Сабақ: Сабақтың тақырыбы: Жақшаларды ашу. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару. Мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі146,02 Kb.
#27433
түріСабақ
М. Б. Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектеп

Сабақтың тақырыбы:


(мектепішілік ашық сабақ)
6 «Б» класс

Өткізген: математика пәні мұғалімі

Чожикова А.

Орал - 2012ж.

Бекітемін Қаралды:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: С.Қитарова ӘБЖ: Г.Сейтова
Сыныбы: 6 «б» пәні: математика күні: 10.12.2012ж.

Сабақ:

Сабақтың тақырыбы: Жақшаларды ашу. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.
Мақсаты:

Білімділік: Әріпті өрнекті түрлендіруде жақшаны ашуда «+», «-» таңбасы болған

жағдайда жақшаны ашу алгаритмін айта білу, пайдалана білу.

Білім білік дағдыларын меңгерту, білім деңгейін тексеру, бағалау.

Дамытушылық: Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білу, пәнге қызығушылығын

арттыру, ой-өрісін дамыту.



Тәрбиелік: Оқушылардың тез ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Шапшаңдыққа, жинақылыққа баулу. Өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, оқулық
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру.

ІІ. Ой қозғау (Өткен материалды еске түсіріп, пысықтау)

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІҮ. Ой толғаныс.( Жаңа сабақ)

Ү.Бекіту практикалық жұмыс ( деңгейлік тапсырмалар)

ҮІ.Сергіту, үйге тапсырма

ҮІІ Бағалау

ҮІІ.Қорытындылау


І.Оқушылармен амандасып, сабаққа даярлығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеріп жаңа сабаққа алдын ала даярлық ретінде қайталау сұрақтары арқылы өткен материалды пысықтау.

Қайталау сұрақтары:


  1. Қандай алгебралық өрнектер алгебралық қосынды деп аталады?

  2. Алгебралық өрнектің мәні деп қандай санды атайды?

  3. Жақшамен берілген рационал санды жақшасыз жазғанда таңбалар ережесі пайдаланады. Таңбалар ережесін кім айтады?

  4. Қосу мен көбейтудің қандай қасиеттерін білесіңдер?

Ал көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетін еске түсірелік

1. Көбейтудің үлестірімдік қасиетін пайдаланып мысалдарын бастау

3*(2а+9в+10с) =*а+*в+*с

-5*(11х+7у-3) =-*х-*у+*


2. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарындар


Егер жақшаларды ашу үшін

a,b,c- рационал сандар

а∙(в+с+d) =ав+ас+аd: а,в,с,d- рационал сандар

7∙(3а-в) =21а-7в теңбе-тең өрнектер ав+ас=а∙(в+с)
3*(2а+9в+10с) =*а+*в+*с

-5*(11х+7у-3) =-*х-*у+*


Осы екі мысалдан қандай өзгерісті байқадыңдар?

Жақшаны ашу деген не? Жақшаны ашу деп берілген өрнекті тепе-тең өрнекке түрлендіру, тек жақшасыз.

Жақща ішіндегі алгебралық қосынды жазылған өрнектерді оған тең жақшасыз өрнектермен алмастыруға болады. Мұндай жағдайды «жақшаларды ашу» дейміз.

Мысалы: 1. 2с+(-3+4а-в) =2с-3+4а-в

2. 2с-(-3+4а-в) =2с+3-4а+в

Бұл екі мысалдан егер жақша алдында «+» таңбасы болса, онда

1)Жақшаларды және жақша алдыңдағы «+» таңбасын жазбау керек

2)Жақша ішіндегі қосылғыштарды өз таңбасымен жазу керек.

2-ші мысалда егер жақша алдында «--» таңбасы болса, онда

1)Жақшаларды және жақша алдыңдағы «--» таңбасын жазбау керек

2)Жақша ішіндегі қосылғыштардың әрқайсысының таңбасын қарама-қарсы таңбамен алмастырылады.

Сонымен ережені шығарайық.

Жақша алдында «плюс» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштар өз таңбаларымен жазылады.

Жақша алдында «минус» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама-қарсы таңбамен алмастырылады.

Мысал: І жағдай а+(в-с) =а+в-с

а+(в-с+d) =a+в-с+d

ІІ жағдай

5-(2а-3в+7с) =5-2а+3в-7с



Жақшаны ашу


ж

ІІІ жағдай



Оқулықпен жұмыс.
750 1),3),4) №754(2,3)
2) 3-(4+в); мұндағы в = 5;

3) 2,5+(с-1), мұндағы с=0,4

754 1).3)

759(1) -12,7+(х-5,3) =0,9

761(1,3) , №763
Ауызша есептер
«Ойлан тап»


№1

№2

№3

№4

№5

(а-в)

--n+(m+n)

(-p-a)-(k-a)

(-4--m)--(6.4--m)

(3.2—5)--(3.2+7)

А) -а-в

С) m

А) p-k

A) 2.4

Ц) 2

В) -а+в

B) –m

Д) -p+k

B)-10.4

А)12

С) а+с

Е) 0

E) -p-k

C) -6.8

С) -2

Д) а-в

T) -n+m

C)-p-k-a

Ш) -2.4

Д) -12



Сергіту


  1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса , неше бұрыш қалады?(5 бұрыш)

  2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?(4 рет)

  3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? (5 бала)

Тест: жақшаларды ашып өрнектерді түрлендіріңдер


1. 15х-(6х-12у)

а)21х+12у; в) 21х-12у; с)9х+12у; д) 9х-12у;

2. 4,6а+(9,7в-5,6а)

а)-а+9,7в; в)а-9,7в; с)10,2+9,7в; д)10,2а-9,7в;

3. 2(х+4)+3(15-4х)

а)14х-53; в)-10х-53; с)14х+53; д)-10х+53

4. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығар:

5m-10n+25k



а)5(5m-2n+5k); в) 5(m-2n+25k); с)5(m-10n+5k); д) 5(m-2n+5k);.
V.Үйге тапсырма. 4.3.- тақырып. №751,759,760
VІ. Бағалау.
VІІ. Қорытындылау:
Жақша алдында «плюс» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштар өз таңбаларымен жазылады, ал жақша алдында «минус» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама-қарсы таңбамен алмастырылады.Есептің шартына байланысты меңгерген материалды тиімді пайдалану.

Қосу мен көбейтудің қасиеттерін дұрыс қолдана білу.
Каталог: uploads -> doc -> 08a7
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08a7 -> Сабақтар топтамасына «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»
08a7 -> Тест 9-сынып әдебиет
08a7 -> Тақырыбы: Құстарға не үшін көмек көрсету керек? Шаттық шеңбері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет