Сабақ тақырыбы Қайтымды және қайтымсыз процестер. Энтропия. Термодинамиканың екiншi заңы



Дата09.12.2019
өлшемі44,36 Kb.
#53246
түріСабақ
Байланысты:
Физика 10 сынып Қайтымды және қайтымсыз процестер. Энтропия. Термодинамиканың екiншi заңы Сабак жоспары
титулкаға, Бауыржан Момышұлы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2C Термодинамика негіздері



Мектеп: Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каримова Н.Б.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақ тақырыбы

Қайтымды және қайтымсыз процестер. Энтропия. Термодинамиканың екiншi заңы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.3.3 - идеал жылу қозғалтқышы үшін Карно циклін сипаттау;

10.3.3.4 жылу қозғалтқышының ПӘК-ң формуласын есептерді шығаруда қолдану;



Сабақ мақсаттары

Термодинамиканың екінші заңының физикалық мағынасын түсіндіру. Айналмалы үдерістер және оның ПӘК-і. Карно циклі туралы ұғым қалыптастыру және олардың физикалық табиғат-мағнасын ашып көрсету.

Бағалау критерийлері


- термодинамиканың екінші заңының біледі;

- термодинамиканың екінші заңдарының мағынасын түсінеді және практикалық есептер шығаруда қолдана біледі;

- жылу қозғалтқышының ПӘК-ң формуласын есептерді шығаруда қолдана алады.


Тілдік мақсаттар


Тілді оқыту мақсаты

Оқушылар орындай алады:



Пәндік лексика және терминология

Жылу қозғалтқышы, жылу электр станциясы, ішкі энергия,жылу,жұмыс



Қазақша

Орысша


Ағылшынша

термодинамика

термодинамика

Тhermodynamics

Ішкі энергия

Внутренняя энергия

Internal Energy


Термодинамикадағы жұмыс

Работа в термодинамики

Work of thermodynamics

Жылу мөлшері

Количество теплоты

The amount of heat

Салқындатқыш

Охладитель

Air Condition

Қыздырғыш

нагреватель

heater

Адиабаталық процесс

процесс адиабаты

adiabatics process

ПӘК

КПД

efficiency

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Энергия... нәтижесінде ауыстырылады



Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті үнемі есте сақтау; Жұппен жұмыс істеу барысында бір біріне құрмет көрсетуді ұмытпау; Сыныпта жұмыс жасағанда ынтымақтастық атмосферасын қадағалау; Оқушылар өз пікірін білдіргенде ашықтықты ескеріп барлық оқушы пікірлерін тыңдау; Еңбек және шығармашылық нәтижесінде мақсатқа жететінімізді еске салу; мектептегі тақырыпқа сай іздену қажеттігін, өмір бойы білім алу керектігін білу.

Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс. Өлшеулер барысында өлшем бірліктермен жұмыс жасауда, қателіктерді есептеуде математикалық амалдар қолданылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет желісі, интерактивті тақта, GLX және Pasco электронды құралдары, физикалық құралдар.

Бастапқы білім

8сынып: жылу мөлшері, меншікті жылусыйымдылық, газ жұмысы, пайдалы әсер коэффициенті.

10-сынып: температуралық шкалалар, газ заңдары, молекула- кинетикалық теория.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин


Ұйымдастыру:

Сәлемдесу. Сабақ барысымен таныстыру, сабақтағы бағалау жүйесімен таныстыру. C әрпіне басталатын тілек тілейміз.





10 мин

10 мин


5 мин

10 мин



Үй тапсырмасын тексеру және жалпы қысқаша қайталау, алдыңғы білімдерін бекіту.

Жаңа материалды түсіндіру- оқушылардың оқу процесіне активті қатысуы арқылы өткізіледі және төмендегідей реттілікте жүргізіледі.

Термодинамиканың 2-заңының маңыздылығын және ролін сипаттайтын мақсаттағы мысалдар келтіріледі де, оларға оқушылардан түсінік беру ұсынылады. Мысалы, Жылудың бір денеден екінші денеге берілу шарттарын талдау немесе тірі организмдердің дүниеге келуі және қартайып барып өлуі т.с.с.

Термодинамиканың екінші заңы табиғаттағы процестердің жүру бағытын көрсетеді.

Өзін қоршаған кеңістікте ешқандай қалдық өзгерістер болмайтындай түрде жүретін термодинамикалық процесті қайтымды процесс деп атайды. Қайтымды процесс кезінде термодинамикалық жүйе бастапқы күйіне қайта келеді.

Сыртқы ортада өзгерістер қалатындай түрде жүретін процесті қайтымсыз процесс деп атайды. Қайтымсыз процесс кезінде жүйе бұрынғы күйіне қайтып келмейді. Үйкеліс, кедергі күштерімен жүретін процестер қайтымсыз процесс болып табылады.

Жылу алмасу кезінде жүретін процесс қайтымсыз процесс болып табылады. Мұны термодинамиканың 2-ші заңы сипаттайды.

Оқытушылар жұмыс істеу және қыздыру кезінде энергияны берудің айырмашылығының бар екендігіне назар аударуы тиіс.

Осы ПӘК –ті шектейтін термодинамиканың 2-ші заңы енгізілетін контекст. Бірінші заңнан ерекше 2-ші заңның қайтымсыз процестерден тұратынын, табиғи жағдайларды сипаттайтыны көрсетіледі, мысалы, тығыздығы жоғары отын біртіңдеп төмен сұрыпты жылу түріне айналады. шашырайды. Ол реттіліктен ретсіздікке ауысуға байланысты болуы мүмкін.

Мұны термодинамиканың 2-ші заңы сипаттайды және оны төмендегідей түрлерде тұжырымдап беруге болады:

1.       Сыртқы ортада ешқандай өзгеріс болмаған жағдайда ешқашан салқын денеден ыстық денеге жылу берілмейді.

2.       Дененің ішкі энергиясының есебінен шексіз жұмыс атқару мүмкін емес.              


Яғни, бұл формуланың шын өмірде практикалық қолданысы мүмкін емес.

(3.       Кез-келген процестерде жүйенің энтропиясы кемімейді.



Энтропия термодинамикалық жүйенің күйін анықтайтын шаманың бірі болып табылады. Энтропия зат молекулаларының қозғалысының тәртіпсіздігінің мөлшері болып табылады.)

Қорытынды:


Термодинамиканың бірініші заңына сәйкес, сырттан энергия алмай жұмыс істейтін қозғалтқыш жасау мүмкін емес.
Термодинамиканың екінші заңына сәйкес, денеге берілген жылу мөлшерін толығымен жұмысқа айналдыру мүмкін емес.
Термодинамиканың бірінші заңы абсолют, яғни оны барлық жерде қолдана беруге болады, ал термодинамиканың екінші заңы абсолют емес және статистикалық сипатқа ие болады.

Жаңа материалды бекіту (формативті бағалау)

Топпен жұмыс. Деңгейлік есептерді шығару.

Өзін-өзі бағалау. Мұғалімнің алдын ала дайындаған жауап парақшасымен әрбір бала жұмысын тексереді.

Қосымша

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/molekulalyq-fizika/termodinamika/lesson/termodinamikanyng-ekinshi-zangy


термодинамиканың екінші заңы:

http://bilimland.kz/ru/content/lesson/10775-vtoroi_zakon_termodinamiki

Қосымша



Сабақтың соңы

2 мин


Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

«сабақтан алған әсерім»;

«сабақтың ұнамаған тұстары».

Үйге тапсырма: §5.12





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Барлық оқушылар:

термодинамиканың екінші заңының біледі және термодинамиканың екінші заңдарының мағынасын түсінеді және практикалық есептер шығаруда қолдана біледі.



Көпшілік оқушылар: жылу қозғалтқышының ПӘК-ң формуласын есептерді шығаруда қолдана алады.

Кейбір оқушылар: қүрделі есеп шығаруда керекті формулаларды түрлендіріп қолдана алады, сонымен қатар, сыныптастарына көмек көрсете алады.

ҚБ

Өз-өзін бағалау;




Физика кабинетіндегі ҚТ.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет