БҚО. Жәнібек ауданы, Ұзынкқөл ауылы
Жалпы білім беретін Ұзынкөл орта мектебі
І санатты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Иркегулова Гулзада Ғайнешқызы
Сабақ тақырыбы: Мағжан Жұмабаев. «Сүйемін » өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1.Мағжанның ақындық ерекшелігіне тоқталу
2. Өлеңнің мәні мен мазмұнын түсіндіре отырып, аналарын құрметтей білуге баулу,
туған жерге сүйіспеншілігін арттыру
Сабақтың міндеттері:
1.Мағжан өмірі мен «Сүйемін» өлеңінің байланысын ашу.
2. Мағжан туралы деректерді кеңірек түсініп, ұғынуға дағдыландыру
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Көрнекілігі: М.Жұмабаев суреті. Тірек – сызбалар. Перфокарталық үлестірмелер. Интербелсенді тақта
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі. Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
І тапсырма: Әр топқа ақын – жазушылардың шығармашылық өмір жолынан тапсырмалар.
1 – топ: Жамбыл шығармашылығы
2 – топ: Сәкен шығармашылығы
3 – топ: Ілияс шығармашылығы
ІІ тапсырма:
І топқа: 1. Солтүстік Қазақстан; белді; беделді; Жұмабай
2. 3 жас; атасы Жұмабай
3. 4 жас; ерекшелігі
4. Ұлтжандылық өлеңдері қай кезде байқалды?
ІІ топқа:
1. Мағжан Жұмабаев қай тілдерді меңгерген?
2. Мұхтар Әуезовтің М.Жұмабаев туралы айтқан қандай қанатты сөзін білесіңдер?
3. Мағжан - (қандай?) ақын
ІІІ топқа 1. Мағжан Жұмабаев кім?
Ақын ? ?
өлеңдері поэмалары
? ?
2. Мағжан – сыршыл ақын. Өлеңдерін оқығанда қандай әсер алдың?
ІІІ. Жаңа сабақ: Бүгін, оқушылар Мағжанның «Сүйемін» өлеңін өтеміз. Осы өлеңді тыңдап көрейік. Содан кейін, оқушылар тақтаға жазады.
«Сүйемін»
?
?
?
?
Деңгейлік тапсырмалар орындау:
1 шумақ өлең құрылымына талдау жасау
Мақал – мәтелдер айту: ата – ана; жар; туған жер тақырыбында
Өлеңнен теңеу, эпитет табу
Ой толға: Ана, өмірдің алтын кілті сенде ғана
Жар – ердің тірегі
Туған елін сүйе алмаған, сүйе аларма туған жерін
ІҮ Бекіту:
Топтастыру жүйесі.
1. Бүгінгі тақырыбымыздағы «Сүйемін» өлеңі арқылы «Махаббат» деген ұлы ұғымды қалай түсінеміз?
Махаббат
2. Біз осындай адамгершілік ұлы қасиеттерімізді кімге арнауымыз керек?
Ү. Үйге тапсырма: «Менің елім» тақырыбында ой толғау
ҮІ. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |