Сабақ тақырыбы: Неліктен Қазақстан Ресей үшін «кілт пен қақпа»



Дата25.01.2017
өлшемі67 Kb.
#7757
түріСабақ

Сабақ тақырыбы:

1.Неліктен Қазақстан Ресей үшін «кілт пен қақпа» болды? 1 сағат

2.Әбілқайырдың Кіші жүзді Ресейге қосуындағы көздеген мақсаты қандай?

2сағат


Мектеп: НЗМ Талдықорған

Уақыты: . 17.09.2013ж

Мұғалімнің аты-жөні: Рымжанова А.Е.

Сыныбы: 8д,8с

Қатысқан оқушылар саны:

Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

Бірнеше дерек көздерден керекті ақпаратты таңдай біледі;

тарихи-логикалық сұрақтарға сенімді жауап беру үшін бірнеше дерек көздерінің ақпаратын жіктейді;

деректерге нақты сұрақтар құрастырады


Сабақтың мақсаты

1.Кіші жүздің Ресей құрамына қосылу ерекшеліктерін анықтай отырып, неліктен Қазақстан Ресей үшін «кілт пен қақпа» болды деп атағанын түсінеді;

2. бірнеше дерек көздеріндегі ақпараттарды жіктеуге үйреніп, танымдық қабілеттері дамиды;

3.Тарихтың кейбір тұстарына талдау жасауға, Отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу .


Тілдік міндеттер

Отар ,отаршылдық,бодан,форпост,грамота,елшілік,казак,губернатор,

әкімшілік басқару ,шекара шебі, бекіністер шебі ұғымдарын пайдалана отырып әңгіме құру, диалог құрастыру;



Алдыңғы білім

ХVІІІ ғасырдың басында қазақ халқын аса ауыр зардаптарға душар еткен Отан соғысы туралы біледі.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар (төменде келтірілген жазбаларды өзіңіз орындататын тапсырмалармен алмастырыңыз)

Дерек көздері

Басы


Өткен тақырыпқа шолу:

-Қандай тарихи оқиға жайында әңгімелестік?

-Қай оқиға есіңізде жақсы сақталды?

-Ол туралы не ойладыңыз?



- «Кілт пен қақпа» сөз тіркесінің мағынасын қалай түсінесіздер?

-«Аңырақай шайқасынан» кейін оқиға қалай өрбіген деп ойлайсыңдар?

-«кілт пен қақпа» деген кімнің сөзі болуы мүмкін?

Талқылау ұйымдастырылады.

Сынып алдына түрлі аспектілердегі суреттер тізбесін ұсынамыз.

Оқушылардың міндеті: тізіп қойылған суреттердің бір – бірімен байланысын табу, неліктен нақты осы суреттердің берілгенін болжау қажет.


Б/Т Оқушылардың сабақ тақырыбы туралы аздап түсінігі қалыптасқаннан кейін, тарихи деректерге сүйене отырып, оған нақты фактілер келтіре отырып, дәлелдер ұсынылады.
Б Сыныпқа келесі сұрақты қойыңыз: Ресей көздеген мақсатына қалайша қол жеткізуге тырысты?
Н. Коншин былай деп жазды: "Ертіс бойындағы бекіністер шебі осылай құрылды. Оның міндеті оң жағалаудағы жерлерді жоңғарлардан, ал одан соң көп ұзамай қазақтардан қорғау еді".

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. – Алматы, 2010.

Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.

8 сынып. Қазақстан тарихы., Атамұра, 2012.

Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. – Алматы: Казахстан, 1994

Зозуля Т., Нұрхаева А.Қазақстантарихы. Электрондықкестелер мен сызбалар. – Арман-ПВ, 2011.




Ортасы


Б/Т/Ж І Петрдің жүргізген саясаты жайлы жалпы мәліметті беру. Оқушылар бұл мәліметке сүйене отырып, І Петрдің негізгі іс-әрекеттерін анықтап, талдау .

Мысалы, оқушылар келесі тұжырымдарды шығаруы мүмкін:

1. Қазақ жерін зерттеуді бастады (Каспий мен Арал теңізі, Жайық өзені).

2. Шекаралық бекініс қамалдар салды (Гурьев бекінісі, Омбы, Ямышевск бекіністері, Железинск қамалы, Семипалатинск, Өскемен, Павлодар бекінісі).

3. Сауда байланысын күшейтті.

4. Дипломатиялық ықпал жасады.

5. Әскери қосындарды жіберді.

Б/Т Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуға қазақ жүздері де мүдделі болғанын түсіндіру.

Б/Т Неліктен Қазақстанның Ресей үшін «кілт пен қақпа» болғандығын сұрау. Картаны пайдалана отырып, Ресейдің Қазақстан арқылы Орта Азияға өту жолдарын анықтап, көрсету . Оқушылар шығармашылықпен неліктен «кілт пен қақпа» болғанына презентация жасайды.

Б Әбілқайыр ханның Анна Иоанновнаға жіберген елшілік жайлы ролдік ойын ұйымдастыру.

Т - «Әбілқайырдың Кіші жүзді Ресейге қосуындағы көздеген мақсаты қандай болды?»

Осыдан кейін сыныпты төрт топқа бөліңіз. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы туралы алдан ала дайындалған мәтінді тарату.



Т Мәтінді пайдалана отырып, оқушылар Кіші жүздің Ресейге қосылуына әсер еткен негізгі және жанама себептерді талдайды. Диаграмма/кесте арқылы Әбілқайыр ханның көздеген мақсатына шығады.
Топтарды бір ортақ пікірге әкелу үшін бүкіл сынып бір мақсатқа дауыс беріп, Әбілқайыр ханның көздеген мақсатын анықтайды.

Әбділдабекова, А. М. XVIII-XX ғасыр басындағы Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы: тарихнама мәселелері. – Алматы, 2007

Казахско-русские отношения в XVI-XVIII вв. - Алма-Ата: Изд-во АН КазССР,1961.
Аспендияров, Санжар Қазақстан тарихының очерктері. – Алматы: Санат, 1994

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. – Алматы, 2010.

XVIII-XX ғасыр басындағы Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы: тарихнама мәселелері
Касымбаев Ж.К. Политика Абулхаир-хана в принятии Младшим жузом Российского подданства в 30-годах 18 века //Поиск. №5, 1997, 62-72 бб.

Ерофеева И. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. – Аламаты, 1999.




Соңы

10 минут


Ф Әр топ сынып алдында Әбілқайыр ханның көздеген мақсаттарына дәйектер келтіреді.

Сабақты қорытындылау, бекіту.



Үйге тапсырма беру: Қазақстанның Ресейге қосылуының жағымды және жағымсыз жақтарын талдап жазу.

Адильханова С.А. Казахско-джунгарские взаимоотношения в XVII-XVIII веках. – Алматы: «Дайк-пресс», 2007.  


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:Топпен жұмыс
2:Сұрақ - жауап әдісі
Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: Топ ішіндегі жұмысқа дем беріп отыру
2:Ресурстардың қолжетімділігі
Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?
Кейбір оқушыларды әр топқа отырғызу қажет

Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет