Сабақ тақырыбы: 20 ғасырдың екінші жартысындағы Кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары



бет1/14
Дата30.12.2021
өлшемі258,6 Kb.
#106805
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ТАРИХ 6ТАП ҚОНАШ Г (1)
6. Магнит өрісі

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

6В01705-ШЕТ ТІЛІ ЕКІ ШЕТЕЛ ТІЛІ. 110-ТОП

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

ТАҚЫРЫБЫ:20 ғасырдың екінші жартысындағы Кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары.

ОРЫНДАҒАН:ҚОНАШ Г

ҚАБЫЛДАҒАН:БЕРЛИБАЕВ.Е

  1. Бейбіт құрылысқа бейімделудегі ауыртпалықтар.

Соғыстан кейінгі жылдағы қазақстандағы ауыр ахуалы жайлы толығырак токталгым келіп тұр.

Бейбіт құрылысқа бейімделу ауыртпалықтары. Әскери-өнеркәсіптік базаны жеделдету бағытын қолға алу. Қазақстан халық шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптары. Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл басқарудың өрши түсуі. Кеңестік биліктің колхоздарды ірілендіру, ауыл еңбеккерлерінің жеке белсенділігін шектеу шаралары.

Соғыстан кейінгі жаппай бейбіт құрылысқа көшу, тұрмыстың жақсаруына деген сенім төртінші бдесжылдық орындау барысында республика тұрғындарының еңбек өрлеуін туғызу.

Қазақстан өнеркәсібінің дамуы көлік жүйесінің кеңейе түсуіне ықпал етті. 1950 жылы ұзындығы 483 км Мойынты-Шу темір жол төсемін салу аяқталды. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Трансқазақстан магистралінің төсемін салу жұмыстары жүргізілді. Жамбыл- Шолақтар темір жолымен пойыздар жүре бастады.



Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск сияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады. Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік тұтқыннан оралған репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде егін алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметов тагайындалды. Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене катысты. Тек 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да ауыл шаруашылық машина, 140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді. Фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға жарты миллионнан астам ірі қара мал, жылқы, қой жеңілдетілген бағамен сатылды. Сондай-ақ тегін көмек көрсетілді. Қазақстан колхоздары неміс оккупациясынан азат етілген аудандарға көмек ретінде 17,5 мың ірі қара мал, 22 мындай жылқы және 350 мың қой жіберді.Кеңес өкімет өз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығын және мәдениетін дамытуға ерекше назар аударды. КСРО экономикасы біртіндеп бейбіт калыпқа түсе бастады. Бұрын әскери өнім шығарып келген өнеркәсіп орындары күнделікті тұтыну заттарын шығаруға қайта бейімделді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет