Сабақ тақырыбы: Пифагор теоремасының қолданылуы



бет1/6
Дата26.08.2017
өлшемі1,48 Mb.
#29720
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Сабақ тақырыбы: Пифагор теоремасының қолданылуы

Геометрия 8 - сынып
Сабақ мақсаты:

Білімдік: Оқушылардың Пифагор теоремасы тақырыбы бойынша қызметін ұйымдастыру, Пифагор теоремасынын дәлелдеудің бірнеше тәсілдерін меңгеру, есептер шығаруда формулаларды қолдана алуға дағдыландыру.

Дамытушылық: Қарастырып отырған есептерге талдау жасай білу, қорытындылар жасауға, сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, ұқыптылық және тиянақтылыққа, шығармашылық белсенділікке баулу, көншіл, ұйымшыл болуға тәрбиелеуге күш салу.
Сабақ типі: аралас.

Сабақ түрі: білім, білік дағдыларын бекіту

Сабақтың әдісі: тәжірибелік, практикалық

Сабақтың тәсілі: миға шабуыл, зерттеу, рефлексия, талдау, сұрақ-жауап, презентация.

Оқыту формасы: топтық, жеке-дара

Көрнекілігі: презентациялар, оқу құралдары, интерактивті тақта, математикалық конструктор 1C.


Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсаты. Бүгінгі алатын білімнің өзектілігі. (2 мин)

  2. Өткен теориялық материалдарды қайталау. (7 мин)

  3. Математикалық конструктор 1C ортасында практикалық тапсырмалар орындау арқылы мақсатқа жету. (23 мин) Пифагор теоремасының қолдану аясы.

  4. Ежелдегі қызықты есептерге шолу, қосымша мәліметтер (5 мин)

  5. Рефлексия. Үйге тапсырма. Бағалау. (3 мин)


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгінгі алатын білімнің өзектілігі:

Өткен сабақтарда біз Пифагор теоремасын дәлелдеудің бірнеше тәсілдеріне тоқталып, белгілі тұжырымдарды дәлелдеп, тік бұрыштарды шешуге есептер шығарсақ, бүгінгі сабақта осы Пифагор теоремасының қолдану аясына кеңінен тоқталамыз. Нақтырақ айтсақ, жазықтықтағымен қоса кеңістіктегі нүктелердің және берілген нүктеден фигураға дейінгі ара қашықтықты табуда қолданамыз. Сонымен бірге атаулы теорема қолданылатын ертедегі қызықты есептерге де тоқталамыз.




  1. Үй тапсырмасын тексеріп, ( өткен теориялық материалдарды қайталау) ауызша сұрау.

  1. Пифагор деген кім? Пифагор теоремасының қандай дәлелдеулерін білесіңдер?

Пифагор – б.д.д. VI ғасырда өмір сүрген грек ғалымы.

Пифагор теоремасының келесі дәлелдеулерін білеміз:



  • Фигуралардың тең шамалылығы бойынша (Пифагор дәлелдеуі);

  • Аддитивті дәлелдеуі, яғни катеттерге салынған шаршыларды фигураларға бөліктеу, нәтижесінде осы бөліктерден гипотенузаға салынған шаршыны құрастыра білу (Эйнштейн дәлелдеуі);

  • Бұрыштың косинусы бойынша дәлелдеуі.




  1. Катеттер, биіктіктер теоремалары. Пифагор теоремасы. (Ауызша тұжырымдау)

Катеттер теоремасы (Евклид теоремасы):

Тікбұрышты үшбұрыштың катетіне салынған шаршы ауданы қабырғаларының бірі гипотенузаға тең, ал екіншісі үшбұрыш биіктігі бөлетін гипотенуза бөлігінің біріне тең болатын тік төртбұрыштың ауданына тең болады.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет