Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықты ояту кезеңі
«Дауыстап ойлау» әдісі
Жұптаса отырып берілген ақпаратты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір- біріне түсіндіреді.
Ғабиден Мұстафин 1902 жылы Қарағанды облысының Тельман ауданында осы күнгі Теміртау қаласына жақын Жауыр тау – Нұра өзенінің бойындағы Сартөбе деген жерде туған. Спасск қаласындағы орысша-қазақша мектепті 1918 жылы аяқтайды.
Көптеген очерк, фельетондар, әңгімелер жазады.
1927 жылы – алғашқы әңгімесі - «Сәрсен мен Мұқаш» жарық көреді.
1929 жыл – «Ер Шойын» және басқа әңгімелер» деген тұңғыш әңгімелер жинағы шығады.
1930 жылы – Қарағандыға келіп, қара жұмысшы болып жұмыс істейді.
1933 жылы- «Қарағанды пролетариаты» газетінде 1 жыл еңбек етеді.
1934-38 жылдар – Новосибирьде қазақ тілінде «Қызыл ту» газетінде жұмыс істейді.
1938 жыл – Алматыға келеді
1940 жыл- «Өмір мен өлім» романы шығады. ( Қарағанды кеншілері өмірі туралы)
1945 жыл –«Шығанақ» (Шығанақ Берсиев туралы) романы шығады.
1948 жыл – «Миллионер» романы жарық көреді ( колхоз құрылысындағы өзгерістер туралы).
1952 жылы - «Қарағанды» романы жеке кітап болып шығады.
1960 жылы – «Дауылдан кейін» романы дүниеге келеді.
Соңғы туындысы - өмірбаяндық романы – «Көз көргендер».
Тапсырма:хрестоматия -168-172 беттерден Ғабиден Мұстафиннің шығармаларының атауларын жазып алу.
Тапсырма: «Дауылдан кейін» романы туралы жазылған мәліметтермен танысу, басты кейіпкерлерінің аттарын жазып алу, Роман не туралы?- сұраққа жауап беру - өздік жұмыс.
«Қарағанды» романы – 1952 жылы жарық көрген. Қазақстанда совет өкіметі тұсында өркендеп дамыған өндірісті, онда жұмысшы табының туып, қалыптасуын көрсетуге арналған. Автордың өзінің балалық , жастық шағы сол ортада, Қарағаншы жұмысшыларының ішінде өтті. Не білімі, не өндірістік мамандығы жоқ жас жұмысшы Ғабиден өз әріптестерімен бірге үлкен өмір көрді. Онда ол жер қазды, темірдің тотын қырды, токарь , машинист болып істеді. Ағылшындардан қирап, тозып қалған, жабылған Қарағандыны жақсы білді. Оның совет өкіметі тұсында қайта ашылуының куәсі болды. Ескі жұмысшылардың қайта тууы мен жаңа қосылған ұрпақтың жұмысшылыққа тәрбиеленуін өз көзімен көрді. Сөйтіп оны жазушының көзімен қайта қарап, үлкен романға арқау етті.
Қарағанды өндірісін игеру ісіне қатысқан орыс, украин жұмысшыларының достық көмегі, индустрияландыру саясатын жүзеге асырып, республиканың жаңа бейнесін жасаудағы партияның басшылық ролі романның негізгі тақырыптарының бірі.
(Мейрам – партия басшысы, Шербаков – шахтер, трест бастығы, Ермек, Жанәбіл, Жұманияз, Ардақ, оның әкесі -Әлібек- қазақ жұмысшылары)
Роман оқиғасы 20 –ншы жылдар ішіндегі қазақ жеріндегі таптық тартыстар негізінде өрістейді. Осы тартыс негізінде жазушы ескішіл күштердің мезгілі өтіп күйреуін, жаңа, жас күштердің жеңісін бейнелейді.
|