Сабақ тақырыбы 2, 5, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері (1-сабақ) Оқу мақсаттары



Дата12.04.2020
өлшемі27,17 Kb.
#62295
түріСабақ
Байланысты:
2,5,10 бөлінгіштік
2,5,10 бөлінгіштік, 2,5,10 бөлінгіштік

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1В




Күні:26.09.2019ж




Сынып: 5Ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2, 5, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері (1-сабақ)

Оқу мақсаттары

5.1.2.5 натурал сандардың 2-ге, 3-ке, 5-ке, 9-ға, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін біледі.



Оқушылардың басым бөлігі:

2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін пайдаланып есептерді шеше алады.



Кейбір оқушылар:

Қосылғыштардың,көбейткіштердің жазылуы бойынша 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолданады;



Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

- натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін біледі;

-2-ге ,5-ке және 10 сандарына еселік сандарды анықтай алады;

- ауызша есептеу жүргізеді және есептеудің дұрыстығын тексереді;

- есеп шығаруда натурал сандардың бөлінгіштік белгілерін қолданады.


Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

-бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды.



Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- санның бөлгіші;

- санның еселігі;

- бөлінгіштік белгілері;



Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- егер сан ... цифрымен аяқталса, онда ол ... бөлінеді;

- егер натурал санның цифрларының қосындысы ... бөлінсе, онда сан ...бөлінеді;


Құндылықтарды дарыту

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру.



Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

bilimland.kz сайты

Бастапқы білім

Арифметикалық амалдардың компоненттерін білу: натурал сандарды бөлу және көбейту, жұп және тақ сандардың анықтамалары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

4 мин


Оқушылардың зейінін шоғырландыру Қалыптастырушы бағалаудың мадақтау,мақтау бағалау әдісімен бағалаймын.

Өткенді қайталау:

Оқушының өткен сабақты меңгергенін тексеру мақсатында «Сұрақтар топтамасы» әдісімен өткен сабақты сұраймын.Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру сұрақтары:

Бөлгіш дегеніміз не?

Қандай сандар еселік сандар деп аталады?

22 санының бөлгіштерін атаңыз?

5 санына еселік сандарды атаңыз.



Қалыптастырушы бағалау: мадақтау,мақтау

Үй жұмысын тексеру:

«Көршіңді тексер» әдісімен үй тапсырмасын тексеремін.

Қалыптастырушы бағалау: «Бірін-бірі» бағалау


Слайд,

стикер

6 мин


Сабақтың ортасы

20 мин

Жаңа сабақты түсіндіру

2 бөлінгіштік белгісі

Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 2-ге бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма?



2 бөлінгіштік белгісі:

Егер сан 0, 2, 4, 6, 8 цифрларымен аяқталса, онда ол сан 2-ге бөлінеді.



Мысалы: 208 саны 2-ге бөлінеді, себебі 8 цифрымен аяқталған.

Тапсырма: мына сандар қатарынан 2-ге бөлінетін сандарды теріп жазыңыз:

25, 28, 205, 10010, 16, 128, 203, 500, 902, 846.

5 бөлінгіштік белгісі

Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 5-ке бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма?



5 бөлінгіштік белгісі:

Егер сан 0 және 5 цифрларымен аяқталса, онда ол сан 5-ке бөлінеді.



Мысалы:100 саны 5-ке бөлінеді, өйткені 0 цифрымен аяқталған.

895 саны 5-ке бөлінеді, өйткені 5 цифрымен аяқталған.



Тапсырма:мына сандар қатарынан 5-ке бөлінетін сандарды теріп жазыңыз:

35, 18, 205, 1000, 16, 124, 205, 500, 802, 745.



10 бөлінгіштік белгісі

Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 10-ға бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма?



10 бөлінгіштік белгісі:

Егер сан 0 цифрымен аяқталса, онда ол сан 10-ға бөлінеді.



Мысалы:100 саны 10-ға бөлінеді, өйткені 0 цифрымен аяқталған.

455 саны 10-ға бөлінбейді, себебі 0 цифрымен аяқталмаған.



Тапсырма:мына сандар қатарынан 10-ға бөлінетін сандарды теріп жазыңыз:

150, 10, 205, 1000, 171, 22010, 164, 2030, 500, 802, 745.



Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»

bilimland.kz сайтынан тақырыпты толықтырамын.

Жұптық жұмыс:

«Серіктесті оқыту» әдісі арқылы басым бөлігі орындай алатын деңгейдегі жұптық жұмыс беріледі.

Оқушылар жұпта төмендегі есептерді шығарады. Одан кейін жауап парақтарын көрші жұппен ауыстырып жауаптарын салыстырады.

1. 5-ке еселі, бірақ 2-ге еселі емес ең үлкен төрт таңбалы санды жазыңыз.

2. 610* санында жұлдызша орнына цифрды қойыңыз

а) сан 5-ке бөлініп, бірақ 2-ге бөлінбейтіндей;

б) сан 5-ке де, 2-ге де бөлінбейтіндей.

Дескриптор:

1 .5-ке бөлінгіштік белгісін біледі.

2. 2-ке бөлінгіштік белгісін біледі.

3. 5– ке бөлінетін 2-ге бөлінбейтін сандарға қорытынды жасайды.

4.5-ке бөлінетін 2-ге бөлінбейтін төрт таңбалы сандардың ішінен ең үлкенін табады.

5. 5–ке де 2-ге бөлінбейтін сандарға қорытынды жасайды.

6.Есептің сұрағы бойынша дұрыс қорытынды жасайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ» бағалау

Жеке тапсырма:

Төмендегі шарт орындалатындай х-тің орнына екі таңбалы натурал санды қойыңыз:

a) 222+x қосындысы 2-ке бөлінеді;

b) 48−x айырмасы 5-ке бөлінеді.



Дескриптор: Білім алушы

- 2-ке бөлінгіштік белгілерін қолданады;

- 5-ке бөлінгіштік белгілерін қолданады;

- айнымалының сәйкес мәнін табады.



Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» бағалау

Саралау тапсырмалары:

1-тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңіз:

a) 872, 5042, 875, 980, 4301,6200 сандарының қайсысы 2, 5, 10 сандарына қалдықсыз

бөлінеді?



Дескриптор:

- 2-ге бөлінетін сандарды теріп жазады;

-5-ке бөлінетін сандарды теріп жазады;

-10-ға бөлінетін сандарды теріп жазады;

-бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қояды.

2-тапсырма

Көбейтінді 2-ке бөлінетіндей бос торкөздерге ең үлкен екі таңбалы санды жазыңыз: **17
Дескриптор: - 2-ге бөлінгіштік белгісін қолданады;

- екі таңбалы санды таңдайды



Қалыптастырушы бағалау:«Смайлик» әдісі бойынша бағаланады.

bilimland.kz сайты




Сабақтың соңы

5 мин

Сабақты оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау мақсатында «Ыстық орындық» әдісі әдісін пайдаланамын.

Сабақ соңында рефлексия жүргізіледі.

Үйге тапсырма -№2,№6

Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру.






Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жеке жұмыстарға арналған тапсырмаларды таңдауда саралау қолданылады.

Топтық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді.





Смайликпен бағалаймын;

«Бағдаршам» әдісі бойынша бағалаймын;

«Басбармақ» әдісімен бағалаймын.

Жұптар бір-бірін бағалайды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды.



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Дене жаттығуларын жасатамын


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет