ал амин тобы мен галогендер орто-орынмен алмастырады:

2. *Кәдімгі жағдайда ароматты көмірсутектер қосылу реакциясына түспейді,бром суын,калий перманганатын түссіздендірмейді . Бірақта бензол жоғары температурада катализатор қатысында сутегін қосып алып циклогексан түзеді.Ультракүлгін сәулелердің әсерінінен бензол хлорды қосып алып гексахлрциклогексан түзеді.Бұл қосылысты 1826 жылы алғаш ашқан Фарадей:

3.*Безол ядросына әр түрлы тотықтырғыштар әсер етпейді. Бірақ өте күшті тотықтырғыштар әсерінен бензол ядросы тотығады. Бұл жағдайда бензол ядросы бұзылып ,екі негізді қышқыл қоспасы түзіледі.

Бүйір тізбегінде қанықпаған радикалы бар бензол туындылары полимерлену реакциясына түседі.

Бензол жанғанда өте көп мөлшерде күйе түзіледі.


14-15

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -

Жаттығуды тексеру.

11-В-2 көру.



6-7


Білімді қорытындылау және жүйелеу кезеңі:


Білімділік міндеттері:

Оқушыларға білімді біртұтас жүйе түрінде қабылдауын қамтамасыз ету;

-оқушылардың пәнаралық және пәнішілік байланысты орнатуын қамтамасыз ету;

1. Дәптерге реакция теңдеулерін жазу.

2. Дәптерге қорытынды жазу:

Химиялық қасиеті бойынша бензол қаныққан және қанықпаған көмірсутектер аралығынан орын алады.

Ол екі класқа да тән реакцияларға түседі,бірақта қаныққан көмірсутектерге қарағанда алмасу реакциясына жеңіл түседі,ал қанықпаған көмірсутектерге қарағанда қосылу реакциясына қиындау түседі.Сонымен қасиеттеріне қарай отырып,оның құрылысының ерекшелігін байқаймыз.


2-3

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау

1. 7 кесте орындау. 130 (жалғасы)


3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:


Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

2.Дәптерге жазғандарын тексеру .

Үй тапсырмасын орындауға нұсқау беру:

параграф 5.2; № 10,11 – жазбаша.



1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2

Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.




1-2

Жаңа ұғым

Бромбензол, нитрлеу, тринитротолуол, тротил, толуол, ТНТ, полистирол




Каталог: 389FDE46B55DA214
389FDE46B55DA214 -> Сабақтың тақырыбы: «Киіз үйді бейнелеу»
389FDE46B55DA214 -> Сабақтың тақырыбы: Портрет түрлері. Салтанатты портрет. Сабақтың мақсаты
389FDE46B55DA214 -> Кіріктірілген сабақтар
389FDE46B55DA214 -> Программалық жабдықтама. Операциялық жүйе 4
389FDE46B55DA214 -> Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс Мақсаты
389FDE46B55DA214 -> Оқу ісінің орынбасары: Аргинова А. С
389FDE46B55DA214 -> ОҚУ Үрдісіне жаңа технологияларды енгізудің тиімділігі
389FDE46B55DA214 -> Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Меирбекова Назипа Нүгербекқызы 2 «Б»класс. Қазақ тілі Эпиграф «Қыс мезгілі өзінше тамаша!» Сабақтың тақырыбы
389FDE46B55DA214 -> Сабақ Ортақ тақырып Сабақ тақырыбы Бөлімше Оқу мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет