Сабақ «Сөйлем мүшелері»



Дата26.08.2017
өлшемі67,93 Kb.
#29167
түріСабақ
Қызылорда қаласы

Ы.Алтынсарин атындағы №10 қазақ орта мектебі

Өзбергенова Ғазиза Есқалиқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Ашық сабақ «Сөйлем мүшелері» 8-сынып
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Сөйлем мүшелері тақырыбы бойынша білімін жетілдіру, тақырыптарды қайталау арқылы қалай меңгергендігі туралы байқау, толықтыру.

  2. Дамытушылық: Жеке тұлғаның ой-қабілетіне әсер ету арқылы оқушыларды өздігінен жұмысқа баулу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

  3. Тәрбиелік: Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлақ, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерге туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу,

Оқыту технологиясы: модульдік технология

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, проблемалық ізденіс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлықтарын тексеру.

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Бұл сабақта оқушылардың «сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері» тақырыптарынан алған білімдерін оқыта үйрету ойыны арқылы бекітеміз, пысықтаймыз.

Ойынның аты «Бақытты сәт» деп аталады. Бұл ойын бес геймнен тұрады.



1-гейм. «Бой сергіту» (тест тапсырмаларын орындайды)

2-гейм. «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар». (әр команда алған шарларындағы сұрақтарға жауап береді)

3-гейм. «Жұмбақтас» (3 түрлі тапсырма орындайды)

4-гейм. «Сен маған, мен саған» (үй тапсырмасы әр командаға екі тапсырмадан)

5-гейм. «Көсемдікке ұмтылу» (сұраққа тез жауап)

1. Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.


Биылғы жыл біз үшін ерекше жыл. Себебі қазақ халқының көрнекті ағартушысы Ы.Алтынсарин атындағы алтын ұя мектебімізге 50 жыл толып отыр. Мектебімізді бітірген түлектер әр салада түрлі қызметтер атқарады. Ұлттық сана-сезімі жоғары, білімге құштар, халықаралық білім кеңістігіне шығуға даяр ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздарымыздың орны ерекше. Мектебіміз өсіп-өркендеп, еліміздің тұтқасын ұстар азаматтар көптеп шыға берсін деп тілейміз.

ІІІ Білімді тексеру кезеңі.

«Бақытты сәт» ойыны

Сынып 2 топқа бөлінген. Әр топтың атауы, капитаны бар.

1-гейм – «Бой сергіту» (командаларға 10 сұрақтан беріліп, оларды талқылауға беріледі)



«Бастауыш» командасы


  1. Баяндауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз.

А) Алтау – үшке қалдықсыз бөлінеді. В) Біздер сапқа он-оннан қатар қүрап тұрдық.

С) Менің алғаным жетеу. Д) Ақылмен мыңды, ақырумен бірді көндіресің.



2. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған еліктеуіш сөзді сөйлемді табыңыз.

А) Дала жым-жырт. В) Ырғалып қарқ етті, ірімшік жерге салп етті.

С) Асығып тез аттандық. Д) Қазандағы ет бүлк-бүлк қайнады.

3. Сәйкесін тап.

А) Гүлжан 1) баяндауыш

В) кешігіп 2) пысықтауыш

С) келді 3) бастауыш

Д) сабаққа 4) пысықтауыш

4. Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола ала ма?

А) иә


В) жоқ

5. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.

Сөйлем мүшелері дегеніміз – сөйлем құрауға қатысқан ... сөздер.



6. Мақсат пысықтауыштың сұрақтарын жаз.

7. Күрделі мүше дегеніміз не?

8. Сәйкесін тап.

А) бастауыш 1) қандай? қай?

В) баяндауыш 2) кімде? неде?

С) толықтауыш 3) кімі ? несі?

Д) анықтауыш 4) не істеді? қайтті?

9. Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Гүлнәр өзі туралы айтты. В) Жұмат жас бригадирдің бұл сөзіне риза болды.

С) Қар өткен түнде қалыңдап түскен екен. Д) Біз асыға ілгері жүрдік.

10. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Мәдени, демалыс паркі. В) Бәріміз жиналдық.

С) Бұлтты аспан. Д) Мынау қоян жепті ғой.


«Баяндауыш» командасы


  1. Тура толықтауышты табыңыз.

А) Жауапқа дайын. В) Кітапты ашты. С) Доппен ойнады. Д) Дүкенге қарады.

2. Сын-қимыл пысықтауышты табыңыз.

А) Даладан келдім. В) Малдас құрып отыр. С) Оқығалы келіпті. Д) Кітап оқыпты.



3. Сәйкесін тап.

А) Бүгін 1) бастауыш

В) көрдім 2) толықтауыш

С) Үсенді 3) пысықтауыш

Д) Мен 4) баяндауыш

4. Қаратпа сөздер сөйлем мүшесі бола ала ма?

А) иә


В) жоқ

5. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.

Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың ... , оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.



6. Мөлшер пысықтауыштың сұрақтарын жаз.

7. Үйірлі мүше дегеніміз не?

8. Сәйкесін тап.

А) бастауыш 1) қандай? қай?

В) пысықтауыш 2) кімде? неде?

С) толықтауыш 3) Кімім? Нем?

Д) анықтауыш 4) қалай? қашан?

9. Жанама толықтауышты табыңыз.

А) Естігенін айтты. В) Тілді сүйемін. С) Атасын шақырды. Д) Жақсымен сөйлес.



10. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.

А) Дала жайқалып тұр. В) Қалада оқиды. С) Көптен бері сырласпыз.

Е) Сылқ-сылқ күлді.

2-гейм. «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар».

Команда мүшелері бөшкеден нөмірлері бар шар алып шығады.

1-тапсырма. Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Қандай сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды?

2-тапсырма. Дара, күрделі, үйірлі мүше дегеніміз не? Әрқайсысна мысал келтір.

3-тапсырма. Тұрлаулы мүшелер деп нені айтамыз? Сөйлем құрастырып, тұрлаулы мүшелердің астын сыз.

4-тапсырма. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? Сөйлем құрастырып, сөйлем мүшелеріне талдау жаса. Сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылығы неде?
1-тапсырма. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? Сөйлем құрауға негіз болатын қай сөйлем мүшесі?

2-тапсырма. Толықтауыш дегеніміз не? Тура және жанама толықтауыштардың ережесін айт . Оларға мысал келтір.

3-тапсырма. Анықтауыш дегеніміз не? Сұрақтары қандай? Жасалу жолдарын түсіндір.

4-тапсырма. Пысықтауыш нені білдіреді? Пысықтауыштың қандай түрлері бар, олар қандай сұрақтарға жауап береді? Әрқайсысына мысалдар келтір.
3-гейм. «Жұмбақтас» (3 түрлі тапсырма орындайды)

1-тапсырма.


  1. Сөйлем мүшелеріне талда. Бастауыштың жасалуын түсіндір.

Зерделі қыздың зерек ойы қиядағы жұмбақты іліп әкетті.

Ақәділ қария ақ боз үйдің есігін түргізіп қойып, әңгіме айтып тұр.

  1. Баяндауыштың жасалуын түсіндір. Сөйлем мүшелеріне талдау жаса.

Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас.

Жарасов шопандарға дем бере сөйледі.

  1. Пысықтауыштарды тауып, жасалуын түсіндір.

Бердіке балаға көз тоқтатып қарады.

Бүгін мал біткен аулағырақта өрістеген.

  1. Анықтауыштардың жасалу жолдарын түсіндір.

Далада қызыл-сары гүлдер жайқалып тұр.

Біздің облысымыз 116 мың гектар егін сеуіп, 14 миллион пұт

астық алды.

2-тапсырма.

1. Сөйлем мүшелеріне талдау жаса. Нақыл сөздер кімдікі деп ойлайсың?

Байлық – қанағат пен еңбекте.

Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста.

(Ы.Алтынсарин )

2. Сөйлем мүшелеріне талда. Сызықшаның қойылу себебін түсіндір.

Қаһарлы сөз ... бұзар. (қамал)

Адамды адам еткен - .... . (ой мен сөз)

3. Кімнің өлеңі екенін табыңыз. Сөйлем мүшелеріне талдау жаса.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.


  1. Тура және жанама толықтауышты тап.

Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.

Тау мен тасты су бұзады,

Адамзатты сөз бұзады.


3-тапсырма.

Берілген сөздердің әрқайсысын бірде бастауыш, бірде баяндауыш етіп екі реттен сөйлем құраңдар.

Жақсы, жиырма бес, сұлулық, бесеуміз, ақыл, жаман, ашық, отыз алты, әдемілік, адамгершілік.

4-гейм. «Сен маған, мен саған».

Командалар бір-біріне сұрақтар қояды.

( үй тапсырмасы )

5-гейм. «Көсемдікке ұмтылу».

1. «Мектебім - мақтанышым» тақырыбында шағын шығарма жазу.

2. «Мен –елімнің тірегі» тақырыбында шағын шығарма жазу.
ІV. Қорыту. Тәуелсіз еліміздің 20 жыл ішінде жеткен жетістіктеріне тоқталу. Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңімен қорытып, Мемлекеттік гимнмен аяқтау.

Ү. Бағалау. Әр топтың жинаған ұпайларының қорытындысына қарай, жауап парақтарындағы жауаптарына қарай бағалау. Ассистенттер бағалау парағына геймдер бойынша бағалап отырады.



ҮІ. Үй тапсырмасын беру. Өткен тақырыпты қайталау.
Каталог: uploads -> doc -> 100b
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
100b -> Сабақтың тақырыбы: Сабақ-оқытуды ұйымдастыру нысаны. Сабаққа қойылатын талаптар Сабақтың мақсаты
100b -> Сабақ жоспары №3 Мамандық: 0518033 «Есеп және аудит»
100b -> Оқулық, карта, атлас, интерактивті тақта Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет