Сабақ тақырыбы: «Кім көп біледі?»



Дата25.08.2017
өлшемі101,48 Kb.
#26164
түріСабақ
Сыныптан тыс жұмыс

Сабақ тақырыбы: «Кім көп біледі?» жұлдызды сағат ойыны
Сабақ мақсаты:

1.Білімділік: сыныптан тыс жұмыс барысында оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, математика пәнінен алған білімдерін пысықтау, логикалық есептерді шығаруға ынталандыру.

2.Дамытушылық: оқушылардың дұрыс нәтиже жасай білу біліктілігін дамыту, таным белсенділігін арттыру. математикалық ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, сабақ кезінде игерген білімдерін ойын-сабақ арқылы жетілдіру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, ұқыптылыққа, жылдамдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу өз бетімен танып білуге, ұжыммен бірге жұмыс істеуге дағдыландыру және ынтасын, жауапкершілігін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: интеллектуалды ойын.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, үлестірмелер, нақыл сөздер
Сабақ барысы:

Ұйымдастыру. Жоспармен таныстыру

/Слайд-1./

1.Жоспары:

1.І-iріктеу кезеңі. Бұл кезең «Бәйге» деп аталады (12 сұрақ)

2.II – кезең: «Көз дәлдігін тексер!»

3. Көрермендер ойыны.

4.III-кезең: «Ауызша есептеп үйрен!»

5. Көрермендер ойыны.

7. IV- кезең:«Миға шабуыл!»

8.V- кезең:

9. VI-Қорытындылау, марапаттау



2.Ойынның шартымен таныстыру.

Ойын бес кезеңнен тұрады. Әр кезең сайын дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызша беріледі. Кезең соңында ең аз жұлдызшасы бар оқушы ойыннан шығарылып отырады. Соңғы кезеңге дейінгі жеңіп келген оқушы ойын жеңімпазы болып саналады. Әділқазы алқасы сайланып, нәтижесі бақылауға алынады. Ойынды екі жүргізуші жүргізеді.



3. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Елбасымыз Н. Ә Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінде білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты,еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр.

/Слайд-2/ «Біздің түпкілікті мақсатымыз – интеллектуалды ұрпақ

тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру»

Н. Ә. Назарбаев/

1-Жүргізуші: Мінеки залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны бізде қоштаймыз

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы

Математика жайында

«Жұлдызды сағат»

Ойынымызды бастаймыз!



2-Жүргізуші: Жас достарым мұны жақсы ұғайық,

Математика құрметтеуге лайық.

Дүниедегі қозғалыстың мәніне,

Мүмкін емес, есептерсіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті әліде.

1-Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын сіздерге әділ бағасын

беріп, сараптама жасайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:..........

2. МИФ пән мұғалімдері бірлестік жетекшісі:...........

3. Математика пәнінің мұғалімі:..........

4. Ата- аналар комитетінің мүшесі: .............

5. Озат оқушы: .......................

2-Жүргізуші: Қатысыңыздар!

1-Жүргізуші: Қолдаңыздар!

2-Жүргізуші: Есептен шет қалмаңыздар!

1-Жүргізуші: Ойнаңыздар!

2-Жүргізуші: Ойлаңыздар!

1-Жүргізуші: Жайбырақат болмаңыздар!

1- Іріктеу кезеңі.

2-Жүргізуші: Сайысымыздың алғашқы кезеңі «Бәйге»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз 
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік , мыңнан тұлпар шығарар ,
Бәйге ,бәйге,бәйге бір көріңіз
Олай болса құрметті оқушылар! Сіздерге ойынға ойыншыларды іріктеу мақсатында сұрақтар беріледі. Іркілмей тез арада жауап берген оқушыларға әр қайсысы 10 ұпайлық жұлдызшалар беріледі. Ең көп ұпай жинаған 5 оқушы ойынға қатысуға жолдама алады.

/Слайд-3./


  1. Сағаттың ¼ -і неге тең? (жауабы: 15 минут)

  2. 1 % дегеніміз не? (Жауабы:1/100 бөлік)

  3. Нүктенің бірінші координатасы қалай аталады? (Жауабы:Абсцисса)

  4. Түбір белгісін тағы қалай атайды? (Жауабы: Радикал)

  5. 1 кг судың көлемі неге тең? (Жауабы: 1 литр)

  6. Рaдиусы 5 болатын шеңбердің ұзындығы қанша? (Жауабы: 10 π)

  7. Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? (Ж\бы:

ата,әке, бала)

  1. 2-нің 6 дәрежесі. (Жауабы: 64)

  2. Екі қатынастың теңдігі (Жауабы:пропорция)

  3. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігін үш тілде айт (Ж\ы: ғасыр, век, century)

  4. Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? (Жауабы: 1)

  5. Ең кіші жай санды атаңыз (Жауабы: 2 )



II- кезең. «Көз дәлдігін тексер!»

/Слайд-4./

  1. Мына суретте неше үшбұрыш бар?

М

A C



o

Д о N



B K

P




неше төртбұрыш бар?



  1. Мына суретте неше төртбұрыш бар?




  1. Мына суреттен төртбұрышты таңда?





А) В) С) Д) Е)


| Әрбір сұрақ бойынша берілген жұлдызшаны санап, ең аз жұлдызшасы бар оқушыны « сынақ алаңына» босатамыз.|
Көрермендер ойыны:

Үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрышты фигураларды салып, адам суретін салу.

«Үшбұрыш» көп болса, суретті салған адам (ақылды және данышпан)

«Дөңгелек» көп болса, суретті салған адам (батыл және жүректі) «Төртбұрыш» көп болса, суретті салған адам (қайрымды және мейірімді)


III-кезең: «Ауызша есептеп үйрен!»

/Слайд-5./

  1. Шанаға жегілген үш ат 30 км жүріп өтті.Әр ат қанша км жол жүрді? Жауабы: А) 60км Б) 30км С)15 км Д) 90 км Е)45 км

  2. Ұзындығы 4 м ағашты 1 м болатын бөліктерге бөлеміз. Оның кесілуі үшін 5 мин уақыт кетеді. Барлық ағашты кесу үшін қанша уақыт кетеді?

Жауабы: А) 20 мин Б) 30мин С)15мин Д) 16 мин Е) 45 мин

  1. Текшенің қанша төбесі бар?

Жауабы: А) 6 Б) 3 С)12 Д) 10 Е) 8

|Әрбір сұрақ бойынша берілген жұлдызшаны санап, ең аз жұлдызшасы бар оқушыны « сынақ алаңына» босатамыз.|


Көрермендер ойыны:

«Жаңылыспаймын» ойыны: Бір оқушы шығып 3 санына еселік сандарының орнына «жаңылыспаймын» сөзін қолданып, 1 ден 30 санына дейінгі және оны кері санап шығады. Егер қателеспесе ол көрермен өзінің қалаған ойыншысына ұтқан жұлдызшасын бере алады. Мысалы: бір, екі, «жаңылыспаймын», төрт, бес «жаңылыспаймын», және «жаңылыспаймын», 29, 28«жаңылыспаймын», 26 ,25, т.б....


IV- кезең:«Миға шабуыл!»

/Слайд-6./

Барлық төртбұрыштар жиналып өздеріне король сайлағысы келеді. Ұзақ даулысып , бір шешімге келе алмайды. Төрелікке кәрі параллелограмм келеді де, былай дейді. «Бәріміз жиналып, төртбұрыштар патшалығына барайық. Кім бірінші барса, сол сол король болады» дейді.

Бірінші шарт: Жолда өзен кездеседі. «Егер қайсымыздың диогоналымыз қаққа бөлінсе, сол өзеннен өтеді»

Екінші шарт: Жолда тау кездеседі. «Егер қайсымыздың диогоналымыз тең болса, сол таудан асу асады»

Үшінші шарт: Жолда тар көпір кездеседі. «Егер қайсымыздың диогоналымыз тік бұрыш жасап қиылысса, сол көпірден өтеді». Сонда король қайсысы? Жауабы: (шаршы)

|Әрбір сұрақ бойынша берілген жұлдызшаны санап, ең аз жұлдызшасы бар оқушыны « сынақ алаңына» босатамыз.|


8.V- кезең: «Белгілі математикті тап»

1.Б.э.д VI-VII ғасырда өмір сүрген грек математигі , геометрия оқулығында белгілі бір теоремасы бар милеттік ғалым?



А) Фалес Б) Менделеев В) Нурк С) Погорелов Е)Виет

2. 1801 ж. Туған, немістің асқан ұлы математигі «Математика-ғылымдар патшасы» деген ұлағатты сөздің авторы?

А) Виленкин Б) Гаусс В) Ян-Видман С)Әл – Фараби Е)Виет

3. Ең бірінші сандарды жұп және тақ, жай және құрама деп бөлген математик Б.э.д VI ғасырда өмір сүрген аты шулы теоремасы бар. ---

А) Атанасьян Б)Архимед В) Лейбниц С)Пифагор Е)Декарт

2-Жүргізуші: Көңілді тапқыштар,білгірлер 
Бар білімін алдарыңа салады 
Кім білімді, көп оқыған болса егер 
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. 

1-Жүргізуші:

Шеберлікті, білімді сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы, Әділ баға беріңіздер!

9. VI-- кезең: Қорытындылау, марапаттау

Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Жеңімпаздар марапатталады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Алматы Рауан 1997. Т.А. Алдамұратова. Математикадан жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған оқулықтар.  Алматы «Атамұра» 2010

2. Я. И. Перельман. Қызықты алгебра. Алматы «Мектеп» 1986

3.Н.В.Балк «Математика после уроков»



4.И.С.Петраков «Математические кружки»
Каталог: uploads -> doc -> 1331
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1331 -> Сабақ тақырыбы Киім және оған қойылатын талаптар Сабақтың мақсаты
1331 -> Тапсырмасы: Көп нүктенің орнына


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет