Сабақ тақырыбы : Буын үндестігі



Дата30.01.2017
өлшемі51,24 Kb.
#8335
түріСабақ
Сабақ тақырыбы:Буын үндестігі

Сабақ мақсаты:

Буын үндестігі, оның ерекшелігі,жасалу жолдары туралы айту,білімін кеңейту,теориялық алған ұғымдарын мысалдар мен жаттығулар арқылы меңгерту;

Ойын әдісі арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру,жылдам ойлау қабілетін ұштау,ой-өрісін,тіл байлығын,сөздік қорын дамыту,шығармашылық белсенділігін арттыру;

Оқушыларды таза,сауатты жазуға,ұлағатты сөздер арқылы адамгершілікке,тілді,әдебиетті,туған жерін сүюге,

құрметтеуге шақыру.Топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке,жолдастық көмек көрсетуге баулу.

Сабақ түрі:жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ әдісі:сұрақ-жауап,талдау,жаттығу,ойын әдісі,электронды оқулықпен жұмыс

Сабақ көрнекілігі:слайдтар,үлестірмелі кестелер,электронды оқулық,эпиграф,тест

Сабақ байланысы:өмірмен,әдебиетпен

Сабақ жүрісі: 1.Ұйымдастыру

/амандасу,тексеру/

11.Жаңа сабақ
-Сәлематсыздар ма,балалар!

Мұхтар Әуезовтің суретін слайд арқылы көрсету.

-Балалар,бұл кім?

/Балалар жауап береді/

-Олай болса,бүгінгі сабағымызды ұлы жазушы М.Әуезовтің мына сөзімен бастаймыз:

/слайд арқылы көрсету/

Адам, ең алдымен,өзінің ана тілін,туған әдебиетін білуі шарт.

-Балалар,ал Елбасы Н.Ә.Назарбаев:

Қазақстан болашағы-қазақ тілінде-

дей келе,06.02 күні шыққан халыққа Жолдауында «Тілдің үш тұғырлылығына» ерекше назар аударады.Соның ішінде қазақ тілінің болашағына зор үміт артады.

-Олай болса,балалар,Абай,Мұхтар,Елбасы сүйген ана тілімізді,әдебиетімізді сүю,құрметтеу-мәңгілік парызымыз.

Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:Буын үндестігі.

Мақсатымыз:жаңа сабақты меңгере отырып,білімізді жан-жақты көрсету.

/Тақтаға күн жады мен тақырыпты жазу/

Слайд арқылы «Үндестік» сөзін көрсету.

-Балалар, үндестік заңы дегеніміз не?

Балалар жауап береді.

-Балалар,білесіздер ме? С.Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесіндегі бала Мысық көптген мүсін жасайтын еді ғой.Сіздерге тәттілер

ден емес,сол мүсіндерден шашу шашамын.Оны алған оқушы тақтаға шығып,қосымша жалғап жазады.

Мысалы:Жылқы-лар/лер/,жылқы-ға/ге/,асық-тар/дар/

Жылқы –түбір сөз,жуан,себебі ондағы дауысты ы-жуан дауысты.

Сондықтан оған жуан қосымша жалғанады.

Ешкі-жіңішке сөз,себебі ондағы дауысты і-жіңішке ,сондықтан оған жалғанатын қосымша жіңішке.

Балалар,үндестік заңы мынадай болып бөлінеді:



Балалардың өздеріне ереже шығарту.

Слайд арқылы тағы да толықтырып көрсету.

Бекіту :

-Балалар, осы алған жаңа білімізді одан ары қарай жалғастыра-

мыз.Сөздер бақытты балалық кезеңде өмір сүріп жатырсыздар.

Олай болса, біз қазір «Бақытты сәт» ойынын ойнаймыз.

/Әл-Фарабидің суретін слайд арқылы көрсету/

-Балалар, бұл кім?/балалар жауап береді/

Әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби /870-950ж/

-қазақтың ұлы ғалымы,әлемге әйгілі ойшыл,философ,социолог,

математик,физик,астроном,ботаник,лингвист,музыка зерттеу-шісі.Әл-Фараби Бақыт туралы былай дейді:

Бақыт-әрбір адам ұмтылатын мақсат

-Бақытқа жету үшін мына мақсаттарға жетуіміз қажет.Ол үшін бар білімізді көрсетіп,жеңіске ұмтылуымыз керек.

/слайд арқылы Абай мен Мұхтар бейнесін көрсету/

М.Әуезовтің атын әлемге еткен кім еді?Әрине,Ол-Абай.Мұхтар

Абай алдынан өткен.Оның өлеңдерінен нәр алып,қанат жайған.Біз әдебиет сабағынан атақты «Абай жолы» романынан үзінді оқығанбыз.Ендеше, сыныпты екіге бөліп,1-топтың атын «Абай ауылы», 2-топтың атын «Мұхтар ауылы» деп атайық.

Ойын жүрісімен таныстыру.



1-гейм

«Бой сергіту»

Электрондық оқулық бойынша екі тапсырма беріледі.

Түбірге қосымша жалғау,жуан не жіңішкелігін айту.

2-гейм

«Бөшкеден шыққан бас қатырғыш»

Кітаптан жаттығу жұмыстарын орындау.

3-гейм

«Жұмбақ тас»

Әр топқа жұмбақ жасырылады.

4-гейм

«Сен маған,мен саған»

Үй тапсырмасы.Шығармашылық жұмыс.

5-гейм

«Көсемдікке ұмтылу»

Екі топ сұрақтарға жарыса жауап береді.10-15 сұрақ.


Алған ұпайларын санамалап,қай топтың жақсы қатысқанын айту,түбінде достықтың,бірліктің жеңетінін айту.

Мадақтау.

Осы алған білімдерімізді сынақ сұрақтары бойынша тексеріп көрейік. «Өз біліміңді тексер»сынақ сұрақтарын слайд арқылы көрсету.Оқушылар әрқайсысы өзі орындайды.Нәтижесі тақтада көрсетіледі,бала жауабымен тексеріп,өзіне-өзі баға қояды.

-Балалар,міне,біз білімге деген қызығушылықтың нәтижесінде үлкен жетістікке жетіп отырмыз.Сіздердің бүгінгі жеткен табыстарыңыз болашақта да толыға берсін.Елбасы Н.Ә.Назарбаев көздеген еңселі елу елдің қатарына жетуге өздеріңіздің терең білімдеріңізбен үлестеріңізді қосады деп ұстаздар қауымы сіздерге сенім артады. Бүгінгі сабағымызды мынадай ұлы сөзбен аяқтағым келіп тұр:

Арыстандай арпалысып еңбектенген адамның қолына бақыт құсы өзі келіп қонады.

Бағалау.

Үйге тапсырма:

Буын үндестігі-оқу,ереже жаттау.

1.316-жаттығу.

2.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауынан үзінді жазу.

3.Әл-Фараби өмір жолдары,шығармашылығы жайлы реферат жазу.

4. «Ең бірінші байлығым –тілім менің» тақырыбында эссе жазу.
Каталог: uploads -> doc -> 018a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
018a -> Сабақ тақырыбы: §15. Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет