Сабақ Тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы



Дата05.06.2017
өлшемі148,96 Kb.
#17627
М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы

АШЫҚ САБАҚ



Тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 9- сынып

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Бітімова Р.Ж

Ақшұқыр – 2015ж

Пән: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Екі ғасырдың куәсі болған Жыр алыбы - Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы бойынша оқушылардың алған білімдерін нығайту. Жамбыл ақын шығармаларын оқыта отырып, оқушыларды мәнерлеп оқуға, поэзиялық шығармаларға талдау жасауға үйрету. Оқушылардың ақын шағармалары туралы теориялық білімдерін жетілдіре түсу.Оқушыларға ақын шығармаларын оқыту арқылы өмірге деген дүниетанымдық көзқарастарын, білім – білік дағдыларын қалыптастыру. Ауызша сөйлеу мәнерін дамыту, дағдыландыру.Ж.Жабаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиесі, ұлағаты мол өсиет сөздерін оқыта отырып, жас ұрпақты елін, жерін сүюге, иманды болуға тәрбиелеу. Поэзияны сүюге, ақын есімін құрметтеуге, шығармашылық ізденуге баулу.

Сабақтың түрі: семинар, аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, сынақ орындау

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған слайд, электрондық оқулық, т.б

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушыларды түгелдеу;

ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

б) Тәртіп сақтауды, сабаққа белсенді қатысуды, бір-бірінің жауабын тыңдауды ескерту;



2.Үй тапсырмасын сұрау:

Тапсырма оқылады, оқушыларға сұрақ: Бұл сөздердің авторы кім?

Ұлым, мен мұныңа ренжімеймін. Өйткені сенің әкеңді білемін, сен туралы да естігенмін. Сен маған бүгін өз жырыңды сыйладың, соның өзі жетіп жатыр. Қолыңды жай мен батамды берейін.

Домбыра – садақ та, өлең – жебе, ақылмен пайдалана білгейсің.

Шын ақынның ар-ұяты өлеңде. Оны көзіңнің қарашығындай сақтағайсың.



(Әр топтан бір оқушы шығып өз жұмысын қорғайды)

(сергіту сәті)

Оқушылар бүгінгі «Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбындағы сабақ бірнеше деңгейлік тапсырмалардан тұрады. Сабақтың мақсатымен таныстыру.



3. Жаңа сабақ



І . «Біліміңді байқап көр»

Екі топқа бір уақытта бірдей сұрақтар қойылады. Әрбір топ мүшелері жылдам жауап беруі қажет. Бұл бөлімде біліммен қатар жылдам ой қорытып, нақты жауап беру талап етіледі.

  1. Ақынның туған жерін атаңыз?

  2. Жамбылдың ең алғашқы өлеңі.

  3. Ақынның ұстазы кім және неше жасында бата алады?

  4. Жамбылдың Жетісудың атақты ақыны аталу себебі.

  5. «Өстепкеде» өлеңінің шығу тарихы.

  6. Жамбылдың ізін қуған халық поэзиясының көрнекті өкілдерін атаңыз?

  7. «Атаның әлдиі» кімге арналған шығарма?

  8. «Балам, өлеңің жүректің түкпірінен жарып шығатын болсын. Жырларың жекелеген адамдарға ғана емес, бүкіл халыққа жағатын болсын»,- деп жамбылға кеңес берген ақын.

ІІ . «Сөз сарасы»

Жамбылдың шығармаларынан үзінділер оқу ақын өлеңдеріне поэзиялық талдаулар жасау қажет.



«Қайта жасардым» өлеңі

Жалғанды жалпағынан басып өтіп,

Жасарып, қайта туып, алдым бекіп!

Қаусаған отыз тісім қайта шықты,

Болғанда қызыл иек әлім кетіп.

«Алатауды айналсам» өлеңі

Түнеугүні кеткеннен

Ғали жаңа келдің бе?

Алғадайдың мүрдесін,



Жол-жөнекей көрдің бе?

ІІІ . «Жыр алыбы-Жамбыл» 2 бөлімнен тұрады.

1-бөлім. Оқушылар үйге берілген өзіндік шығармашылық жұмыстарын қорғайды

2-бөлім. «Жыр алыбы-Жамбылды мен танимын» деп аталады.

Үстел үстінде берілген сызбалардан Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы тірек сызба құрастыру.

ІҮ. «Тест сұрақтары»

Әр оқушыға тест сұрақтары таратылады. Ойланып жауап беруге уақыт беріледі. Мұғалім дұрыс жауабын оқиды. Оқушылар тексеріп, дұрыс жауаптары бойынша ұпай санын есептейді, қателерін жөндейді.

  1. Жамбыл қай жылы қайтыс болды?

  1. 1945ж

  2. 1948ж

  3. 1947ж

  4. 1944ж

  5. 1946ж

  1. Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» өлеңі қай жылы жазылды?

  1. 1945ж

  2. 1942ж

  3. 1941ж

  4. 1943ж

  5. 1947ж

  1. Жамбыл Құлмамбет ақынмен қай жылы айтысып жеңіске жетті?

  1. 1884ж

  2. 1881ж

  3. 1885ж

  4. 1887ж

  5. 1890ж

  1. «Кедей күйі» өлеңінің тақырыбын табыңыз?

  1. Табиғат, жер

  2. Адамгершілік қасиет

  3. Кедейлердің аянышты халі

  4. Достық

  5. Білім, өнер

  1. Ж.Жабаев «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» дастандарының негізгі желісін кімнен алған?

  1. Шашубай

  2. Қалқа ақын

  3. М.Өтемісұлы

  4. С.Аронұлы

  5. Құлмамбет

  1. 1941жылы Жамбылға қай шығармалары үшін мемлекеттік сыйлық берілді?

  1. «Алынбас қамал»

  2. «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр»

  3. «Айтыстары үшін»

  4. «Ворошилов туралы поэма»

  5. «Өлеңдері үшін»

  1. Жамбылдың бата түріндегі дастанын табыңыз?

  1. «Өтеген батыр»

  2. «Қазақстан тойына»

  3. «Сұраншы батыр»

  4. «Аттандыру»

  5. «Майданға хат»

  1. Үзінді Жамбылдың қай өлеңінен алынған?

Оқымаймын молдадан

Екі иығын қомдаған,

Бала келсе сабаққа,

Жем аңдыған дорбадан.

  1. «Патша әмірі тарылды»

  2. «Майданға»

  3. «Зілді бұйрық»

  4. «Шағым»

  5. «Кедей күйі»

  1. Жамбыл ақынның «Аттандыру» атты өлеңі халық поэзиясының қай түріне жатады?

  1. Жоқтау

  2. Қоштасу

  3. Сыңсу

  4. Естірту

  5. Жұбату

  1. ХІХ ғасырдың орта тұсында Жетісу қазақтарының Қоқан басқыншыларына қарсы күресін суреттеген Ж.Жабаевтың шығармасын табыңыз?

  1. «Патша әмірі тарылды»

  2. «Халық кегі»

  3. «Сұраншы батыр»

  4. «Шағым»

  5. «Халықтың еркі кетті басынан»

4. Рефлексия кезеңі: «Аяқталмаған сөйлем»: Бүгінгі сабақтан мен өзіме не алдым?

5. Үйге тапсырма: «Жамбылға хат» (ой толғау)



Бағалау критерийлері

Рейтинг жүйесімен мониторинг жинақтап, оқушылардың білімі бағаланады.

Білім рейтинг

р/с

Тапсырмалар

Ұпай

Барлығы

І

8

1

8

ІІ

2

4

8

ІІІ

2

4

8

ІҮ

1

10

10



Баға мониторингі

р/с

Ұпай

Саны

Бағалау

І

2-6




3(қанағаттанарлық)

ІІ

6-15




4(жақсы)

ІІІ

15-24




5(өте жақсы)

ІҮ

24-34




5(өте жақсы)

Каталог: uploads -> doc -> 06e6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06e6 -> Сабақтың мақсаты: а Білімділік: Оқушыларға ХҮі хүіі ғасырлардағы қазақтың материалдық және рухани
06e6 -> Сыныбы: 2 в тақырыбы: Камералық музыка Мақсаты
06e6 -> Семинар. Ашық сабақ. «Адамдардың ең жақсысы менің замандастарым»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет