Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Бисермен кестелеу»



бет1/4
Дата12.03.2017
өлшемі2,39 Mb.
#11602
түріСабақ
  1   2   3   4
Жақсы №1 орта мектебі
Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:

«Бисермен кестелеу»

9 «а» сынып

Сабақты дайындаған: технология пәні мұғалімі Бекбергенова Лаззат Махмутовна

2015-2016 оқу жылы

Сабақты бекіту орыны




Сабақтың тақырыбы

Сыныбы

Өтілетін күні, уақыты

Сабақ

Бисермен кестелеу

9 «а» сыныбы

12.02.2016 ж

6 – сабақ 13.45 – 14.30



21/5

Сілтеме: күнтізбелік жоспар, әдістемелік құралдар, технология оқулығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға бисердің шығу тарихы туралы мағлұмат беру, тоқу әдісін үйрету. Дамытушылығы: сәндік қолөнерге қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын дамыту. Тәрбиелігі: өз бетімен жұмыс жасауға, өнерді бағалауға, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.



Түйіндік идеялар: Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыта отырып, ой түйіндеуге және алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету.

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, геометрия

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО, диалогты оқыту, топпен жұмыс, сарамандық жұмыс, оқуды бағалау, рефлексия.

Ресурстар: кестелеу түрлері, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, технологиялық нұсқау картасы, техника қауіпсіздік дәптері, бағалау парағы;
құрал - жабдықтар:бисер түрлері, канва, ине, жіп, қайшы, карандаш, үлгі сұлба;

Қызығушылығын ояту

Екі түрлі үшбұрышты құрастыру арқылы топқа бөліну. (ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларды жұпқа бөлу

(2 мин) (амандасу, топқа бөліну)

Оқушылар екі түрлі үшбұрышты құрастыру арқылы екі топқа бөлінеді. 1-топ: сүйір бұрыш, 2-топ: тік бұрыш.

Бағалау парағын тарату (1 мин)

(оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, топта бағалаушыны тағайындауға ұсыныс беру)



Кезекші оқушы оқушылардың сабаққа қатысуын хабарлайды және топ мүшелері бағалаушыны таңдайды.

Үй тапсырмасын сұрау

(3 мин)

«Брейн ринг» ойыны арқылы сұраймын. Тақтаға төртке бөлінген дөңгелек секторларды ілемін. Әр сектор нөмірленген. Үш топқа нөмірленген екі сұрақтан үлестіріледі. Нөмірленген кубикті ортаға тастағанда қай нөмір үстіне шықса сол нөмірдегі сұраққа жауап берілу керек. Жауап болмаса сұрақ келесі топқа ауысады. Сұраққа жауап берілгеннен кейін сектор ашылады. Барлық сұрақтарға жауап берілген соң, дөңгелек сектордың барлық нөмірі ашамын. Суреті ашылады. – Бисермен кестеленіп дайындалған қандай бұйым?

(оқушының жұмысына баға беру, мадақтау)


Әр топқа екі сұрақтан беріледі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп дөңгелек секторды ашады және қандай бұйым екенін анықтайды. (Бисермен кестеленген жастық)

1-топ.
1. Бисер дегеніміз не? (Бисер – ол кішкентай ортасында тесігі бар шариктер.)
2. Құрамына қарай бисер неден дайындалады? (шыныдан, металдан.)

2-топ.
3. Түріне қарай бисер қалай бөлінеді? (қарапайым жәй бисер, стеклярус, рубка, Богем бисері немесе Шорлот деп бөлінеді.)

4. Стеклярустың бисерден айырмашылығы? (Ол түтікше тәрізді.)




Білу, түсіну (10 мин)

Тапсырмалар тарату.



1 топ. Бисермен кестелеу тарихна шолу.

2 топ. Бисермен кестелеу тігіс түрлері.

(оқушының жұмысына баға беру, мадақтау)



Оқушылар постер дайындап топта қорғайды.

1 топ. Бисермен кестелеу тарихна шолу.

2 топ. Бисермен кестелеу тігіс түрлері.


Сергіту сәті (2 мин)
«Жалғасын тап» ойыны.
(мақал - мәтелдер)
Бірінші топ бастайды, екінші топ жалғасын жалғастырады. Қай топ жалғастыра алмаса, сол топ ұпай алмайды. Кезектесіп отырады.



1-топ

1. Бүгінгі істі ……….. қалдырма.(ертеңге)


2. Жеті рет өлше,…….. кес. (бір рет)
3. Өнерлі болу зейнет,
Өнерсіз болу…………(бейнет)

2-топ.
4. Еңбек етсең ерінбей,
……………. тіленбей. (тояды қарының)
5. Еңбегің сайлы болса,
ішің …………. болар. (тоқ)
6. Қыз еркем, ……….. көркем. (кестесімен)



Қауіпсіздік ережесі. (2 мин)

Оқушыларға жұмбақ беріледі.


Жұмбақтың жауабына байланысты қауіпсіздік ережесін айту.
Жұмбақтар.
1. Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан.

2. Кигізіп ап ұзын жіп көзіне,


Киім тігіп береді ол өзіңе.



Оқушылар жұмбақты шешеді. Жауабына байланысты қауіпсіздік ережесін айтады.

Жұмбақтардың жауабы және оған байланысты қауіпсіздік ережесі.


1 топ. Қайшы

Қауіпсіздік ережесі

Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

Қайшыны ашық тастама.


2 топ. Ине

Қауіпсіздік ережесі


Инені киімге қыстыруға болмайды.
Иненің жібін тіспен үзуге болмайды.
Инені жіпсіз тастауға болмайды.

Инені ине қадағышқа шаншы.




Қолдану.

Сарамандық жұмыс (алған білімін қолдану). (20 мин)

Құрақ көрпе дайындау.



1 топ. Сырып тігу тігісі.

2 топ. «Арка»тігісі.

Жасалу жолдарын түсіндіру:


а ) композициялық орналасуы, симметрия сақтауы;
ә )түстерінің үйлесуі, жарасымды болуы;
б ) қағазға геометриялық элементтерін түсіру, дұрыс және бірдей орналасуын қадағалау.
Істеріңе сәттілік тілеймін «Талаппен бастап,
Талғаммен аяқта!»

Оқушылар жұмыс істеп жатқанда музыка әуенін қосып қою. «Көңілсіз жұмыс өнімсіз».


(оқушының жұмысына баға беру, мадақтау)


Әр оқушы өзіне берілген тігіс түрімен суретті бисермен кестелейді.

Құрал-жабдық: бисер, бисерге арналған ине, канва, сурет сұлбасы, карандаш.

Технологиялық нұсқау картасы.

1.Сурет сұлбасын канваға түсіру. (карандашпен)

2.Сурет бойынша бисер түстерін таңдау.

3.Бисердің түсіне байланысты жіп таңдау.

4.Берілген тігіс түрін қолданып сурет сұлбасын бисермен кестелеу.


Ой қорту (2 мин).

1 топ.Бисермен кестелеу үшін қандай құрал-жабдықтар қажет?

2 топ.Бисермен кестелеу үшін қандай тігіс түрлерін қолданамыз?

Топта ойларын ортаға салып талдайды және жауабын береді.

Оқушыларды бағалау (топ бағалаушыларына сөз беру) (1 мин)

Әр топ бағалаушысы оқушыларды бағалап шығады.

Рефлексия (1 мин)

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Оқушылар өз тілектерін стикерге жазып смайликтерге жабыстырады.

Үй жұмысы (1 мин)

Жұмыс орынын жинастыру



§24. Жұмысты аяқтау.

Кезекші оқушылар жұмыс орынын жинайды.



Оқып үйренудің нәтижесі

1.Бисермен кестелеу тарихы мен тігіс түрлерімен танысты.

2.Бисермен кестелеу әдісін меңгереді.

3.Қыздар әсемдікке, іскерлікке, ұқыптылыққа үйренді.


Бағалау парағы.



Оқушының

аты-жөні


Үй тапсырмасы

2-6 балл


Білу, түсіну, топпен жұмыс

2-6 балл


Сергіту сәті

1-балл


Қауіпсіздік ережесі

2-балл


Алған білімін қолдану, сарамандық жұмыс

4-6 балл


Талдау ойын қорту 2-3 балл

1



















2



















3



















4



















5



















6



















( 11-12 балл – 3; 13-20 балл – 4; 21-24 балл – 5)



Каталог: 02F72FFCBBBC8018
02F72FFCBBBC8018 -> Сабақтың тақырыбы : «Шоқан қазақ халқының тұңғыш ғалымы». Сабақ эпиграфы : «Шоқанның ұлылығы соншама, біз оны енді ғана толық түсіне бастағандаймыз»
02F72FFCBBBC8018 -> Келісемін: Бекітемін: Мектеп директорының Мектеп директоры оқу ісі жөніндегі орынбасары Раисов А. К
02F72FFCBBBC8018 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүлері. Фариза Оңғарсынова Жалпы мақсаты
02F72FFCBBBC8018 -> Құрастырған: Бактыбаева Молдир Балгабаевна 2015-2016 оқу жылы Мазмұны
02F72FFCBBBC8018 -> Сабақ әдісі : сто технологиясының әдістері, галереяға саяхат әдісі, топпен жұмыс
02F72FFCBBBC8018 -> Келісемін: Бекітемін: Мектеп директорының Мектеп директоры оқу ісі жөніндегі орынбасары Раисов А. К
02F72FFCBBBC8018 -> Сабақ: № Мектеп: Жақсы №1 орта мектебі Күні: 30. 01. 2017. Мұғалімнің есімі: Кантарбаева А. С
02F72FFCBBBC8018 -> Сабақ: 111/7 Оқу ісінің меңгерушісі: Шапиев Е. Р. Сабақтың атауы
02F72FFCBBBC8018 -> Сабақ: 111/7 Оқу ісінің меңгерушісі: Шапиев Е. Р. Сабақтың атауы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет