Практикалық сабақ тақырыбы: Дыбыстар түрлері және дыбыстар тіркесі.
Дыбыс туралы ұғым.
Дыбыс дегеніміз-құлақпен естілетін үн.
Қазақ тіліндегі дыбыстар дауысты және дауыссыз дыбыстар болып, екі үлкен топқа бөлінеді.
Дауысты дыбыстар-ауаның кедергісіз шығуы арқылы жасалып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейді. Қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е.
Бұл дыбыстардың ішіндегі бесеуі: ә, ө, ұ, ү, і дыбыстары қазақ тілінің ерекшелігіне жатады. Бұдан басқа екі қосынды дауысты (дифтонг) бар: и, у.
Орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын бір дауысты дыбыс бар, ол - э. Кейде бұлардың бәрін қосып, қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар деп те айтылады.
1. Дауысты дыбыстар тілдің қызметіне қарай жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді.
Жуан дауысты дыбыстар тілдің ортасы көтеріліп, артқа жылжуы арқылы жасалады. Олар: а, о, ұ, ы.
Жіңішке дауысты дыбыстар тілдің ұшының ілгері жылжып, алға созылуы арқылы жасалады. Олар: ә, ө, ү, і, э, и.
2. Дауысты дыбыстар жақтың ашылуына қарай ашық және қысаң болып бөлінеді.
Ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о, ө, е, э.
Қысаң дауыстылар жақтың сәл ашылуы арқылы жасалады. Олар: ұ, ү, у, ы, і, и.
3. Дауысты дыбыстар еріннің қызметіне қарай еріндік және езулік болып бөлінеді.
Еріндік дауыстылар еріннің дөңгеленіп ілгері созылуы арқылы жасалады. Олар: о, ө, ұ, ү,у.
Езулік дауыстылар езудің кері тартылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, е, э, ы, і.
Дауыссыз дыбыстар – сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жуысыуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болтын және буын құрай алмайтын тіл дыбыстары. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бірінің тікелей қатысуы арқылы жасалатындықтан олардың жасалу орнын (артикуляциялық белгісін) оңай табуға болады. Қазақ тілінің төл б, ғ,г, д,ж, з,к, қ, л,м, н, ң, п, р, с, т, у (тау), ш, сонымен қатар араб-парсы, орыс тілдерінен енген в, ф, х, ц, ч, щ, ћ дауыссыз дыбыстары бар.
Акустикалық белгілеріне қарай:
Достарыңызбен бөлісу: |