САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың мақсаты
|
7 санының құрамын қарапайым тәсілдер арқылы талдай отырып, түсінуге жағдай туғызу.
|
Міндеттері
|
1. 7 санының құрамын суреттер арқылы анықтау.
2. Сәйкес суреттерді пайдалана отырып өрнек құрғызу.
3. 7 санын өзінен кіші сандармен салыстыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
1. 1-ден 7-ге дейінгі сандарды тура және кері санай алады.
2. 7 санының құрамын суреттер арқылы анықтайды.
3. Берілген суреттерді пайдалана отырып теңдіктер құрайды.
4. 7 санын басқа сандармен салыстырады.
5. Тапсырманы өз беттерінше орындауды үйренеді.
6. Сынып оқушыларымен қарым-қатынастары өрбиді.
|
Сабақта қолданылатын материалдар
|
Үлестірмелі материалдар, А3 қағаздары, стикер, интербелсенді тақта, флипчарт қағаздары, түрлі-түсті маркерлер.
|
Дерек көздер
|
Математика 1-сынып, «Атамұра» баспасы, Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/59-3_04_3_7_sany_qosymsha_tapsyrmalar ресурсы
|
Оқытудың әдіс- тәсілдері
|
Жаңа әдістер, АКТ, СТО, Диалогтік оқу, жеке, топтық, жұптық жұмыстар
|
Сабақ
кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқыту үшін бағалау
|
Психологиялық ахуал туғызу
|
«Көңіл күйді анықтау».
Мұғалім оқушылардан көңіл-күйлерін сұрайды.
|
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым!
Арайлап атқан күнге!
|
Бармақ арқылы
|
Қызығушылықты ояту
|
1)Мұғалім оқушылардан бүгінгі күнге дейін қандай сандармен таныс екендіктерін сұрап, http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/59-3_04_3_7_sany_qosymsha_tapsyrmalar ресурсындығы №4,5 тапсырмаларды орындатады. (қағазға басылған нұсқасы таратылады).
2) Топқа бөлу
2 доп
3 гүл
4 алма
5 ұшақ
6 автокөлік
суреттері бойынша топқа бөлу (Өздеріне берілген санның құрамын анықтауды тапсырады).
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |