Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты



Дата26.06.2018
өлшемі27,17 Kb.
#44678
түріСабақ
Атырау қаласының Жамбыл атындағы №21 орта мектептің I санатты тарих пәнінің мұғалімі Исмуханова Нағима Сәлменқызы

9 сынып Қазақстан тарихы

Сабақ тақырыбы:

Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы.

Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға Мәскеу,Ленинград,Сталинград,Курск доғасы, Берлин шайқастарындағы қазақстандықтардың ерлігі туралы мағлұмат беру.

  2. Тәрбиелік мақсаты:Жауынгерлердің ерліктері туралы айта отырып, оқушыларды ержүректілікке, батырлыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың Ұлы Отан соғысы бойынша білімдерін еске түсіру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың әдісі: Өз ойларын айту, топпен, жеке жұмыс, хабарламалар

Көрнекілік: карталар, электронды оқулық, Ұлы Отан соғысы слайд, суреттер: 28 батыр- панфиловшылар ескерткіштерінің суреттері, Қазақстандық Кеңес Одағының Батырларының суреттері.

Сабақтың жүрісі :

I. Миға шабуыл

Соғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

Мұғалім электронды оқулықтағы глосарийден «соғыс» түсіндірмесін оқиды.Соғыс- мемлекет арасындағы ұйымдасқан қарулы күрес. Ол өзінің әлеуметтік-саяси табиғатына сай бұл мемлекеттердің саясатына қарулы күш арқылы зорлап таңу.

Оқушылардан соғыстың түрлері ( азамат соғысы, дүние жүзілік соғыс, Ұлы Отан соғысы) әр соғыстың ерекшелігі айтылады, хронологиясы сұралады. (I дүние жүзілік соғыс 28.06,1914- 11.11 1918 жж; II дүние жүзілі соғыс 01.09.1939-02.09.1945 жж; Ұлы Отан соғысы 22.06.1941-09.05.1945 жж)

Ұлы Отан соғысы қай елдердің арасында болды? (Картадан КСРО мен Германияны көрсету.)

Соғыс немен аяқталды?

Германия фашистік ел болды. Глосарийден «фашизм» сөзінің түсіндірмесін оқу. Фашизм- барынша керітартпа, барынша шовинистік, қаржы капиталы элементтерінің ашық зорлық-зомбылық үстемдігі.

II. Мағынаны меңгеру

1) Ұлы Отан соғысы туралы видео- электронды оқулықтан көрсету.

Мұғалім: Ұлы Отан соғысында қандай шайқастар болды? (Брест, Мәскеу, Ленинград т.б.)

2). Жаңа сабақтың жоспары:

1.Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград үшін ұрыстарда.

2. Қазақстандықтар Сталинград үшін шайқаста. Соғыс бағыты-Батыс.

Жоспардың сұрақтары бойынша 2 топқа тапсырма беріледі. 1-ші топ Мәскеу, Ленинград шайқастарын талқылап ,түсіндіреді. Слайд суреттерін пайдаланады. Мәскеу шайқасы 3.09.1941ж-20.04.1942 ж . Иван Панфилов, Бауыржан Момышұлы, 28 батыр- панфиловшылар ескерткіштері , Мәлік Ғабдуллин,Төлеген Тоқтаров,Бақытораз Бейсекбаев суреттерін көрсетеді.

Ленинград шайқасы 10.07.1941 ж-09.08.1944 ж Ленинград қорғанысы. Қазақстандық 9 дивизия және бригада, 4 полк шайқасқа түсті. 1944 жылы Ленинград облысы фашисттерден толық азат етілді. Сұлтан Баймағанбетов суреті көрсетіледі.

3.)Мұғалім тың дерек келтіреді.Таня Савичева 1944ж шілдеде қайтыс болған. Оның күнделігімен таныстырады.(Нюренберг процессінің айғағы)

4) Поэзия минуты.Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім» өлеңін 1 оқушы жатқа, мәнерлеп оқиды.

5)Сталинград шайқасы, соғыс бағыты Батыс. жоспар сұрағын 2-ші топ талқылайды.

Сталинград шайқасы 17.07.1942 ж-02.02.1943 ж 1942 жылы 10 қыркүйегінде Гурьев аспанында жаудың алғашқы ұшағы пайда болды. Сталинград шайқасы 200 күнге созылды. Ғани Сафиуллин, Нүркен Әбдіров , Павлов үйі суреті көрсетіледі.

Курск шайқасы 05.07.1943 ж-23.08.1943 ж

6)1 оқушы Жәнібек Елеусізов туралы деректермен таныстырады. Қасым Қайсенов суреті көрсетіледі. Берлин шайқасы 16.04.1945 ж-08.05.1945 ж 142 қазақстандық үшінші дәрежелі даңқ орденнің иегері болды. 96 638 адам ордендермен , медальдармен марапатталды. 1944 жылы КСРО аймағы неміс әскерінен толық азат етілді.

Сағадат Нұрмағанбетов , Рақымжан Қошқарбаев суреттері , Кеңес Одағының Батыры атағын 3 рет алған Иван Кожедуб, Кеңес Одағының Батыры атағын 2 рет алған Талғат Бигелдинов, Леонид Беда , Иван Павлов, Сергей Луганский , Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова суреттері көрсетіледі.

1945 жылы 9 мамыр Ұлы Отан соғысы аяқталды. 1945 жыл 9 тамыз Жапонияға қарсы соғыс басталды. 1945 жылы 2қыркүйек Жапония толық тізе бүккендігі туралы келісімге қол қойылды. II дүние жүзілік соғысқа 1 196 164 қазақстандық қатысып, 410 мыңы мерт болды.

III.Рефлексия,бағалау

7) Электронды оқулық. Анимация №1, анимация №2

8) Электронды оқулық. Оқушылар тест тапсырмаларын орындайды. Тест қорытындысын электронды оқулық өзі көрсетіп отырады. Дұрыс жауап берілсе көк түс, қате жауап берілсе қызыл түс көрсетіледі.

9) Мұғалім Атыраулықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы мәлімет беріп, оқушылардан Атыраулық Кеңес Одағының батырлары туралы хабарламалар сұралады.

Хабарламалар:1 оқушы. Боран Нысанбаев туралы

2 оқушы. Александр Афанасьев туралы

3 оқушы.Мұса Баймұханов туралы

4 оқушы.Мұқат Мусаев туралы

5 оқушы.Иван Махорин туралы

6 оқушы.Иван Березин туралы

7 оқушы.Филипп Мазуров туралы

8 оқушы.Қайырғали Смағұлов туралы

9 оқушы.Георгий Канцев туралы

10 оқушы. Хиуаз Доспанова туралы.

Хабарламалар ауызша айтылғанда, слайдтағы осы қайраткерлердің суреттері көрсетіліп отырылады.

IV. Үйге 25-26 тапсырма

Мекен-жайым: Атырау қаласы. Муканова көшесі үй 10 пәтер3



Индекс 060005 телефон 87011340067
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет