Сабақ Тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттері Мақсаты: Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерімен танысу



бет1/34
Дата22.06.2017
өлшемі3,1 Mb.
#19528
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
4- сабақ

Тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттері

Мақсаты:

  • Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерімен танысу;

  • Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін есептер шығару барысында тиімді қолдана білуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру;

  • Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, ұжымдық мәдениетін қалыптастыру;

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Қайталау сұрақтары

  3. Үй тапсырмасын тексеру.

  4. Жаңа сабақ

  5. Жаңа сабақты бекіту.

  6. Перфокартамен жұмыс.

  7. Үйге тапсырма.

  8. Бағалау.Сабақты қорытындылау.

САБАҚ БАРЫСЫ

    1. Ұйымдастыру бөлімі. (2 минут) Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау.

Сынып оқушылары топқа бөлініп, бір оқушы топ басшысы болып тағайындалады. ( топ мүшелері 4 адамнан аспауы тиіс)
ІІ. Қайталау сұрақтары: (3 мин)(Мұғалім сұрақтар қояды, сынып оқушылары жауап береді)

  • Натурал көрсеткішті дәрежеге анықтама беріңдер.

  • Натурал көрсеткішті дәреже қандай элементтерден тұрады ?

  • “1383” өрнегі қалай оқылады?

  • Дәреже негізі мен көрсеткіштерін атаңдар.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру. (8 мин)

А) Үйге берілген есептердің кейбірулерін тақтаға шығару.


Б) Ауызша есептер: 1)1,52 2)32 + 22 3) (–5)2 4)(- 10)2 5)(– 4)2 + 42

6)4∙52

В) Өрнектің мәнін 0 салыстырыңдар:а) (-2)³ б) (-7)² в) -1² г) -8²

IV. Жаңа сабақ. Дәптерге сабақтың тақырыбы жазылады. (Оқулықпен жұмыс. Әр топқа бірдей тапсырма беріледі. Оқулықтың 8-10 бетіндегі натурал көрсеткішті дәреженің 1-5 қасиетттерін оқиды, мысалдардың шығарылуын қарайды, түсінеді. ) Әр топқа тапсырмалар беріледі, топ тұжырым жасап, топ басшысы қорғайды.

Топтарға берілетін тапсырмалар: Топ мүшелері қасиеттерді тұжырымдап, ережеге үш мысалдан дәптерге жазады. ( оқушының жауабы ауызша сұралады).



Санның 1 дәрежесі туралы қасиетті тұжырымда. Санның 0 дәрежесі неге тең?

Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу ережесін тұжырымда

Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту ережесін тұжырымда

Дәрежені дәрежеге шығару ережесін тұжырымда

Көбейтіндіні дәрежеге шығару ережесін тұжырымда

Бөліндіні дәрежеге шығару ережесін тұжырымда




10 . а1 = а.

Кез келген санның 1 дәрежесі, сол санның өзіне тең.

а0 = 1

Кез келген санның 0 дәрежесі 1-ге тең.

20

аnm =a n+m

Ереже: негіздері бірдей дәрежелерді бөлген кезде, дәреже негізі жазылып, дәреже көрсеткіштері азайтылады.



30

аn•аm =a n+m

Ереже: негіздері бірдей дәрежелерді көбейткен кезде, дәреже негізі жазылып,дәреже көрсеткіштері қосылады.



40

(an)m=anm

50

(ab)n=anbn

60



V. Сабақты бекіту. Тақтаға есептер шығарылады. № 5,8, (ауызша)№4 (тақтаға шығарылады) №6,(5,6) 10,12,15 (оқушылар өздері орындайды.)

VІ. Перфокартамен жұмыс. Әр оқушыға 10 тапсырмасы бар,жеке карточка беріледі.Топ басшысы тексереді.

  1. а7* а2 * а3

  2. в1* в2* в

  3. х10 : х7

  4. у30 : у12 : у6

  5. 22 * 2 * 22

  6. 47 : 43

  7. а26 : а12 : а3

  8. 512 : 57 : 53

  9. n * n * n * n * n

  10. в12 : в : в : в5

VІІ. Үйге тапсырма. №6(1,2,3,4),№9,№11,№24. .

VІІI. Сабақты қорытындылау. Бағалау (топ басшыларының көмегімен).


2 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Параллелограмм және оның қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Параллелограмм анықтамасы, элементтерін,

қасиеттерін білу. Алған білімді есептер шығаруда қолдану



2) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, тапқырлыққа, тез шешім табуға баулу

3) Тәрбиелік: Оқушыларды оқуға, жауапкершілікке, байқампаздыққа, өз ойларын сенімділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Оқыту әдістері: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап алу, есептер шығару.

Көрнекіліктер мен құрал жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтық презентация, сызба құралдары

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі

2) Үй тапсырмасын тексеру және өткен тақырыпты қайталау

3) Жаңа сабақты меңгерту

4) Жаңа сабақты бекіту

5) Сабақты қорытындылау, бағалау

6) Үйге тапсырма



II. Үйге берілген есептерді тексеру. Өткен сабақты бекітуге сұрақтар қойылады.

  1. Қандай фигура төртбұрыш деп аталады?

  2. Төртбұрыштың қандай төбелері – көршілес, қандайлары қарама-қарсы төбелер деп аталады?

  3. Төртбұрыштың диогоналі деген не?

  4. Төртбұрыштың қандай қабырғалары көршілес, қандай қабырғалары қарама-қарсы қабырғалар деп аталады?

  5. Төртбұрыш қалай белгіленеді?

III. Жаңа сабақты меңгерту.

Жаңа сабақты түсіндіру алдында жаңа сабаққа байланысты параллель түзулердің қасиеттерін, белгілерін үшбұрыштар теңдігінің белгілерін еске қайталап түсіреміз.



Параллелограмның анықтамасы.

Параллелограмм дегеніміз – қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан параллель, яғни параллель түзулер бойында жататын төртбұрыш.

Параллелограмның бір төбесінен қарсы жатқан қабырғасына түсірілген перпендикуляр оның биіктігі деп, ал биіктік түсірілген қабырға табаны деп аталады.



.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет