Сабақ тақырыбы: Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау Жалпы мақсат



Дата21.07.2017
өлшемі77,03 Kb.
#21522
түріСабақ


Коучинг сабақ жоспары


Сабақ тақырыбы:

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

Жалпы мақсат:

Мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ұштау, жаңа формациядағы бағалау түрлерін тәжірибеде қолдану. Мұғалімдерге оқушылардың айқындалған  критерийлерге сәйкес өз жұмысының сапасы туралы қорытынды жасай бiлуге қол жеткізуін үйрету, өзiн-өзі бағалау және өзара бағалау үдерiстерiнің дамуына ықпал ету

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.Екінші деңгей.Үшінші басылым

Үлестірмелі нұсқаулық

Оқу нәтижесі

Мұғалімдер формативті және жиынтық бaғалаудың айырмашылығын біледі, критериалды бағалауды сабақтарында қолдана алады

Түйінді идеялар:

Білім саласындағы қарқынды даму кезеңіндегі мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, флипчарт қағаздары, стикер, жасанды ақша, презентация, маркер,бейнесюжет

Оқыту әдістері:

ОҮБ

АКТ


СТО

1.Топтық жұмыс

2.Диалог



Дерек көздері:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

Бағалаудың мәні. Қалыптастырушы және жиынтық.Интерпретация. Оқуды бағалау. Оқу үшін бағалау. «Қара жәшік ішіндегі бағалау».



Тапсырмалар:

Сұрақтарға жауап беру,салыстыру,талдау,өзара пікірлесу

Оқуға арналған тапсырма:

Мұғалімге арналған нұсқаулық





Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:


Сабақтағы іс-әрекеттер



Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Ұйымдастыру:

(5 мин)


Коучинг сабақтың қатысушылармен сәлемдесу. 1.Жағымды психологиялық хал-ахуал қалыптастыру. Сергіту сәті: «Көңіл көтеру»

Сабаққа деген көңіл-күйлері көтеріңкі болады.


Топқа бөлу және топ ережесін құру

(5 мин)



Мұғалімдерге әр түрлі валюта арқылы топқа бөлу. Сабақтың мақсаты мен нәтижесін таныстыру.


Валюта арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды,топқа бөлінеді.


Слайдтық көрсетілім

(10 минут)

Миға шабуыл әдісі арқылы «Сынық құмыра» слайд көрсету.

Жетелеуші сұрақтар:

-Бұл слайдтан қандай ой түйдіңіздер?

-Иесі тарапынан бағалау байқалды ма?


Мұғалімдер ой қозғайды, сұрақтарға жауап береді

1 -тапсырма

(15 мин)
Қорғауға 2 минут

Мұғалімдерге формат тарату және «Бағалау» сөзінің мағынасын ашу тапсырмасын беру.

Түсіндірме сұрақтар

-Бағалаудың қандай түрлерін білесіздер?

-Сіз оқушыны қалай бағалайсыз? -Сабақта нені бағалайсыз?

Бағалау туралы қосымша материалдар беру.


Топтық жұмыс барысында бағалаудың мәнін талқылайды,ынтымақтастық орнайды,бірлесіп жұмыс жасайды.Бір-бірімен ой бөліседі.

Топтық жұмыс

2-тапсырма

(10 минут)



Қорғауға 2 минут

Ойлан-Жұптас-Бірлес стратегиясы

«ХХІ ғ.оқушы сөмкесі қандай болу керек?» тақырып бойынша постер қорғау. Критерий бойынша бағалайды. Топ ішінде бағалайды.



Іс-әрекетті дұрыс бағалау үшін жіті қадағалап үйренуіне жол ашады, қорғайды, бағалайды(өзара, топты), талдайды

Критерийлер мен дискрипторларды анықтай отырып, топтың жұмысын бағалау



Рефлексия

5 минут

Ашық сұрақтар:

-Бұл бағаны не үшін қойдыңыз?

-Бағалау кезінде неге назар аудардыңыз?

-Жұмысты бағалау оңай болды ма?

Бағдаршам арқылы бағалау.

1. материалды ұғындым



2. біліміме сенімсіздеумін

3. мүлдем түсінбедім

Жасаған өнімдерін қайта бағалау (шығарылған критерийлері бойынша)

Сергіту сәті

(5 минут)

Қаңқалар

Жағымды орта қалыптастыру. Психологиялық қолайлы ахуал орнату.

Сергіту сәтіне ұйымшылдықпен қатысу

Ақпарлама

(15 мин)

«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» туралы Power point арқылы қысқаша мәлімет беру.

Формативті бағалау тәсілдерін талдау


Таныстырылымды тыңдайды

«Сұрақтарға арналған жәшік»;

«Бағдаршам»;

«Жетістіктер тақтасы»

«Мадақтау»

«Рефлексивтік талдау картасы»



Рефлексия

(8 мин)



Кері байланыс жасалады. «Білім ағашы»

-Бүгінгі сабақта не білдіңіздер?

-Бүгінгі сабақта не үйрендіңіздер?

-Тапсырманы орындауда қандай ерекшеліктерді байқадыңыздар?

-Критерийлер бойынша бағалай тиімді ма?

-Бағалаудың қандай әдістерімен таныстыңыздар?



-Бағалаудың бұл тәсілдері оқушылар үшін тиімді ма?

Әрқайсысы өз пікірлерін білдіреді.
Стикерлер арқылы өз ойларын жазады.

Каталог: uploads -> doc -> 11fa
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11fa -> «Өзін-өзі тану» пәні 9 «А» сынып бойынша сабақтар топтамасының жоспары
11fa -> Дене тәрбиесі сабағында оқытудың жаңа технологияларын енгізудің тиімді жақтары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет