Сабақ тақырыбы: Кіріспе Мақсаты: ХІХ ғ басындағы қазақ елінің тарихи-әлеуметтік жағдайы туралы әңгімелесу. Міндеттері



Дата06.11.2016
өлшемі152,8 Kb.
#1162
түріСабақ
10 сынып қазақ әдебиеті
№ 1 сабақ тақырыбы: Кіріспе

Мақсаты:

ХІХ ғ басындағы қазақ елінің тарихи-әлеуметтік жағдайы туралы әңгімелесу.
Міндеттері:

Ресей отаршылығына қарсы күреспен сол кездегі әдебиеттің байланысы туралы түсінік беру, қазақ әдебиеті тарихы туралы жалпы білімдерін бекіту, Махамбет Өтемісұлы, Шернияз, Шортанбай ақындардың шығармашылығымен танысуға ынталандыру.


Құралдар: ақындар суреттері
Сабақ түрі:аралас

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)

Жаңа сабақ :
Қазақ әдебиетінің даму барысында ХІХ ғ алғашқы жартысының өзіндік ерекшелігі бар, ең алдымен қазақ даласын отарлау саясатындағы жаңалықтарымен байланысты.(Ресей өз отарлау саясатын қатайта және жеделдете түсті, қазақтарды баса отырып,айнала бекіністер салды, арнайы заңмен хандықты жойды. Халық бас иесіз қалды. Жерінен, салт-дәстүрлерінен айырыла бастады. ) Бұл қиындықтардың бәрі ірі ақындар шығармашылығынан көрініс көрді. Мысалы: Махамбеттің жырлары ХІХ ғ Ресей империясының отарлық бұғауна қарсы көтерілген қазақ халқының рухани бұлқынысының айнасы.

9бет, 10 бет –үзінділер оқу, танысып мәнерлеп оқыту, мазмұнын түсіндіру


Тапсырма: Дальдің қазақтар туралы айтылған сөзін жазып алу
Бекіту:

  • ХІХ ғ алғашқы жартысында қазақ елінің тарихи-әлеуметтік жағдайы қандай болды?

  • Осыған орай әдебиет қандай өзгерістерге түсті?

  • Махамбет Өтемісұлы, Шернияз, Шортанбай деген кімдер?

Үйде:қалаған ақын туралы хабарлама жасау, 12б сұрақтарды талдау


Қорытынды: бағалау, қоштасу

10 сынып қазақ әдебиеті


№4-5сабақ тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы

Мақсаты: Махамбет Өтемісұлының шығармашылығымен танысуды жалғастыру.


Міндеттері: ақынның өзіндік ерекшелігін түсіндіру, шығармаларындағы халқына деген сүйіспеншілігі туралы, ерлігі туралы түсінік беру. Отанды сүюге тәрбиелеу.

Құралдар: ақынның суреті, шығармалары

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)

Үй тапсырмасын тексеру: жұмыстарымен танысу, талдау , бағалау.

Жаңа сабақ:

Махамбет Өтемісұлы ақындығы мен батырлығын туған халқының бостандығы үшін әлеуметтік теңдігі жолындағы күреске арнаған даңқты тұлға , Махамбеттің жырлары ХІХ ғ Ресей империясының отарлық бұғауна қарсы көтерілген қазақ халқының рухани бұлқынысының айнасы ретінде қарастыру (әңгімелеу)
«Ереуіл атқа ер салмай», «Нарын», «Қызғыш құс», «Мұнар күн», «Толарсықтай саз кешіп» шығармаларымен таныстыру( мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру, қандай тақырыпта жазылғанын анықтау)
Шығармаларындағы Исатай бейнесі туралы әңгімелесу, өзінің көтеріліс кезінде қосқан үлесі туралы айта кету

өлең құрылымы мен тілі туралы – басты тақырыбы – ұлт азаттық көтеріліс.

Тыңдаушылары – қарапайым халықтың ұғымына қонымды, жиынды рухтандырып, қанын қыздыратындай жалынды сөз, екпін-ырғақпен айтылуы керек, сондықтан Махамбет өлеңдерінде көтеріліс идеясын мазмұн етіп алды да, формасына, яғни өлшем-пішіні мен тіліне келгенде , халық поэзиясында бар өлшемдер мен тілдік нашықтарды пайдаланды. Басым көпшілігі 7-8 буындық жыр өлшемімен айтылған.

Шығармаларында осы ерекшеліктерді тауып көрсету.

Бекіту:


  • Махамбет деген кім?

  • Шығармаларын атаңдар

  • Ол нені жырлады?

  • өлеңдері неше буынннан тұрады?

Үйде: 35-52б, жаттау

Қорытынды: бағалау, қоштасу


Қызғыш құс

Ау, қызғыш құс, , қызғыш құс,

Қанатың қатты, мойның бос.

Исатайдан айырылып,

Жалғыздықпен болдым дос.

Ау, қызғыш құс, , қызғыш құс!

Ел қорыған мен едім,

Мен де айырылдым елімнен;

Көл қорыған сен едің,

Сен де айырылдың көліңнен.

Аспандап ұшқан қызғыш құс!

Сені көлден айырған –

Лашын құстың тепкіні;

Мені елден айырған – хан Жәңгірдің екпіні.

Айтып- айтпай немене,

Құсалықпен өтті ғой,

Махамбеттің көп күні!!!


Қызғыш құс

Ау, қызғыш құс, , қызғыш құс,

Қанатың қатты, мойның бос.

Исатайдан айырылып,

Жалғыздықпен болдым дос.

Ау, қызғыш құс, , қызғыш құс!

Ел қорыған мен едім,

Мен де айырылдым елімнен;

Көл қорыған сен едің,

Сен де айырылдың көліңнен.

Аспандап ұшқан қызғыш құс!

Сені көлден айырған –

Лашын құстың тепкіні;

Мені елден айырған – хан Жәңгірдің екпіні.

Айтып- айтпай немене,

Құсалықпен өтті ғой,

Махамбеттің көп күні!!!


Қызғыш құс

Ау, қызғыш құс, , қызғыш құс,

Қанатың қатты, мойның бос.

Исатайдан айырылып,

Жалғыздықпен болдым дос.

Ау, қызғыш құс, , қызғыш құс!

Ел қорыған мен едім,

Мен де айырылдым елімнен;

Көл қорыған сен едің,

Сен де айырылдың көліңнен.

Аспандап ұшқан қызғыш құс!

Сені көлден айырған –

Лашын құстың тепкіні;

Мені елден айырған – хан Жәңгірдің екпіні.

Айтып- айтпай немене,

Құсалықпен өтті ғой,

Махамбеттің көп күні!!!


Қызғыш құс

Ау, қызғыш құс, , қызғыш құс,

Қанатың қатты, мойның бос.

Исатайдан айырылып,

Жалғыздықпен болдым дос.

Ау, қызғыш құс, , қызғыш құс!

Ел қорыған мен едім,

Мен де айырылдым елімнен;

Көл қорыған сен едің,

Сен де айырылдың көліңнен.

Аспандап ұшқан қызғыш құс!

Сені көлден айырған –

Лашын құстың тепкіні;

Мені елден айырған – хан Жәңгірдің екпіні.

Айтып- айтпай немене,

Құсалықпен өтті ғой,

Махамбеттің көп күні!!!


Қызғыш құс

Ау, қызғыш құс, , қызғыш құс,

Қанатың қатты, мойның бос.

Исатайдан айырылып,

Жалғыздықпен болдым дос.

Ау, қызғыш құс, , қызғыш құс!

Ел қорыған мен едім,

Мен де айырылдым елімнен;

Көл қорыған сен едің,

Сен де айырылдың көліңнен.

Аспандап ұшқан қызғыш құс!

Сені көлден айырған –

Лашын құстың тепкіні;

Мені елден айырған – хан Жәңгірдің екпіні.

Айтып- айтпай немене,

Құсалықпен өтті ғой,

Махамбеттің көп күні!!!


Қызғыш құс

Ау, қызғыш құс, , қызғыш құс,

Қанатың қатты, мойның бос.

Исатайдан айырылып,

Жалғыздықпен болдым дос.

Ау, қызғыш құс, , қызғыш құс!

Ел қорыған мен едім,

Мен де айырылдым елімнен;

Көл қорыған сен едің,

Сен де айырылдың көліңнен.

Аспандап ұшқан қызғыш құс!

Сені көлден айырған –

Лашын құстың тепкіні;

Мені елден айырған – хан Жәңгірдің екпіні.

Айтып- айтпай немене,

Құсалықпен өтті ғой,

Махамбеттің көп күні!!!

10 сынып қазақ әдебиеті

№ 2- 3 сабақ тақырыбы: Дулат Бабатайұлы. «Еспенбет» поэмасы

Мақсаты: ақынның шығармашылығымен таныстыру

Міндеттері: мәнерлеп оқуға жаттықтыру, шығармаларындағы халықтың зардаптарының көріністерін талдау; зейін қойып тындауға тәрбиелеу.
Құралдар: ақынның суреті, өлеңдері

Сабақ түрі: аралас

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)

Үй тапсырмасын тексеру: жұмыстарымен танысу, талдау , бағалау(әр топтағы оқушылар өздеріне баға беру).
Жаңа сабақ : Дулат Бабатайұлы 1802-1871 Аягөз ауданында, Сандықтас өңірінде туған. Шыншыл, турашыл, айтарын кімнен болса да тайсалмай бетке айтатын батыл ақынболған.

Қазақ әдебиетінің көрнекті ақынының бірі, шығармалары қоғамдағы өзгерістерді шындықпен бейнелеген, халықтың зардаптарының күйзеле суреттеген, ел мен жердің тағдырын ұмытып,өз басының қамын ойлайтын атқамінерлердің опасыздығын әшкерлейді.



«Айтқызбасымды айтқыздың» өлеңінде автопортретін суреттейді, «Тегімді менің сұрасаң» өлеңінде зар заманды жырлайды, «Бараққа», «Кеңесбайға», өлеңінде әкімдердің мінін бетке айтады.

«Ақтанға» деген өлеңі халқын қорғайтын батыр осы Ақтандай жігіттен болса, оған қойылатын талаптар туралы әңгімелейді.


Жетімдіктен өтерсің, сөздер: жетім-сирота, өту- пройти(прожить)

Шаң бермей әлі кетерсің, қажыма – не сдавайся

Қажыма, Ақтан, қажыма, жету- достичь

жетерсің, әлі, жетерсің,-


54 бет оқулық «Асқар таудың өлгені» үзіндісімен танысу, мәнерлеп қайтара оқу, оқыту.(ұлттық бостандық, әлеуметтік әділдік идеялары туралы әңгімелесу, Махамбет поэзиясымен ұқсастығын айта кету)
Бекіту:

  • Дулат Бабатайұлының шығармашылығы туралы не айта аласыңдар?

  • өзі туралы қандай өлеңінде айтады?

  • Жастар қандай болсын дейді?

  • «Асқар таудың өлгені» шығармасында не туралы айтады?

Үйде:1. үзінді жаттау, 14-15 б 2. 33 бет сұрақтар

Қорытынды: бағалау, қоштасу
10 сынып қазақ әдебиеті

№ 7сабақ тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы


Мақсаты: ақынның шығармашылығымен таныстыру

Міндеттері: мәнерлеп оқуға жаттықтыру, шығармаларындағы айтыс орнын анықтау; зейін қойып тындауға тәрбиелеу.


Құралдар: ақынның суреті, өлеңдері

Сабақ түрі: аралас

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)

Үй тапсырмасын тексеру: өлеңдерімен танысу, 66 б сұрақтар
Жаңа сабақ : Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы Алматыға жақын Қарақыстақ ауылында туған,1898 жылы 83 жасында қайтыс болды. Сүйінбай Аронұлы қазақ тың ХІХ ғасырдағыкөрнекті ақындарының бірі, ақындық айтыстың ірі өкілі.

Сүйінбай Аронұлы өзінің халықтық, демократиялық принциптерін Жамбыл бастаған шәкірттерінің зердесіне ұялатып, тұтас бір мектеп қалыптастырады. Ол атақ, мансапқа сатылып, ұлықтармен ауыз жаласқан төре-сұлтан, билермен бектерді аяусыз сынап, қазақтың тәуелсіз заманындағы ауызбірлігі мен ерлік, еркіндік сүйген рухының өнеге етуге өзінің даңқты замандастары Махамбет, Дулат, Мұрат ақындармен үндес болды.

Махамбет, Дулат, Мұрат туралы не білесіңдер?(қайталау)

өлеңдерінің идеясы- елдік, ерлік.

«Бөрілі менің байрағым», «Ту алып жауға шапсаң сен», «Сұраншы батыр», «Жабай батыр»



әділетсіздікке, қиянат көрсеткен атқамінерлерді айыптайтын өлеңдері: «Төрелерге», «Датқалар», «Үмбетәліге»

74 бет оқулық «Үмбетәліге» үзіндісімен танысу, мәнерлеп қайтара оқу, оқыту.(ұлттық бостандық, әлеуметтік әділдік идеялары туралы әңгімелесу, Махамбет, Дулат, Мұрат поэзиясымен ұқсастығын айта кету)

Сүйінбай мен Жамбыл арасындағы қарым-қатынас туралы әңгімелеу

(ұстаздық, үлкенді сыйлау, білімге ынталану туралы сөйлесу)

Бекіту:


  • Сүйінбай Аронұлы шығармашылығы туралы не айта аласыңдар?

  • Сүйінбай Аронұлы кім ?

  • «Бөрілі менің байрағым», «Ту алып жауға шапсаң сен » шығармаларында не туралы айтады?

Үйде:өлеңдерімен танысу, 75-88 беттер оқу

Қорытынды: бағалау, қоштасу

11 сынып қазақ әдебиеті


№ 1 сабақ тақырыбы: Кіріспе сабақ. ХХ ғ басындағы қазақ әдебиеті

Мақсаты:

ХХ ғ басындағы қазақ елінің тарихи-әлеуметтік жағдайы туралы әңгімелесу.
Міндеттері:

Ресей отаршылығына қарсы күреспен сол кездегі әдебиеттің байланысы туралы түсінік беру, қазақ әдебиеті тарихы туралы жалпы білімдерін бекіту, Құралдар:

Сабақ түрі: аралас

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)

Жаңа сабақ :

Қазақ әдебиетінің даму барысында ХХ ғ алғашқы жартысының өзіндік ерекшелігі бар, ең алдымен қазақ даласын отарлау саясатындағы жаңалықтарымен байланысты.(Ресей өз отарлау саясатын қатайта және жеделдете түсті, 20-30 жылдар – шимайы көп, шытырманы мол аса күрделі кезең. Ол уақыттағы соқтықпалы, соқпақты сан сораптан сүрінбей, бір-біріне сүйкенбей өткендер аз. Сейфуллин, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов,т.б. ірі тұлғалардың шығармалары әр заңғарды заманында танудың , тани отырып талант құдіретін мойындаудың, өнер жлындағы тайғақсыз адалдықтың көрінісі. Ағынды қиын заманда халықтың басынан талай қиыншылық өтіп жатты. Бұл қиындықтардың бәрі ірі ақындар шығармашылығынан көрініс көрді. Мысалы: М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» шығармасы, Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы т.б. әйел басының бостандығы туралы әңгімелейді.

Тапсырма: кіріспе 3б оқу, ХХ ғ жазушыларының аттарын жазып алу

Бекіту:


  • ХХ ғ алғашқы жартысында қазақ елінің тарихи-әлеуметтік жағдайы қандай болды?

  • Осыған орай әдебиет қандай өзгерістерге түсті?

Үйде: қалаған ақын туралы хабарлама жасау, кіріспе оқу, мазмұндау


Қорытынды: бағалау, қоштасу

11 сынып қазақ әдебиеті


№ 2 сабақ тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов

Мақсаты:

Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы туралы түсініктерін ұлғайту

Міндеттері:

«Қырық мысал», «Маса» жинақтары туралы түсінік беру, шығарманы оқып түсінуге жаттықтыру. Абай екеуінің ұқсастығын салыстыруға, ой-толғау жасауға дағдыландыру.

Құралдар: Ахмет Байтұрсыновтың, Абайдың суреттері, шығармалары

Сабақ түрі: аралас

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)

Үй тапсырмасын тексеру ( хх ғ қандай ақын-жазушыларын білесіңдер? әңгімелесу)

Жаңа сабақ :



Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтардаТорғай уезінде Ақкөлдің жанында Сартөбек деген жерде туған. Әкесі Байтұрсын кедей кісі болған, бірақ ағайын арасында сыйлы, сабырлы болған. Анасы Күнші өте ақылды, төзімді, ауыл арасында сыйлы, ауыр мінезді, сөзге сараң кісі еді. Балаларының оқығанын тілеген, Ахметтің оқуына көп себеп осы адамнан болған. Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік, мұғалімдік істері өз заманында аса жоғары бағаланған.

М.Әуезов: «Ақаң ашқан қазақ мектебі, түрлеген ана тілі, салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, «Қырық мысал», «Маса» еңбегі, «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз ұмытқанда да, тарих ұмытпайтын істер болатын».

16-17 бетер: аудармаларымен танысу, 25 беттегі сөздікті пайдалану
Тапсырма: «Қырық мысал» , «Маса» -дан үзінділер оқу, аудару, мағынасын түсіндіру

Абай екеуінің де аудармалары бар екенін айту. Ұқсастығын айту салыстыру, Венн диаграммасын жасау

Бекіту: «Қырық мысал» , «Маса» - басты тақырыптары не?

Басқа қандай шығармаларын білесіңдер?

Үйде: қалаған шығармасынан үзінді жаттау, 28 бет – сұрақтарға жауап беру.

Қорытынды: бағалау, қоштасу

11 сынып қазақ әдебиеті
№ 3 сабақ тақырыбы: Міржақып Дулатов.

Мақсаты:

Міржақып Дулатовтың өмірі, шығармашылығы туралы түсінік беру;

Міндеттері:

Ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, қазақ халқының ұмытылған ақын-жазушылары туралы өз беттерімен ізденіс жасауға ынталандыру.

Құралдар: оқулық, ақынның суреті, шығармалары

Сабақ түрі: аралас

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)

Үй тапсырмасын тексеру(қалаған шығармасынан үзінді жаттау, 28 бет – сұрақтарға жауап беру)

Жаңа сабақ :

Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада Торғай уезінің (Қостанай облысы Жангелді ауданы) 1 ауылында туған.

өмір баспалдақтары:



  • Ауыл молдасынан сауат ашу

  • Ауыл мұғалімінен білім алу

  • 1897 ж Торғай қаласындағы екі класстық орыс-қазақ училищесіне түсіп, 1902 жылы бітіреді.

  • Содан кейін ұстаздық өмірі басталады

  • 1905 ж Қарқаралыдағы Қазақ құрылтайының ұйымдастырушыларының бірі

  • 1907ж Петербургте «Жастарға» өлеңі жарық көреді

  • 1907ж Уфа қаласында «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы жарық көреді, содан кейін қуғынға ұшырайды

  • Семей қаласындағы жандарм қолдарына түседі( 1,5 жыл отырады)

Тапсырма: 27-34 беттерді оқып, шығармаларының аттарын жазып алу

Шығармалары туралы әңгімелесу, сұрақ-жауап жүргізу.(37 беттегі сұрақтар бойынша)

Бекіту:


  • Міржақып Дулатов туралы қандай білім алдыңдар?

  • Міржақып Дулатов деген кім?

  • Қандай шығармаларын білесіңдер?

Үйде: №1,6,11 сұрақтарға жауап беру, әңгімелеу.

Қорытынды: бағалау, қоштасу

11 сынып қазақ әдебиеті


№ 4 сабақ тақырыбы: «Бақытсыз Жамал»

Мақсаты:

М. Дулатов шығармашылығы туралы түсініктерін ұлғайту

Міндеттері:

«Бақытсыз Жамал » романы туралы түсінік беру, шығарманы оқып түсінуге жаттықтыру, өз ойларын айта білуге ынталандыру

Құралдар:

Сабақ түрі: аралас

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі : сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)

Үй тапсырмасын тексеру (№1,6,11 сұрақтарға жауап беру, әңгімелеу)

Сұрақтар:



  • Міржақып Дулатов туралы қандай білім алдыңдар?

  • Міржақып Дулатов деген кім?

  • Қандай шығармаларын білесіңдер?

Жаңа сабақ :



  • Міржақып Дулатов деген кім? - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романының авторы, азамат ақын, көркем сөздің шебері, көрнекті қоғам қайраткері.

Тұңғыш қазақ романы - М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы -1910 жылы Қазан қаласында басылып шықты.

Басты тақырыбы - әйел теңсіздігі

Романның басты кейіпкері- Жамал. Басқа кейіпкері- әкесі Сәрсенбай, шешесі Шолпан, күйеуі Жұман, шонжар – қатыгез Байжан, сүйген жігіті – Ғали.

Романда қоғамдық- әлеуметтік өмір, қазақ халқының сол заманындағы тыныс-тіршілігі суреттеледі.

Жамал- көрікті, ақылды , ақын қыз. Оның бейнесі арқылы жазушы санасы оянған қазақ қыздарының бейнесін жасауға талпынған

Хрестоматиядан «Бақытсыз Жамал» романының үзіндісімен танысу


  • мәтінмен жұмыс (оқу, сұрақтарға жауап беру)

  • «Бақытсыз Жамал» романының кейіпкерлерінің аттарын қайталау

Бекіту:
Міржақып Дулатов деген кім?

«Бақытсыз Жамал» - басты тақырыбы не?

Басқа қандай шығармаларын білесіңдер?


Үйде: «Бақытсыз Жамал» оқу, мазмұндау

Қорытынды: бағалау, қоштасу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет