Сабақ Тақырыбы: «Дауыссыз к мен г» Қайда өткізілді: «Бастауыш сынып апталығында»



Дата18.02.2017
өлшемі86,1 Kb.
#10086
түріСабақ
Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Дауыссыз

к мен г»


Қайда өткізілді: «Бастауыш сынып апталығында»

Өткізген: Қ.Б.Досымханова

Сынып: 2

2016-2017 оқу жылы



Пәннің аты

Күні:14.10.16ж.



Қазақ тілі

Ашық сабақ



Оқушы

Мұғалім

Сабақтың атауы

Дауыссыз к мен г

Мақсаты

Мақсаты:
а) Оқушыларға К мен Г дыбыстарының қалай айтылатыны, қай буындарда жазылатыны, К әрпінен кейін дауысты дыбыс келсе өзгеретіні туралы мысал келтіру арқылы қорытынды жасату.
ә) Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту, деңгейлік тапсырмалар орындау.
б) Әдемі, таза жазуға баулу, ұқыптылыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру

Әдістер:СТО, АКТ, ыстық орындық, диалог,



Көрнекілігі: АКТ,сызбалар, суреттер, карточкалар, анаграмма т.б.
Түрі: аралас
Пәнаралық байланысы: дүниетану, ана тілі


Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Өзімізге: Сәттілік, қуаныш!
Қонағымызға: Жақсы көңіл - күй!
Елімізге: Ашық аспан, молшылық тілейміз!


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді еске түсіру, пысықтау
1.Дыбыстар нешеге бөлінеді.

а) 2 ә) 3 б) 4

2. Жуан дауысты дыбыстардың әріптерін тап

а) а, ү, о, ұ ә) ы, ұ, ә, у б) а, о, ы, ұ

3. Жіңішке дауысты дыбыстардың әріптерін тап

а) а. е, о, ү ә) ә, ө, е, і, ү б) о, ә, а, е, ү

4. Жуан айтылған сөзді тап?

а) әже ә) ата б) әке

5. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап

а) ө-зен ә) өз-ен б) өзе-н

Жуан дауысты дыбыстарды ата : а, о, ы, ұ

Жіңішке дауысты дыбыстарды ата :ә, ө, ү, і, е

 -Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Қатаң дауыссыздарды ата: қ, п, т, ш ,щ, ц, ч, ф, с, х, һ.

Ұяң дауыссыздарды ата : б, в, г, ғ, д, з, ж

Үнді дауыссыздарды ата : м, н, ң, р,л,й,у

Өткен сабақта қандай тақыппен таныстық?

Ендеше, Қ қандай дыбыс?


Ғ қандай дыбыс?
Қ, Ғ дыбысының айтылуы туралы не білеміз? Е Р Е Ж Е:
Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, Қ дыбысы Ғ-ға айналады. Ғ әрпі сөз соңында жазылмайды. Мысалы: Орақ – орағы, жапырақ – жапырағы. құлақ-құлағы. 

Мағынаны тану

Жаңа сабақ. 
Дәптерге бүгінгі күн ретін жазу. 
Көркем жазу.
Кк Гг
Оқулықпен жұмыс жасау

Қосымша тапсырмалар
1-тапсырма

Сөздерді оқу, мағынасын түсіндіру. 

108-жаттығу

Үкі, түлкі, кеме, жүрек, ,көрік.

Шеңгел, үзеңгі, сүргі, гүлзар, гауһар.

К – дыбысы қай буындарда кездесіп тұр?


Г – дыбысы ше?
К, Г - қандай дыбыстар?

2-тапсырма

Санамақты оқу.
Бас бармақ, 
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек, 
Кішкене бөбек.                                                                                                                                                   К мен аяқталған сөздерге і дыбысын қосып жазу.
              

Үйрек + і – үйрегі


терек + і – терегі
шүмек + і – шүмегі
бөбек + і- бөбегі
Қорытынды шығару

Ендеше бүгінгі өтетін тақырыптың аты қалай деп ойлайсыңдар?
Оқулықпен жұмыс

Ережені бір оқушы дауыстап оқу, түсіндіру. 
Г әрпі сөз соңына жазылмайды. Сөз соңындағы К дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, Кдыбысы Г-ге айналады. Мысалы: түлік – түлігі, жүзік – жүзігі, керік - керігі

Сергіту сәті

Оңға түзу тұр, 

Солға түзу тұр. 

Алға бір адым 

Артқа бір адым. 


Оңға бұрылып,

Солға үңіліп 

Жоғары, төмен қарайық, 

Орнымызды табайық. 






Ой толғаныс


«Бір ауыз сөз»әдісі бойынша

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады.

110-жаттығу Сөздерді і дыбысын қосып өзгертіп жазу.

Топпен жұмыс жасау: Сөздерге дыбыстық талдау жасау


1-топ 2 – топ 3- топ

Өрігі Белдігі Күрегі

Әр топтан бір баладан жұмыстарын оқу.
111-жаттығу Берілген сөздерден ауызша сөйлем құрау
АНАГРАММА “К” әрпіне

1. Ыдыс аяқ - кесе

2. Тағам түрі - кеспе

3. Киюге арналған зат -куртка

5. Су көлігі -кеме

Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала жазып қойған дұрыс): ұнады, қажет, пайдалы, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б.


Үйге тапсырма

112-ж

Ереже жаттау.



Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бірін-бірі бағалау

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Я әрпінің жазылуы»

Қайда өткізілді: «Тілдер апталығында»

Өткізген: Қ.Б.Досымханова

Сынып: 2

2016-2017 оқу жы



Пәннің аты

Күні:28.09.16ж.



Қазақ тілі

Оқушы

Мұғалім

Сабақтың атауы

Я әрпінің жазылуы

Мақсаты

1Я әрпінің естілуі мен жазылуын еске түсіріп қайталау, сөзге дыбыстық талдау жасату.

2. Оқушының сөздік қорын толықтыру, сауаттылығын нығайту, каллиграфиясын жақсарту.


3. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

4.Сабақ түрі, типі: қайталау, бекіту

5.Әдіс-тәсілдер: СТО, ыстық орындық,ой қозғау, бір ауыз сөз, жаттығу

6.Көрнекіліктер: оқулық.



Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! 


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Өткен сабақтағы ең жақсы жазған шығарманы оқу және бағаларын естірту.

1-2 оқушыға өткен тақырып И,й дыбыстарының ережелерін «Ыстық орындық ситуатциясы» арқылы еске түсіру.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Тақтаға жазылған сөздерді топтау, осы топқа жатпайтын сөзді табу, тапқан сөзде неше дыбыс неше әріп бар екенін анықтату.

Қаз, аққу,қоян, қарлығаш бүркіт

Қоян-сөзіне неше дыбыс, неше әріп бар екенін анықтап, себебін түсіндіру.

Қорытынды жасату.

-Ендеше біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыздың аты қандай екен деп ойлайсыңдар?



Ережені оқып, я дыбысы бар сөздерге мысал келтірту.

-Дәптерге күн мен «Я әрпінің жазылуы » тақырыбын жазу.



Ой қозғау: Жұмбақты шешу

Тал басында түндіксіз отау. (Ұя)-сөзіне дыбыстық талдау жасау.



Сергіту сәті

«Ұйқасын тап» ойыны.
1. Өзінше ноян, Қорқақ кім? ... (қоян)
2. Алмастан тыным, Шабады ... (құлын)
3. Бата алмас түлкі Үсті тікен ... (кірпі)
4. Айбат шегер алыстан, Аң патшасы ... (арыстан)




Ой толғаныс
«Бір ауыз сөз»әдісі бойынша

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады.




63-жаттығу

Ребусты шешіп, екі сөйлем құрастыру


Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала жазып қойған дұрыс): ұнады, қажет, пайдалы, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б.


Үйге тапсырма

64-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу



Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау.

Кері байланыс

Смайликтер

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет