Тәжірибе жасардың алдында ҚЕ еске түсіріп,қайталаймыз..
Химиялық құбылыстардың жүретінің дәлелдейтін тәжірибелерді оқушылар топтарға бөлініп жасайды:
- ас содасының уксуспен;
- мыс купоросының ерітіндісіне темір шегені салу;
- этил спиртінің жануы;
- мыс купоросы ерітіндісі мен ас содасының ертіндісінің әрекеттесуі.
Кестеге бақылағандары мен нәтижесін жазады.
- Сендер жасаған тәжірибелер қандай құбылысқа жатады? Неге сендер олай ойлайсындар?
- Сендер қандай белгілеріне байланысты олардын химиялық құбылыстарға жататының түсіндіндер?
- Химиялық деп қандай құбылыстарды айтамыз,қорытынды жасандар.
Мұғалім сыныппен бірге кластер жасайды: құбылыс→ физикалық және химиялық →мысалдар.
Осы тақырып бойынша оқушылардың түсінгенін «Петля» ойыны арқылы тексереді.
Бұл ойында әрбір оқушыда сұрағы бар,ал екінші жағында басқа сұрақтың жауабы бар карточка болады. Біреу сұрағын оқиды, ал дұрыс жауабы бар оқушы жауабын оқиды, сосын сұрайды, өз сұрағын оқиды және осылай кете береді, цикл аяқталғанға дейін.
|