Сабақ тақырыбы : «Жұлдызды аспан. Аспан сферасы»



Дата14.06.2017
өлшемі210,19 Kb.
#19119
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақ тақырыбы:

«Жұлдызды аспан. Аспан сферасы »

Мектеп:

Сааумалкөл қазақ орта мектебі



Мерзімі:

13.03.2017

Мұғалімнің аты:

Кулбаева Асылзат Мусабаевна

Сынып:

9

Оқушылар саны:




Сабақтың оқу мақсаттары

  • Жұлдызды аспан. Аспан сферасы жайлы мағлұмат беру

  • Жұлдызды аспан. Аспан сферасы қолдана білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері

Оқушылар біледі:

  • Жұлдызды аспан. Аспан сферасын қолдана білуге үйренеді.

Тілдік

мақсаттар

Ғаламның құрылымы мен масштабы. Шоқжұлдыздар. шоқжұлдыздардың атаулары. Жұлдыздардың атауы. Жұлдыздардың жарқырауы. Көрінерлік және абсалют жұлдыздық шама. Жұлдыздар картасы. Аспан сферасы. Экваторлық координаталар жүйесі.

Өткен сабақ материалдары

Электромагниттік толқындар




ЖОСПАР










Сабақ басы

Ұйымдастыру. Түгелдеу. Үй жұмыстарын тексеру. Сабақтыӊ мақсаты және оқу мақсаттарын айтамыз.

Ресурс-тар

Өткен сабақ-ты қайта-лау

Жаңа сабақ


Эдвард де Боне «6 ойлау шляпасы»

М А Қ С А Т Ы:

әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын пісіру”

Ақ шляпа – ақпараттар, фактілер

Қызыл шляпа – ішкі сезім

Қара шляпа – логикалық негативті ойлау

Сары шляпа – логикалық позитивті ойлау

Жасыл шляпашығармашылық ойлау

Көк шляпа – ойлау процесін басқару


  • Ақ - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде бере отырып электромагниттік толқындардың қасиеттерін түсіндіріңіз

  • Қызыл – Электромагниттік толқындардың ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияға әсері

  • Қара – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....” (электромагниттік толқындардың жағымсыз жақтарын дәлелдер келтіре отырып түсіндіру)

  • Сары - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!» (электромагниттік толқындардың жағымды жақтарын дәлелдер келтіре отырып түсіндіру)

  • Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар (ғылыми жетістіктер)

  • Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.

I.Ғаламның құрылымы мен масштабы.

Жер ғаламшары Күн жүйесінің құрамына енеді. Күн біздің Құс жолы Галактикамыздың бір жұлдызы болып табылады, ол галактика жазықтығында Галактика центрінен 3,2∙104 жарық жылы қашықтықта орналасқан.



Жарық жылы – жердің бір жылы ішінде жарықтың вакуумде таралатын қашықтығы.

1 жарық жылы ≈ 365 ∙ 24 ∙ 3600 с ∙ 3 ∙ 108 м/с = 9,46 ∙ 1015 м

Қазіргі заманғы телескоптардың көмегімен Ғаламда миллиардтаған галактикалар табылған. Сыртқы түріне қарай олар шартты түрде үш түрге: эллипстік, спираль тәрізді және бұрыс пішінді болып бөлінеді. Біздің Галактика спираль тәрізді галактикалардан тұратын шоғырлар құрайды. Ғалам галактикалар шоғырларынан тұрады және ол шексіз.

Галактикада диффузиялық және ғаламшарарлық шаң-тозаңды тұмандықтар бар.



II.Шоқжұлдыздар. шоқжұлдыздардың атаулары.

Жарық жұлдыздардың топтарын ерте заманда шоқжұлдыздар деп атаған. Оларды ертедегі аңыз кейіптеркерлерінің аттарымен атаған, мысалы: Кассиопея, Андромеда, Пегас, Торпақ, Айдаһар.



Шоқжұлдыз дегеніміз – жұлдыздардың тобы орналасқан аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі.

III.Жұлдыздардың атауы.

Айсыз түнде құралсыз көзбен 3000-ға жуық жұлдыздарды көруге болады. Көпшілік жарық жұлдыздардың атаулары арабша, мысалы, Альдебаран, Денеб, Ригель, Алголь. Көбінесе жұлдыздардың атауы шоқжұлдыздың атауы шоқжұлдыз атауымен байланысты болады.



IV.Жұлдыздардың жарқырауы. Көрінерлік және абсалют жұлдыздық шама. Жұлдыздардың жарқырауы әртүрлі болады. Көне заманда ең жарық жұлдыздарды бірінші жұлдыздық шама деп, ал ең көмескілерін алтыншы жұлдыздық шамаға теңеген. Бір жұлдыздық шамаға айырмашылық болса, жұлдыздардың жарықтылығы 2,5 есеге өзгеше болады. Бірінші және алтыншы жұлдыздық шаманың айырмашылығы 100 есе. Көрінерлік жұлдыздық шама m әрпімен белгілейді. Құралдардың көмегімен жұлдыздардың жұлдыздық жарқырауын өлшеу нәтижесінде көптеген жұлдыздардың жұлдыздық шамаларының мәні екені белгілі болды.

Абсалют жұлдыздық шама М – бұл жерден 32,6 жарық жылға тең қашықтықта орналасқан жұлдыздың көрінетін жұлдыздық шамасы.

V.Жұлдыздар картасы. Аспан сферасы. Экваторлық координаталар жүйесі.

Жердің географиялық картасын құрастыру үшін параллельдер мен меридиан енгізілген. Ғаламшардағы нысананың орнына сәйкес картадағы кез келген нүктені біз белгілі ендік және бойлықтың қиылысуынан табамыз.

Жұлдыздар картасын құрастыру үшін экваторлық координаталар енгізілген: δ еңістік және α тік шарықтау. Еңістік – еңдікке, ал тік шарықтау – бойлыққа ұқсас.

Аспан сферасы – көрінерлік барлық аспан денелері проекцияланатын ойша алынған кез келген радиусты сферасы.

106-суретте аспан сферасы бейнеленген, онда РР' дүние осі деп аталатын айналу осі де көрсетілген.

Солтүстік жартышар бақылаушысы үшін аспан сферасының Р дүние осімен қиылысатын нүктесін дүниенің солтүстік полюсі деп атайды, оның маңында Темірқазық жұлдызы орналасқан. Оңтүстік жартышар бақылаушысы үшін бұл нүкте Р' дүниенің оңтүстік полюсі деп аталады.

Экватор жазықтығы аспан сферасын солтүстік және оңтүстік жартышарға бөледі және айналу осіне перпендикуляр болады.

Экватор жазықтығының QγQ' аспан сферасымен қиылысу сызығын аспан экваторы деп атайды. Дүние полюстері және бақыланатын шырақ арқылы өтетін сфераның үлкен дөңгелегі еңістік дөңгелегі деп аталады.



Еңістік δ – аспан экваторының жазықттығынан еңістік дөңгелегі бойымен өлшенген жұлдыздардың бұрыштық қашықтығы.

Солтүстік жартышар жұлдыздарының еңістіг 00-тан 900-қа дейінгі мәндерде бола алады, ал оңтүстік жартышар жұлдыздарының еңістігі 00-ден 900-қа дейін.



Тік шарықтау – бұл көктемгі теңелу нүктесінен шырақ орналасқан еңістіктің дөңгелегіне дейінгі бұрыштық қашықтық.

Тік шарықтау аспан сферасының айналуына қарама-қарсы экватор сызығының бойымен анықталады.

Тік шарықтау уақыттың өлшем бірлігімен өлшенеді, ол 0сағ-тан 24сағ-қа дейін өзгереді, себебі аспан сферасының тәуліктік айналуы 24 сағатта орындалады.

Бақылаушы О нүктесінде деп есептеп, аспан сферасын жазықтыққа проекциялайық, онда М жұлдызы бейнеленген солтүстік жартышар картасын аламыз. (107-сурет)



Картадағы жұлдыздың орнын көрсету үшін экваторлық координата жүйесін пайдаланады. Экваторлық координата жүйесінің негізінде экватор жазықтығы және дүние осі жатады.

Презен-тация

Презен-тация








Соңы

Үй тапсырмасы:

§25 Жұлдызды аспан. Аспан сферасы

Шығармашылық тапсырма (167 бет)

Энцеклопедиядан 88 шоқжұлдыз тізімін жазып әкелу.








«Блум таксономиясы»

1

Білу

Жарық жылы дегеніміз не?





2

Түсіну

Шоқжұлдыз дегеніміз не?





3

Қолдану

Жұлдыздық шама қалай анықталады?




4

Талдау

Аспан сферасы дегеніміз не ?




5

Жинақтау

Еңістік дегеніміз не ?





6

Бағалау

Тік шарықтау дегеніміз не?




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет