Сабақ Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі»



бет1/2
Дата05.06.2017
өлшемі324,84 Kb.
#17997
түріСабақ
  1   2
№32 орта мектебі


Ашық сабақ
Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі»



Дайындаған: С.И.Абилова

бастауыш сынып мұғалімі

Новоишимка, 2015



Күні: 22.10.15

Пәні: Әдебиеттік оқу 
Cабақтың тақырыбы: Жеті қазынаның бірі 
Сабақтың мақсаты: мәтіннің мазмұнын толық түсіну, жеті қазынаны білу.
Күтілетін нәтижелер: мәтінді толық түсінеді; ойларын ашып айтады, жеті қазынаны біледі.
Сабақтың көрнекілігі: жеті қазынаның туралы видеоролик, проектор, оқулық. 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру бөлімі. Шаттық шеңбері. 

Есік қағылады. Топқа қорап әкелінеді, оны сипаттап ашу. 1-ші затты алып шығу оған қағаз байланған. Оны оқу. 

-Мынау сиқырлы көзілдірік екен. Кім оны киеді, сол бала досының ішкі жақсы қасиеттерін яғни адамның ішкі жан дүниесін бізге көрсетіп береді. 
-Кәне, мен оны киіп көрейінші. 
Ах, сендер қандай ақылдысыңдар, қандай көңілдісіңдер. Мен бәріңнің бойларыңдағы бір қасиетті көріп тұрмын ғой?! 
-Кәне, сен киіп көрші (қасында тұрған көршісі туралы жақсы қасиеттерін айтады, әрі қарай көзілдірікті келесі оқушыға береді) 
-Көрдіңдерме, мынау сиқырлы көзілдірік бағалы зат болып шықты. Мұны сыныпта қалдырып жоғарыға қояйық. 

Қораптағы екінші затты алмас бұрын балалар, мына лототрондағы текшелерді алып, нөмірлер бойынша топқа бөлініп отырайық.



Тобымызды анықтап алдық. Енді барлығымыз тақтадағы бағалау парағына назар аударайық. Бүгінгі сабақта дұрыс жауап беріп, жақсы қатысқан бала жұлдыз алатын болады. Сабақтың соңында көп жұлдыз жинаған бала 5 алады.

Қораптан 2-ші зат шығады. Семантикалық карта арқылы үй тапсырмасын тексеру. 

Семантикалық карта 

Сұрақтар

Жамбыл

12

қаһарман 

жазушы

7 жас

мүшел жасты 

13 

Бауыржан Момышұлы кім?



















Қай облыста дүниеге келді?



















Алғашқы мүшел жас?



















Жарты мүшел неше жас?



















Б.Момышұлының кезінде туған күнді қалай тойлады?



















Мүшел жас неше жылда келеді?




















Сабақтың мақсатын хабарлау.

Қораптан 3-ші затты алып шығады. Ішінен қазына деген сөз шығады?

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, қазына дегеніміз не болуы мүмкін? Қазір, мына дискіні тыңдап көрелік. Не бар екен ішінде?

  • Бізде неше қазына бар еді?

Жеті қазынаға нелер жатады екен?

 «Жеті қазына» видеоролик көрсету.

Бүгінгі сабақта біз «Жеті қазынаның бірі» мәтінінің мазмұнын түсініп, жеті қазынаның не екенін білетін боламыз. 
- Дәптерімізді ашып күннің реті мен тақырыпты жазып алайық. 

Мәтінді «араласып кеткен оқиғалар» әдісі арқылы оқу.
Мәтінді алдын-ала бірнеше бөліктерге бөліп, топтарға таратып беру керек. Бөлінген бөліктерді дұрыс қою арқылы мәтінді толығымен түсініп оқу керек.

  • Қазір мен мәтінді бірнеше бөліктерге бөліп әр топқа таратып беремін. Әңгімені іштей оқып түсініп аламыз, содан соң мазмұндап, қайсысы мәтіннің басы, ортасы, соңы екенін анықтап аламыз.

-Балалар, біз мәтіннің толық мазмұнын құрастырып алдық. Енді байқасаңдар, әңгіме толық аяқталмаған. Келесі тапсырма мынадай, осы әңгімені өздерің жазушы болғанда қалай аяқтар едіңдер? Ойдан құрастырып, өз нұсқаларыңды айтуға дайындалыңдар.

Сергіту сәті: Күй әуеніне қимылдар келтіру

Топтық тапсырма. (5минут) 
1-топ: Кестені толтыр. Топта орындау.

Басты кейіпкерлер

Мекендейді

Пайдасы

Қандай сабақ алдың?

Арыстан










Ит











2-топ: Венн диаграммасы. Арыстан мен итті суреттер арқылы салыстыру. 1-2 оқушы келген ұстаздардан сұхбат алады. 
1.Арыстанның мінезі қандай? 
2.Ит туралы не айтасыз? 




3-топ: «Биопоэма» әдісі.
Аты-Ит 
Сипаттайтын 2-3 сөз- адамға адал, ұйқыға сергек,суыққа төзімді. 
Жақсы көретіні-сүйек, сипағанды, еркелеткенді. 
Қорқатыны-қасқырдан, өзінен үлкендерден. 
Басынан өткізген сезімдері- рақаттанып ұйықтауы, аң қуғандағы қуанышы. 
Болашақтан күтетіні- қарны тоқ болып, иесінің амандығы. 
Мекен-жайы-үйшігі. 
Тегі-жабайы иттер. 
Осындай қасиеттеріне қарап, адамдар оны жеті қазынаның біріне жатқызғаны туралы қорытындылайды. 
4-топ: Алдарына берген суреттерді қатыстырып, ертегі құрастыру.
Оқушылар топтық тапсырманы тақтаға шығып талдап, қорытындылайды. 
Қорытынды. Рефлексия. 
Ұпайларына байланысты бағалау. 
Оқушылар бүгінгі сабаққа кім жақсы қатысқанын білу үшін жұлдыздарды санап көрейік. 
Бағалау. Ал, енді оқушылар алдымыздағы бағдаршамды бояйық.

Үйге тапсырма: ертегі құрастыру.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Фотогалерея



Каталог: uploads -> doc -> 0d23
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d23 -> Сабақтың көрнекілігі: «Ең әуелі ниет керек, содан соң күш керек, одан кейін тәртіп» М.Әуезов «Ою ойғанның ойы ұшқыр»
0d23 -> «Семенов орта мектебі»ММ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет