Сабақ тақырыбы Көпбұрыштың ауданын табу



Дата02.02.2020
өлшемі116,9 Kb.
#56992
түріСабақ
Байланысты:
тең шамалас, тең құрамдас


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А Аудан

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көпбұрыштың ауданын табу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.9 көпбұрыш ауданының анықтамасы мен қасиеттерін білу

8.1.3.10 тең шамалас және тең құрамдас фигуралардың анықтамаларын білу;




Сабақ мақсаттары

  • фигуралардың ауданы ұғымы және анықтамаларын білу;

  • тең шамалы, тең құрамды фигуралардың анықтамаларын білу, оларды ажырата алу;

  • тең шамалы, тең құрамды фигуралардың анықтамаларын есептер шығаруда қолдану.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

біледі:

  • көпбұрыштың ауданының анықтамасын және қасиеттерін;

  • тең шамалы және тең құрамды фигуралардың анықтамаларын.

қолдана алады:

көпбұрыш аудан ұғымын және қасиеттерін анықтамаларын есеп шығаруда.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- фигуралар аудандарының формулаларын ауызша тұжырымдайды;

- формулаларды түсінгенін тексеру үшін сұрақтарды тұжырымдайды;

- фигуралар аудандарының формулаларын қорытуды түсіндіреді.



Пәнге тән лексика мен терминология:

- тең шамалас, тең құрамдас,тең фигуралар;

- Көпбұрыш ауданы дегеніміз фигураның бірлік шаршыдан неше есе ... көрсететін сан;

- кез-келген екі теңшамалы параллелограмм ...;

- кез-келген екі теңшамалы көпбұрыш ...;

- көпбұрыш ауданының өлшем бірлігі ретінде ...



  • Тең шамалы фигуралар – Равновеликие фигуры – Equal figures

  • Тең құрамды фигуралар – Равносоставленные фигуры – Equivalent figures

Құндылықтарды дарыту



топпен, жұппен жұмыс орындау барысында құрмет, серіктестік және жеке жұмыс орындау кезінде жауапкершілік, үздіксіз оқу құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Алгебрамен байланыс. Практикалық есептер арқылы шынайы өмірлімен байланыстыру.

Бастапқы білім

Квадрат және ұзындық өлшем бірліктері.

Тіктөртбұрыштың, шаршының аудандары




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин


Ұйымдастыру сәті.

Сабақтағы іс-әрекеттермен таныстыру




Ауызша тапсырмалар

3 мин


Төмендегі фигуралардың аударының тең шамалас екендігін көрсету

Қосымша 1

Жекелей тапсырма

10 мин


Бағалау критерийі: Берілген шарттары бойынша, параллелограмның ауданын табады.
Дескрипторы:

параллелограмның белгісіз қабырғасын табады

30 градустық бұрыштың қасиетін қолданады

параллеограмның биіктігін анықтайды

параллелограмның ауданын табады

екі жағдайды қарастырады






Қосымша1

№2


Жекелей тапсырма

10 минут


Мақсаты:Құрылымдық тапсырма арқылы трапецияның белгісіз мәліметтерін және ауданын табу


  1. Белгісіз х-ті табыңыз

  2. ВС қабырғасының ұзындығын табыңыз

  3. Трапеция қабырғасының ұзындығын табыңыз

  4. Трапеция биіктігін табыңыз

  5. Трапеция ауданын табыңыз


Бағалау критерийі:

Трапецияның ауданын табады.




Қосымша 1

№3


Жұптық тапсырма

10 минут


Мақсаты: үшбұрыштың ауданын табуда формуланы қолдана алуға дағдыландыру

Бағалау критерийі: Үшбұрыштың ауданын табады

Дескрипторы:



4a

аудан табудың формуласын қолданады

үшбұрыштың белгісіз биіктігін табады

4b

аудан табудың формуласын қолданады

үшбұрыштың белгісіз қабырғасын табады

4c

герон формуласын қолданады

үшбұрыштың ауданын табады

қабырға мен оған түсірілген биіктік бойынша үшбұрыштың ауданын табу формуласын қолданады

үшбұрыштың кіші биіктігін табады




Қосымша 1

№4


Сабақтың соңы

5 минут


Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылармен сабақта алынған білімді қорытындылау

Үй тапсырмасы: Анықтамаларды, қасиеттерді оқып, түсіну. «В» деңгейіндегі кітаптағы есептерді шығару. № 209, 210, 211

«Геометрия 8» оқу құралы




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта оқушылардың топтарын құрастыру барысында әрдеңгейлі топтар құрылды. Топтағы оқушылар кім қай тапсырманы орындайтындығын өздері шешеді.

Топтық жұмыс барысында оқушылардың танымал формулаларды қаншалықты түсініп, оны есеп шығаруға және практикалық тапсырмаларды орындауда қолдана алу дағдалары бағаланады. Сонымен қатар оқушылардың бірін бірі және өзін өзі бағалау әдістері қолданылады.

Сабақ барысында топтық жұмыстар кезінде оқушылардың қозғалысы, орын ауыстырулары жоспарланған. Бұл физикалық қозғалыс денсаулыққа оң әсер етеді. Сонымен қатар оқушылардың партада омыртқа жоталарын тік ұстап отыруларын қадағалау.


Тапсырма

1. Егер әрбір торкөздің өлшемі 1 см болса, төмендегі суреттен тең шамалас, тең құрамдас фигураларды анықтаңыз:


[2]


2. Параллелограммның бұрыштарының біреуі 30 және бір қабырғасының ұзындығы 10 см. Егер параллелограммның периметрі 56 см болса, онда параллелограммның ауданын табыңыз.

[5]
3. Периметрлері өзара тең ABCD тіктөртбұрышы мен EFGH трапециясы берілген. Егер болса, табыңыз:



  1. BC қабырғасының ұзындығын

  2. EFGH трапециясының ауданын

[6]
4. АВС үшбұрышы берілген, егер:



  1. a) см, см болса, осы қабырғаға түсірілген биіктікті табыңыз.

[2]

  1. b) , болса, АВ қабырғасын табыңыз.

[2]

  1. c) және болса, үшбұрыштың кіші биіктігін табыңыз.

[4]


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет