Сабақ: Сауат ашу Сабақтың тақырыбы: «Д дыбысы мен әрпі»



Дата18.05.2017
өлшемі26,54 Kb.
#16345
түріСабақ

Сабақ: Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: «Д дыбысы мен әрпі»

Сабақтың мақсаттары:

1.Д дыбысымен, әрпімен танысу.оның баспа түрінің жазылуын көрсету.

2.Балаларды ойын ойнату арқылы шапшаң, жылдам, ұқыпты болуға тәрбиелеу.Өз денсаулығына көңіл бөлуге, денсаулығын күте білуге тәрбиелеу.

3.Жаңа білім, білік - дағдыны қалыптастыру.

қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.

1/Ұйымдастыру

2/Мотивациялық қозғаушы кезең

3/ Сабақтың мақсаты - міндеттерімен таныстыру

1/ Ұйымдастыру:

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң

Қайырлы күн

Сәлем үстаз

Сәлем достар бәріңе

Сәлем,сәлем!

2/ Мотивациялық - қозғаушы

- Балалар қазір қай жыл мезгілі?

-Қыс.

- Қазір қай ай?



-Қаңтар.

-Апта ананың қай баласы?

-Сәрсенбі.

- Бүгінгі ауа-райы қандай, балалар?

-Далада қар жапалақтап жауып тұр,күн суық.

-Өте дұрыс балалар.

3/ Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру: - Балалар, қазір бізде сауат ашу сабағы. Бүгін біз «сауат ашудың сиқырлы әлемінде» боламыз. Осы сабақта біз жаңа дыбыспен, әріппен, оның жазылуымен танысамыз.Бүгінгі сабақ ойын түрінде өтеді. Әртүрлі ойындар ойнап, жұмбақтар шешеміз, сергіту сәтін жасаймыз. Және де сендерді бүгінгі сабақта ойыннан басқа да қызықтыр күтіп тұр.

-Домбыра әуені ойнайды.

Тәрбиеші: - Балалар кім айтады қандай дыбыс?-

-Домбыра әуені.

-Өте тамаша.

-Домбыра сөзі қай әріптен басталады?

-Демек бүгінгі сабағымыз Д әріпі.



Жұмбақ: 1/Бала біткен соғады,

Жеңіл шарды домалақ.

Ұрсаң ұшып жоғары,

Жерге түсер домалап. (доп)

-Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

-42


-Дұрыс

-Дауыстар нешеге бөлінеді? Және қандай?

-Дауысты,дауыссыз дыбыстар.

-Дұрыс.


Дыбыстарды Сөйлейтін әліппе арқылы айтып шығу.

Тәрбиеші:- бәріміз бірге д деп айтайықшы. Балалар бұл дауысты дыбыс па , әлде дауыссыз дыбыс па? Неге ол дауыссыз?

- Балалар мына суреттерге назар аударайықшы. Суреттерден не көріп тұрмыз?

1/ Бидай сөзінде д дыбысы сөздің қай жерінде орналасқан: Сөздің басында ма, ортасында ма, соңында ма?

2/ Велосипед сөзінде қайда орналасқан?

3/Ал домбыра сөзінде ше?- Сонымен д дыбыс сөздің басында да, ортасында да, аяғында да кездесе береді солай ма?

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

Алақанға ұрайық

Оңға иіліп,солға иіліп

Сәл тынығып алайық

Орнымызды табайық

Әріпті ауада жазып көрсету.

4/ Дәптермен жұмыс.

Тәрбиеші: - Балалар енді дәптерімізден д дыбысы бар бетті тауып алып түзу, денемізді тік ұстап отырып Д әрпін жазамыз.

5.Дала сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Пайдалы кеңес:

«ТАЗАЛЫҚ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ».



4. Қорытынды:- Сонымен , балалар, бүгінгі сабағымыз аяқталды.

Мадақтау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет