Сабақ тақырыбы: Менің отбасым Отбасылық дәстүр



Дата20.07.2020
өлшемі0,94 Mb.
#63333
түріСабақ

Сабақ тақырыбы:

Менің отбасым

Отбасылық дәстүр

Мектеп:

Күні :




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: «Отбасы» тақырыбының әлеуметтік мәселелерін қарастыруды, ұлттық дәстүрлер мен мерекелерді суреттеуді, «отбасылық шежіре», «отбасылық дәстүр» сөздерінің мағынасын түсінуді үйренy;




Оқушылардың басым бөлігі: дағдылы және мереке күндерінің айырмашылығын түсіндіре білу.

Кейбір оқушылар: Алған блімді тәжірибеде қолдана алады.

Тірек сөздер:

отбасы – cемья – family;

отбасылық шежіре – родословная – geneology;

отбасылық дәстүрлер – семейные традиции – family traditions.

Ресурстар:

Түймедақ суреті, рөлдік ойынға арналған үлестірме парақшалар, шежіре ағашы бейнеленген плакат, ашықхат жасауға арналған үлгілер, түрлі-түсті қағаз, желім.

Сабақтың мақсаты:

1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру

1.1.1.2 отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау

1.1.6.1 отбасылық мерекелердің бірін сипаттау

1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Әр адамның өмірінде отбасының маңызы зор. Адамға жалғыз өзі өмір сүру, қиындықтармен күресу қиындық келтіреді. Бір өзі өз табыстарына қуана алмайды. Отбасы ұғымы сүйіспеншілік және қамқорлық туралы алғашқы ізгі ниеттермен байланысты.

Әр отбасында өз дәстүрлері болуы тиіс. Дәстүр

– ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып және көзқарастар жиынтығы. Дәстүрлерге сонымен бірге отбасылық шежіре құру да жатады. «Шежіре – бұл бір тамырдан тарайтын ұрпақтар ағашы»,- деп атап өтті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Жолдауында. Мұндай дәстүрлерге отбасылық мерекелер де жатады. Отбасылық мерекелерді өткізу отбасы мүшелерін ұйымшыл етіп, қуаныш сыйлайды.

Кейбір отбасыларында дастарқан басында бірге ас ішу, жоспарларды бірге талқылау, мәселелерді бірлесе шешу, киноға, табиғатқа бірге бару сияқты дәстүрлер қалыптасқан.

Қазақ отбасыларында балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Бала дүниеге келгеннен бастап («Шілдехана тойы», «Қырқынан шығару», «Тұсау кесер», «Тілашар» және т.б.) бүкіл өмір бойы баланың барлық қуаныштары аталып отырады.

Тұсаукесер дәстүрінің пайда болу тарихы. Бұл дәстүр өте ертеде пайда болған және тек

қазақтарда ғана емес, сонымен бірге басқа да туыстас халықтарда да (қырғыз, алтайлықтар, хакастар) кездеседі. Ерте заманда әлемді жер үсті, жер асты және аспан әлемі деп үш бөлікке бөлген екен. Адам бұл әлемнің барлығында болып қайтуы тиіс екен. Нәрестенің жерасты әлемімен байланысы мықты болғаны сондай, оны өз бетімен үзе алмаған. Оған көмектесу қажет болған. Сол кезеңнен бастап тұсау кесуді жігерлі, рухы мықты адамға сеніп тапсырған. Тұсауды кесе отырып, ол жерасты әлемімен баланы байланыстырып тұратын соңғы жіпті кескендей болады. Бала содан кейін біздің әлемге алғашқы қадам жасайды!

БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 жылы 15 мамырда Халықаралық отбасы күні деп жариялады. Бұл күнді белгілеу туралы шешім әлем жұртшылығындағы көптеген отбасылық мәселелерге назар аудару үшін қабылданды.

1998 жылғы 20 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл күн қыркүйектің әр екінші жексенбісінде мерекеленеді.


Сабақты «Түймедақ» ойнынан бастауыңызға болады. Түймедақтың ортасына «отбасы» сөзін жазып қойыңыз. Оқушылар әр жапыраққа осы сөзге қатысты сөздерді жазуы тиіс. «Отбасы» тақырыбына әңгіме өткізіңіз.

Сұрақтар қойыңыз: «Отбасының басқа адамдар тобынан айырмашылығы неде? Біздің сыныбымызды отбасы деп атауға болады ма?»



Кел, талқылайық!

  • Суретте кімдер бейнеленген?

  • Бұл адамдарды біріктіретін не?

Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым-қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін

Отбасылық дәстүрлер біріктіреді.


Менің отбасым. Оқушылардан өз отбасы, отбасындағы адамдардың қарым-қатынасы туралы айтуын сұраңыз.

«Қонақжайлылық» ойынын өткізіңіз. Сынып оқушыларын 3-4 топқа бөліңіз. Әр топ өзара әже, ата, ана, әке, балалар, қонақтар рөлдерін бөліседі. Рөлдерді бөліскеннен кейін ойын өткізіледі және оны талқылайды. Әр топтың жақсы жақтарын

айтыңыз: үлкендерге, қонақтарға құрмет көрсете алды ма, отбасы мүшелеріне назар аударды ма?

Дәстүрлер. Оқушылардан өздеріне таныс суретті таңдауын сұраңыз («Шашу», «Бата», «Тұсау кесу» және т.б.). Оқушылар өз өмірлерінде болған оқиғаларды әңгімелейді. Бұл дәстүрлердің қайсысын көргенін айтады.

«Отбасылық шежіре» сөзінің мағынасын оқушылармен бірге ашыңыз. Оқушылардың назарын ағаштың суретіне аударыңыз. «Шежірені неліктен ағашпен салыстырады?» деген сұрақ бойынша оқушылардың ойларын біліңіз.



Сен білесің бе? Оқушылардың пікірін сұраңыз. Адамның өмірі, азамат ретінде қалыптасуы отбасынан басталатыны туралы түсінік беріңіз. Отбасы мәселелеріне көңіл бөлу үшін Халықаралық отбасы күні құрылды. Отбасы күні Қазақстанда да аталып өтіледі.

Анықта. Бұл тапсырманы үйде орындауға беріңіз. Оқушылар үшін өз ата-аналарының балалық шағы туралы білу қызықты болады. Олар өздері жүргізген бақылау нәтижелерін сурет арқылы берсе де болады. Қабілеті жоғары оқушылар суреттерінде ата-аналарының бала кездерінде үлкендерге қалай көмектескенін, қандай ойындарды ойнағанын және қазіргі кезде оқушылардың өздері қандай ойындарды ойнайтынын көрсетеді.

Орындап көр. Оқушыларға ашықхат жасау үшін үлгілер таратып беріңіз. Өз жақын туыстарына тілек жазуды сұраңыз. Ашықхаттың арғы бетіне үй мекенжайын жазсын. Бұл келесі сабаққа арнап алдын ала берілген тапсырма болады.

«Отбасылық шежіреге» туыстарыңның суреттерін желімде.




Сен білесің бе?

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Қазақстанда Отбасы күнін қыркүйекте мерекелейді.





Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Зертте. Оқушылардан Наурыз мерекесі туралы әңгімелеп беруді сұраңыз. Олар өз отбасында бұл мерекені қалай атап өтетіні туралы естеріне түсіріп, әңгімелеп беруі тиіс. Олардың әңгімесін тойда айтылатын тілектер, ұлттық тағам, киіз үй және т.б. туралы қосымша ақпаратпен толықтырыңыз. Наурыз мерекесінің тарихы туралы қысқаша түсінік беріңіз.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырма тілдік мақсатты іске асыруды көздейді.

Оқушылар «ана», «әке», «әже», «ата», «аға», «іні», «әпке», «сіңілі» сөздерін үш тілде айта алады.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Өнер. Оқушыларға өз отбасына қатысы бар заттардың суретін салуды ұсыныңыз. Олар күннің, кемпірқосақтың, ағаштың, үйдің және т.б. суретін

салуы мүмкін. Әр суретке атау беруге болады. Мысалы, «Анам, әкем және мен – тату-тәтті отбасымыз», «Отбасымыз – қорғанымыз», «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін!», «Әрқашан біргеміз» және т.б.

АКТ. Қабілетті оқушыларға өз отбасы туралы шағын таныстырылым жасауды ұсыныңыз. Онда отбасы мүшелерінің суреттерін орналастыруға болады. Оқушылар суретке өз шежіре ағашын сала алады.

Жауабы: Жеті күннен кейін.




Оқушыларға әшекейлі тізбек көмегімен өз отбасын бейнелеуді ұсыныңыз. Оқушылар түрлі-түсті қағаз жолақшаларына өз есімін, анасының, әкесінің, атасының, әжесінің, ағасының, әпкесінің есімдерін жазады. Әр жолақты сақина етіп бекітеді де барлық әшекейлі тізбектерді біріктіреді. Нәтижесінде отбасы шежіресі шығады. Әрқайсында қайталанбас өз отбасы бар екенін байқайды. Оқушылар бір-бірінің әшекейлі тізбектерін біріктіре алады. Оқушылардан барлық әшекейлі тізбектерді біріктірсе, не болатыны туралы тұжырым жасады сұраңыз.


Бағалау


Оқушылар

– отбасылық дәстүрлер туралы;

– Наурыз мерекесі туралы білді;

Оқушылар


– өз отбасы шежіресін жасауды;

– қонақжайлылық ережелерін сақтауды үйренді.

«Тату-тәтті отбасы» ойыны Сенің анаңның анасы саған кім болады?

(Нағашы әже). Менің анамның қызы, бірақ мен емес?

(Әпке, сіңлі).

Сенің әкеңнің әкесі? (Aта). Сенің әкеңнің ағасы саған кім болады?

(Көке).

Сенің әкеңнің әпкесі саған кім болады? (Әпке).



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет