4. Белдікті бұйымдарға нелер жатады ? 5. Өлшем алған кезде айналым, көлденең өлшемдер қалай жазылады?
6. Қандай өлшемдер толығымен жазылады?
7. Белдемше сызбасын сызу үшін қандай өлшемдер қажет?
8. Сызба сызған кезде қандай белдемше сызбасында бүкпе болады?
9. Қандай белдемше 6, 8, 12 бөліктен тұрады ?
10. Қандай белдемшенің жеті түрі бар?
ІІІ. Негізгі бөлім:
Киімді модельдеудегі үш негізгі принципі 1. Киімнің адамның сыртқы және ішкі кескініне сәйкес болуы; 2. Арнаулы киімдердің мақсатқа сай, қолдануға ыңғайлы болуы; 3. Киімнің қолданылатын аясына, түріне пайдаланылатын материалдың сәйкес болуы. Киімді модельдеу – бұл эскиз бойынша жасалған бұйымның үлгісі. Киімді модельдеумен суретші-модельер айналысады. Модельер адамның денебітімін, оның пропорциялары мен пластикаларын, сондай-ақ костюмнің бөлек бөлшектерінің үйлесімдік заңдары мен ережелерін, пішім сызықтарын, әрлеуді білуі керек. Қосымшалар мен безендірулерді, сондай-ақ тігін ісінің технологиясын жақсы ажырата алуы қажет. Модельдеудің мақсаты және міндеті – қоғамның дамуына сәйкес әдемі, қолайлы киімдер жасау. Сән мен костюм әрқашанда стиль мен дәуірді бейнелейді. Стиль – киім мәдениеті саласындағы маңызды ұғым. Киімге байланысты үш негізгі стильді ажыратуға болады:
СпорттықКлассикалықРомантикалықФольклорлық
Классикалық стиль (байсалды, іскер, әсем) – тұрақты, ғасырлар бойы мүлдем өзгермейтін,ерлердің жұпты,үштік костюмі, пальтосы, плащ, ал әйелдер киіміне ұзын жеңді көйлектер, тік немесе бүрмелі белдемшелер .
1- слайд
Романтикалықстиль – әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік немесе нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді.
2 –слайд
Спорттық стиль- демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киім үлгісі
3- слайд Фольклорлық стиль- ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою-өрнектер, кестелер, қол жұмыстары кеңінен қолданады.