Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»



бет1/3
Дата02.07.2018
өлшемі135,64 Kb.
#45874
түріСабақ
  1   2   3
Пән: Қазақ әдебиеті

Пән мұғалімі: Ғазиз Еңлік Ғазизқызы

Сынып: 6 «Ә» сынып

Айы, күні: _________

Сабақ жоспары


  1. Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повестіндегі Қожа бейнесі

  2. Сабақ мақсаты:

а) Білімділік: Б.Соқпақбаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Жазушының

«Менің атым - Қожа» повестіндегі өзіндік қолтаңбасы мен Қожа бейнесін берудегі шеберлігін анықтау.



ә) Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, өзіндік ойын, сөз саптау ерекшеліктерін

дамыту.



б) Тәрбиелік: Тазалыққа, адалдыққа, әділдікке, балалықтың бал дәуренін түсіне білуге, адами тұлғалық ерекшелікті қастерлеуге тәрбиелеу.

  1. Сабақ түрі: Жаңа сабақ

  2. Сабақ типі: Топтық жұмыс

  3. Сабақ әдісі: Баяндау, салыстыру, талқылау, ой қозғау, топтастыру стратегиясы

  4. Сабақ көрнекілігі: Интербелсенді тақта (суретті топтама, арнайы дайынд. мәтіндер),

7. Пәнаралық байланыс: Тарих, тіл

8. Оқыту технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау

Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу; б) Оқу құралдарын реттеу;

ә) Оқушыларды түгендеу; в) Кезекшілікті анықтау.
II. Үй тапсырмасын тексеру: Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар» әңгімесі

  1. Әбдіжәміл Нұрпейісов деген кім?

  2. Ә.Нұрпейісов қай өңірде дүниеге келді? (Қазіргі Қызылорда облысы, Арал теңізінің жағасында)

  3. «Балықшылар» деген әңгімесі жазушының қай туындысынан алынған үзінді

  4. Арал балықшыларының тұрмысы үзіндіде қалай берілген?

  5. Федоров пен Еламанның арасындағы қақтығыс неден туды деп ойлайсыңдар?

  6. Әңгімеде өмір мен өлім арасындағы жанталас қай кейіпкерлер арқылы ашық суреттеледі?

  7. Еламанның Федоровтың өлтіру себебі неде деп ойлайсыңдар? Еламанға мінездеме бер.

  8. Арал теңізінің қазіргі экологиялық жағдайы туралы не білесіңдер?


(Қоржыннан әр топ асық алып, сол асықтың номеріне сай берілген сұрақтарға жауап беруі керек)

(Өткен сабақтан алған білімін сараптау) __________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________
III. Жаңа сабақ:
Мұғалім: Маған бақыт ‒ сабақ өткізу сендерге,

Көріп тұрмын қуаныш бар жүздерде.

Балалықтың бал дәурені шат күліп,

Бәрімізге болсын серік сәттілік!

‒ Бүгін балалар, біз қазақ балалар жазушыларының бірі ‒ Бердікбек Соқпақбаев ағамыздың өмірі және шығармашылығымен танысамыз. Интерактивті тақтада жазушының портреті көрсетіледі.


Б.Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қостөбе ауылында дүниеге келген. 8 жасқа келгенде анасынан айырылады. «Колхоздастырудың алғашқы жылдары ең бір қиын кез болған. Содан соңғы басымнан кешкенімді ойлай бастасам, осы күннің өзінде жүрегім қақ айырыла жаздайды. Япыр-ау, қалай тірі қалдым, осы өмірге қалай жеттім? Нағыз итжандының өзі екен-ау»,-дейді өз естелігінде (Өз естелігінен).


Қызметі:

Шығармалары:

Жетістіктері:

1. Ауыл мектебінде бала оқытқан

2. Алғашқы қаламгерлік жолын өлең жазудан бастаған жазушы «Пионер» (қазіргі «Ақжелкен») журналында қызмет етті

3.«Қазақ әдебиеті» газетінде жұмыс істейді

4. «Балдырған» журналында қызмет етті

5. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болады.


1. 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған

2. Жиырмадан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынады

3. «Менің атым ‒ Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Он алты жасар чемпион», «Қайдасың», «Гауһар», «Аяжан», «Дала жұлдыздары», «Жексен ‒ жекеменшік» сурет кітапшасы жарық көреді


1967 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Францияда өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым ‒ Қожа» арнаулы жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Құрмет грамотасымен марапатталды.

‒ Балалар, жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын «Менің атым» деген мәселеге назар аударайықшы, жалпы «Ат қою дәстүрі» дегенді немесе өздеріңе берілген есімдер туралы не айтар едіңдер? (Бірнеше оқушы өзінің есімінің туу тарихымен таныстырады). (Бір оқушы «Ат қою дәстүрі» туралы мағлұмат береді)



‒ Иә, балалар, осылайша ат қою дәстүрі сақталған ба? Ал Қожаның кезінде ырымшыл қазақ халқының шәлдехана тойында ат қою дәстүрі сақталыпты. «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген»,-дейді кейіпкер. Бұл кім балалар? (Ол ‒ Қожаберген).

Қосымша ақпарат: Балалар, алғашқыда автор Б.Соқпақбаев «Менің атым ‒ Қожа» повестін «Өзім туралы повесть» деп атаған екен. Себебі, повестегі барлық оқиға желісі Бердікбек Соқпақбаевтың өз өмірімен тікелей байланысты екен.
«Повесть» деген не? Баяндау түрінде қарасөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрін повесть (хикаят) деп атайды. Ол көлемі жағынан әңгімеден ұзақ, романнан қысқа болып келеді. Повесте оқиғалар жинақы, сюжеттік желісі бір арнада ғана өрістейді, кейіпкерлер саны да аса көп болмайды.

Қызығушылықты ояту

Ой қозғау стратегиясы:

Мұғалім оқушыларды өзара топқа бөледі: «Сыр сандықтан» топ басшылары өздеріне берілген тақырыптарды алады.

«Сыр сандықтан» мұғалім алғашқы сауалды алып шығады: «Қожа» деген кім?
Сабақ мақсатын оқушылар өздері анықтайды


  1. «Қожаның ісі дұрыс па?»

  2. «Қожаның ісі дұрыс емес» 4 топқа ортақ қойылатын сұрақ


«Менің атым – Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі.
Қожа повестінің басты кейіпкері.

  1. Қожа ‒ алғыр, ақылды, әділетті, мейірімді бала

  2. Қожа ‒ өтірікші, қызба, сотқар, тентек, мақтаншақ бала

Пікірталас ( 4 топ өз тұжырымдарын дәлелдейді)

Қорытынды:

І топ – Жақсы бала жеткізеді мұратқа

ІІ топ – Тентек бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді

Мұғалім сұрақтары:

Төрт топқа өзі дайындаған сұрақтарын қояды:



  1. Қожаның оқулық сатып алуда кезекші мұғалім Сәбира Майқановаға өтірік айтуы дұрыс па? Сендер не істер едіңдер?

  2. Майқановамен ерегесуі, жолдама жөніндегі тілегін орындамағаны үшін кінәлауына қалай қарайсың? Оқушы міндеті туралы ойың.

  3. Сұлтанға еріп, «бұзық бала» атануына көзқарасың. Бұндай балалар бүгінде араларыңда кездесе ме? Егер Қожаның орында сен болсаң, қандай әрекет етер едің?

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
Тапсырма:

Қаулы: (Әр топ оқушылары өздері қабылдаған шешімдерімен таныстырады).

1.

2.



3.

4.

СЕРГІТУ СӘТІ:



«Иесіне қайтар» ойыны (Әр топтан бір оқушы шығып, берілген тапсырманы сәйкестіреді)







Лагерьге жолдама



Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет