Сабақ Тақырыбы: «Халықтар достығы»



Дата01.04.2017
өлшемі49,42 Kb.
#13285
түріСабақ
Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Халықтар достығы»

\дүниетану бойынша\


Дайындаған:бастауыш сынып мұғалімі

Абишева Салтанат

Түркістан қаласы

Сабақтың тақырыбы: Халықтар достығы.

Мақсаты:

А)Қазақстан Республикасындағы халықтар достастығы мен принциптерін білу. Көпұлтты ел екендігін жете білу және ұғыну.


Ә) Қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары туралы мәліметтерді іздену жұмыстары арқылы өзгелермен ой бөлісу.
Танымдық тапсырмалары арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Б)Барлық ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынас пен келісімде өмір сүре білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, тапсырмалар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, оқулық,
интерактивті тақта, тест тапсырмалары, скрепки, ақ қағаз,
Сабақ әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, кластер, іздену,бес жол өлең,
топпен жұмыс, морфология анализ, эмпотия әдісі

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.


А)-Қазір кімнің көңіл-күйі өте тамаша, қол көтерсін!
Кімнің досы осы сыныпта отыр, қолын шапалақтасын!
-Кім өз-өзіне сенімді, қол көтерсін!
-Бүгін біздер сабақта не істейтінімізді білетін бала қолын шапалақтасын!
-Қазір не істейтінімізді білмейтін бала қол көтерсін!
Б)Қазір қандай мезгіл? (көктем мезгілі) Оның ерекшелігі неде? (күн жылына бастап, құстар ұшып келеді)
Біздер де құстар тезірек ұшып келуіне көмектесейік.

Сергіту сәті. Мейірімді торғай, қараторғай,


Тезірек бізге келе ғой ұшып,
Сендер үшін жатырмыз үйшік салып,
Кішкентай емес ол үп-үлкен сарай.
Осы көктем мезгілінің және бір ерекшелігін атаңдаршы.
(мерекелер көп, наурыз мерекесін қарсы аламыз, көктемгі демалысқа шығамыз)
В) үй жұмысына шолу жасау.
Қазақ халқының дәстүрі мен бір ұлттық тағамы туралы аналарымыздан сұхбат алу.
(бірнеше оқушыны тыңдау)
Бауырсақ
Бауырсақ халықтың тым ерте келе жатқан кәделі ұлттық тағамы. Бидай ұнынан ашытып барып ұзынша немесе домалақ үлгіде дайындап алып, майға пісіреді.

Құймақ
Құймақ-ұнға жұмыртқа, қант, май, сүт қосып, су араластырып сұйық күйінде қазан сияқты ыдысқа майға пісіреді.

Наурыз көже
Наурыз көжеге жеті түрлі дәм салынып пісіріледі.
Тұз, май, ет, бидай, тары, сүт, қамыр сияқты жеті дәмнен құралуы тиіс. Наурыз көжеге арнап, соғымның жамбасы мен жая, қазы-қарта сақталады. Оған құрт езіліп, уыз да құяды.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері


1.Отау көтеру дәстүрі
2.Тәрбие дәстүрлері:
Ат қою (ғұрып)
Бесікке салу (салт)
Тұсау кесу (салт)
3.Отбасы, тұрмыс дәстүрлері:
Бата (дәстүр)
Көрімдік (салт)
Шашу(ғұрып)
4.Еңбек дәстүрлері:
Асар (салт)
Көген той(дәстүр)
Сабан той (дәстүр)
5.Наурыз дәстүрлері:
Наурыз көже
Наурыз бата
Наурыз тілек

В) Наурыз тілектері:


1.Төрт түлік ақты болсын!
Өрісің малға, үйің жанға толсын!
Көк тәңірі нұрыңды аяма,
Жер тәңірі ырысыңды аяма,
Әділ жанды тағынан тайдырма,
Әз халықты бағынан айырма!
Басыма бас қос,
Жасыма жас қос,
Асыма ас қос!

2.Ала биең құлындап,


Алатауға сыймасын!
Қара биең құлындап,
Қаратауға сыймасын!
Үйіңнің алды той болсын,
Қораң толы қой болсын.
Қазаныңда қайнаған
Кілкілдеген май болсын.
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан.
Мал менен басың тең өсіп,
Кетпесін дәулет қолыңнан!

Наурыз баталар.


1.Өркенің өссін!
Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!
Ұлың-оңға, қызың-қырға қонсын!
Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол!
Айың тусын оңыңнан,
Жұлдызың тусын солыңнан,
Бақ берсін, Қыдыр дарысын!
2.Уа, құдайым оңдасын,
Жаманшылық болмасын.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қыдыр баба қолдасын,
Аман сақтап мал басын,
Еккен егін солмасын.
Барлық тілектерің мен баталарың қабыл болсын!

Г)Сонымен біз ҚР-сында тұрамыз. Ұлтымыз қазақ. Біздің елімізде осы қазақ ұлтынан басқа тағы қандай ұлт өкілдері тұрадынын білесіңдер ме?

қазақ қырғыз
азербайжан

татар


орыс

тәжік


өзбек

украин
дүнген


корей
ұйғыр

башқұрт


грузин

армян


Ғ)Ал біз сол ҚР-ның кішкентай қаласы Рудныйда тұрамыз. Жалпы Рудный қаласының тұрғындарының саны (01.01.2007жыл статистикалық мәлімет бойынша) 122827 адам екен.
Бұлар әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған. Осы ұлт өкілдерінен өзімізге таныс, бірқатар есімі атайық, оларды жадымыздан шықпайтын тамаша жандар деп айтуға болады.
Олай болса, маған көмектесе отырып есімізге түсірейік.
Белгілі өнер адамы Валерий Иванович Запорожкин.
«Мрия» украина әндері халық хоры.
«Калина» орыс әндері хоры.
«Байрам» татар-башқұрт ансамблі.
«Жадыра» қазақ әндері ансамблі.
«Родник» халық әндерінің хоры.
«Айгүл» би ансамблі.
«Арман» би тобы (біздің мектептегі)
«Айналайын» кішкентай балалар би тобы жетекшісі:Тамара Михайловна Запорожкина.
***Бұлардың барлығы өнер адамдары. Скрепкиді неге пайдалануға болады? Өнертапқыш болуға тырысып көрейік!
Скрепкиді……..

Қиялдарың өте тамаша! Ал өнер адамдары әр түрлі ұлт өкілдері. Олай болса, одан әрі тағы да үлкен болып қиялдап көрмейміз бе?

Д)Топпен жұмыс.
****Достық пен келісімде өмір сүру үшін, барлық ұлт өкілдері орындауға тиісті заңдар мен ережелер ойлап айту.
(әр қатардан бірнешеуінің пікірін тыңдау)

Е)**Суретпен жұмыс.


Оқулықтың 116-бетіндегі ұлт өкілдерінің киімдеріне қарап айту.
Қазақ,украин,орыс,өзбек, қырғыз,тәжік.

Ж) **оқулықтың 116-117-бетіндегі мәтінді оқу, әр азат жолдан бастап оқу, мазмұнын ұғындыру.


1-азат жол…..
2.азат жол….

**Мақалдың мәнін мағынасын ашу.


Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.
Аңызды оқу, мазмұнын ұғындыру.
****Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
(мағынасын ашу)

Иә,балалар, теледидар көріп жаңалық тыңдамайтындарың жоқ деп ойлаймын. Жаңалықтың өзін екі тілде береді. Қазақ тілі өз ана тілің болса, орыс тілі ұлттардың қатынас тілі. Орыс тіліндегі көз ге арналған жаттығуды жасайық! «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөз бар ғой.

Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығу «БҰЛТТАР»

З) Ой-қиял***Достық туралы бес жол өлең құрастыру.


1. Достық
Адал дос ,ардақты
Шаттандырады, қолдайды, көмектеседі
Егер досыңмен бірге қыдырсаң,жол қызықты болады.
Дос
2.Достық
Ұзақ, көп ұлтты
Қанаттандырады, сыйлайды.
Біз бәріміздің достығымызбен күштіміз!
Көмек.
3.Достық
Мейірімді, әдепті,көңілді.
Жарасымды, емдейді, көмегін аямайды.
Достығымыз әрқашан берік!
Жолдас.
И)***Поэзия минуты.
«Достық» туралы өлең оқу.
1.Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
2.Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
3.Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жер ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
4.Туыспыз біз бәріміз,
Біз Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
ІІІ.Қорытындылау.
ІV. Үйге тапсырма:

Мәтінді оқу.


116-беттегі ұлттардың киімдерінің біреуінің суретін салу.
Немесе қыз балалар өз қуыршақтарына осы киімнің біреуін дайындау.
Каталог: materialy -> bastaysh2
bastaysh2 -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
bastaysh2 -> Сабақтың мақсаты: «Мейірімділік»
bastaysh2 -> Сабақтың тақырыбы: Көшедегі сабақ. Қаржау Омарұлы
bastaysh2 -> Сабақтың тақырыбы: Мекен үстеуі
bastaysh2 -> Сабақтың тақырыбы: «Қайырымдылық»
bastaysh2 -> Сабақтың атауы Ана тілі Ғ.Қайырбеков. Ана тілі 4-сынып Сілтеме Блум таксономиясы
bastaysh2 -> Сабақ Тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім
bastaysh2 -> Ана тілі 3 сынып Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Құтарыс ауылы №30 Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
bastaysh2 -> Сабақтың тақырыбы: Мәтін
bastaysh2 -> Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет