Сабақ тақырыбы Пікір ұғымы. Пікірлер формасы. Кванторлар



Дата04.04.2020
өлшемі261,5 Kb.
#61545
түріСабақ
Байланысты:
Пікір ұғымы. Пікірлер формасы. Кванторлар.


Пән: Математика теория негіздері және бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі




Күні: 17.03.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Жакупова Ұ.Т.

Топ: МБТ 19-1

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Пікір ұғымы. Пікірлер формасы. Кванторлар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Пікір ұғымы. Пікірлер формасы. Кванторлар туралы мағлұмат алады.

Сабақ мақсаттары

  • Барлық оқушылар білуге тиісті: Пікір ұғымы. Пікірлер формасына есептер шығаруды үйренеді.

  • Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: Кванторлар туралы мағлұмат алады

  • Кейбір оқушылар білуге тиіс:Ауызша есептеу тәсілдерін түсінеді.

Бағалау критерийлері

Білім алушы

1 Пікір ұғымы. Пікірлер формасы. Кванторлар туралы мағлұмат алады



Тілдік мақсаттар

Пəнге қатысты сөздікқор мен терминдер: пікір, ұғым,квантор.

Оқытудың тілдік мақсаты: Пікір ұғымы. Пікірлер формасы. Кванторлар туралы мағлұмат алады

Жазылым дағдысы: Қасиеттерді жаза біледі.

Құндылықтарды дарыту

Достық пен келісім дәстүрін сақтау, мұғалім мен өзге оқушылардың сөзін тыңдау, естігеннің мәнін түсіну, сұраққа дұрыс және нақты жауап беру, сыныптастарымен тілдесуде сөйлеу мәдениетін сақтай құрметтеу қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Физика, математика

АКТ қолдану дағдылары

Тақта, оқулықпен,үлестірмелер,оқулық

Бастапқы білім

Пікір ұғымы. Пікірлер формасы. Кванторлар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру.Салемдесу.Түгендеу.

Ширату жаттығуы: «Сәлемдесу»


Күнделікті емле жаттығулары

Шығармашылық тапсырма:

1 — тапсырма. Математикалық диктант
1. 1метрде неше сантиметр бар?
2. 58 бен 2 сандарының қосындысы нешеге тең?
3. 12 мен 50 сандарының қосындысына 8 — ді қос
4. 1 минутта неше секунд бар?
5. 5 жүзд. 6онд. 5. Бірл қандай сан?
6. 6 алманы 2 тәрелкеге тең бөліп сал. Әр тәрелкеге неше алмадан салынады.


Шаттық шебері

Сабақтың ортасы

Дәрістер: Математикалық логика ұғымдар және олардың қалыптасу процесі. Анықталатын және анықталмайтын ұғымдар. Ұғымдарды анықтаудың тәсілдері. Математикалық логика тұжырымдардың түрлері: Кванторлар, аксиомалар, пікірлер және пікірлік формалар, предикаттар, теоремалар. Тегі және түрлік айырмашылығы арқылы берілетін анықтамалардың құрылымы. Осындай анықтамалардың мысалдары пікірлерге және предикаттарға қолданылатын амалдар: теріске шығару, конъюнкция, дизъюнкция, импликация, эквиваленция, квантификация немесе кванторлар, қарапайым және құрама пікірлерді ілу.

Пікірлер логикасының заңдары: конъюнкцияның және дизъюнкцияның коммутативтігі, конъюнкцияның және дизъюнкцияның ассоциативтігі, конъюнкцияның және дизъюнкцияға қатысты дистрибутивтігі, дизъюнкцияның конъюнкцияға қатысты дистрибутивтігі, екі рет теріске шығару заңы, қайшылық (үйлеспеушілік) заңы, де - Морган заңы.

Сөйлемдер арасындағы келіп шығу және мәндес болу қатынастары. Қажетті және жеткілті шарттар. Теореманың құрлысы. Теореманы дәлелдеудің (тура және жанама) тәсілдері. Пайымдаулардың түрлері (дедуктивтік, индуктивтік және традутивтік) дұрыс және дұрыс емес пайымдаулар.

Практикалық: «Логикалық операциялар», «Пікір және пікірлік формалар», «Кванторлар», «Предикат логикасының формулалары». Логикалық операцияларды және оларға қолданылатын амалдарды, амалдардың қасиеттері мен заңдарын оқытып-үйрету.


И.Бекбоев,

В.Гусев,

Ж.Қайдасов,

А.Абдиев

Геометрия

11 сынып


Алматы

«Мектеп»

2014ж.


Сабақтың соңы

Математикалық логика курсының өзекті мәселесі «Логикалық операциялар», «Пікір және пікірлік формалар», «Кванторлар», «Предикат логикасының формулалары» болып табылады. Осыған байланысты курста логикалық операцияларды және оларға қолданылатын амалдарды, амалдардың қасиеттері мен заңдарын оқытып-үйрету басты орын алады. Бұл орайда логикалық операцияларды және пікір және пікірлік формалар қарастырылып есептеулер жүргізуімен байланысты біліктер мен дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздері болып табылатын мәселелер жан-жақты қамтылады.

Математикалық логика курсында пікір мен предикат ұғымдары математиканың «Жиын», «Қатынас», «Кванторлар», «Тавтология» және т.с.с. жалпы ұғымдарына сүйеніп енгізіледі. Шын мәнінде бұл жалпы ұғымдар мектеп математикасы курсында айқын емес түрде қолданылады. Сондықтан болашақ бастауыш мектеп мұғалімдері белгілі бір жалпы математикалық логика ұғымдармен таныс болуы тиіс. Мұнда жиындар теориясы мен математикалық логика элементтері математика курсының негізін құрайтындықтан және оны тиісті математикалық тілмен қамтамассыз ететіндіктен барынша тереңірек баяндалады. Бұл жалпы ұғымдар сондай-ақ әр алуан жиындар туралы білімдер «Логикалық операция», «Пікір және пікірлік формалар» тақырыбында атап айтқанда пікірлерді теріске шығару пікірлердің конъюнкциясы, пікірлердің дизъюнкциясы, пікірлердің импликациясы, предикаттар, кванторлар, пікірлер логикасының формулаларына арналған ақиқаттық кестесін құрастыру, тавтологиялар, тебе-тең түрлендірулер, кері және қарама-қарсы сөйлемдер, нормальді формалар, қасиеттер және қатынастар, теорема құрылымы және т.б. ұғымдырды қалыптастыру барысында кеңінен қолданылады.








Дифференциациялау оқушыларға мейлінше қолдау

көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалайша түрлендіресіз?



Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалайша

жоспарлайсыз?

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.


Пәнаралық байланыс –

Денсаулық пен қауіпсіздікті

тексеру, АКТ


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері анық па?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?




Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз?



Дифференциялау

жоспарым жүзеге

асты ма? Тапсырмалары

сәйкес болды ма?

Уақыт дәлдігі қалай

болды? Жоспарыма

қандай өзгерістер

енгіздім?





Қорытынды баға

  1. Оқыту мен үйренудің қайсысы сәтті болды?

  2. Оқыту мен үйренудің қайсысы толықтырылуы керек?

  3. Келесі сабағымда ескеретіндей сынып пен жеке оқушы жайында қандай мәлімет алдым?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет