Сабақ тақырыбы: «Информатика әлемінде»



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі151,46 Kb.
#28031
түріСабақ
  1   2
«ИНФОРМАТИКА ӘЛЕМІНДЕ»

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫСЫ


Сабақ тақырыбы: «Информатика әлемінде» интеллектуалдық сайысы.
Сабақ мақсаты: 1. Мәтіндік редактормен, графикалық редакторымен жұмыс істеу дағдысын бекіту, суретпен жұмыс істеу командалары туралы түсінікті толық үйрету.
2. Есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, сөйлеу және жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
3. Адамгершілікке, ізгілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Бекіту сабағы
Сайыс барысы:
Сәлеметсіздерме, құрметті оқушылар! Сіздердің компьютерді қаншалықты меңгергендеріңізді білу мақсатында ұйымдастырылған «Информатика әлемінде» сайысына қош келдіңіздер! Сіздердің осы уақытқа дейін компьютерді қалай меңгергендеріңізді білу мақсатында осы сайысты ұйымдастырып отырмыз.
Сайыс кезеңдері:


Кім жүйрік?
Полиглот
Дода
Кім жылдам?
І кезең «Кім жүйрік?». Әр топқа компьютер құрылғыларына байланысты сұрақтар қойылады.
І деңгейлі сұрақ
Әріптер мен сандарды енгізу құрылғысы?
Өшірілген құжаттар қайда сақталады?
Бас әріпті жазу үшін қандай пернені басу керек?
Компьютердің алдына қандай өсімдікті қою қажет?
ІІ деңгейлі сұрақ
Мәліметтерді көрсететін құрылғы қалай аталады?
Меңзердің (курсор) сол жағында тұрған символды өшіретін батырма?
Компьютерлік вирусты жоятын программа?
Дыбыс шығару құрылғысы қалай аталады?
ІІІ деңгейлі сұрақ
Тінтуірдің (тышқан) неше батырмасы болады?
Интернетке қосылуға арналған құрылғы?
WordPad бағдарламасында келесі жолға өту үшін қай пернені басу керек?
Адамның денсаулығына зиян келтіретін қомпьютер құрылғысы
IV деңгейлі сұрақ
WordPad бағдарламасын қалай іске қосады?
Бір компьютерден екінші компьютерге ақпараттарды тасу үшін қандай құрылғы қажет?
Сөздердің арасында бос орын қою үшін қай перне қолданылады?
Қапшықты не файлды ашу үшін қандай әрекеттер орындаймыз?
ІІ кезең «Полиглот» бұл кезеңде компьютер құрылғыларына байланысты жұмбақтар жасырылады. Жұмбақтың жауабын орыс, ағылшын тілдерінде айту


Жұмбақтар
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар  көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын (тышқан – мышка – mouse)


  1. Қанша тетік тізілген
    Саусағыңды сезінген
    Барлық сенің ойыңды
    Компьютерге енгізген (пернетақта – клавиатура –  keyboard)


  2. Компьютермен енеді,
    Қағазға басып береді. (басып шығарғыш – принтер – printer )


  3. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер – курсор – mouse pointer)

  1. Өзі темір, жаны жоқ.
    Ақпаратты сақтап таратқан,
    Жұртты өзіне қаратқан. (компьютер – компьютер – computer)


  2. Барлық сурет, мәтінді
    Компьютерге енгізген
    Керек емес жерін де
    Компьютерден өшірген   (мәтіналғы – сканер – scanner)


ІІІ кезең «Дода» Бұл кезеңде компьютерде MS Word, MS Excel,  MS Power  Point программаларында тапсырмалар берілерді.

 

1-тапсырма. MS Word мәтіндік редакторында төмендегі өлең жолдарын жазып, қалаған түсіңізге бояңыз.



Екі жол бар

Жақсылыққа жетем десең, қолыңда,

Бар жақсылық жақсы адамның жолында.

Жаман болып тумайды ешкім анадан,

Жаман адам қайдан шыққан соңында?

 

Соны ойла да өзіңе-өзің есеп бер,



Көктем – өмір, көкөрім бәйшешектер,

Екі жол бар жағаласып жататын

Жақсылыққа апаратын жетекке ер.

Қ.Әбілдақызы

2 – тапсырма. Флипчартпен жұмыс

«Ой шақыру»  әдісі   бойынша оқушылардан  үй  тапсырмасын  сұрап  еске  түсіріп  алған  соң,  мынадай ағашта Paint графикалық редакторының құралдарының аттары жазылған. Сол атқа сәйкес құралдың бейнесін жазудың үстіне апарып қоюымыз қажет.

1. Көбелектің сол қанатын ерекшелеп алып, правка-копировать командасын және правка-вставить   командасын орындандар.

жаңа пайда болған суретті рисунок-отразить/повернуть  командасын орындап, пайда болған терезеден слева направо   таңдап, көбелектің оң жағына орналастыр

Сонда толық көбелек суреті шығады.

Суретті өз қалауын бойынша боя.

2. Ағаштың суретін ерекшелеп алып, рисунок-растянуть-

наклонить командасына кіріп, наклонить по вертикали 20 градусов, по горизонтали 20 градусов қылып  таңдаңдар.

Суретті  өз қалауынша  боя

3. Шеңбер  мен қисық  сызықты  пайдалана  отырып,  шәйнектің  суретін  сал.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет