Сабақ тақырыбы: Республика рәміздері



Дата01.12.2016
өлшемі343,61 Kb.
#2930
түріСабақ
Жылмағанбетова Сандигуль Шаяхановна

Қызыл суат ауылының №39 негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Әдебиеттік оқу 4-сынып

Сабақ тақырыбы:Республика рәміздері

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың тәуелсіздіік туралы түсініктерін кеңейту.Мемлекеттік рәміздердің құндылықтары мен оған деген құрмет, Отан алдындағы,тарих алдындағы,болашақ алдындағы ақтар борышы мен міндеті екенін ұғынуына жол сілтеу .

2.Ақынның жан дүниесі мен туған еліне деген мақтаныш сезімдерін көркем сөзбен жеткізу тілін ұғынулары арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын сөздік қорын дамыту.

3.Отанды сүюге, тілді ,рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ әдіс –тәсілдері: жаңа , талдау, топпен жұмыс,Сто техналогиясы, ойын.

Сабақ көрнекілігі:Рәміздер .Тәуелсіздік монументі суреті,үнтаспа АКТ,сызба.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Сыныпты үш топқа бөлу.(топ басшысын, топ атын ,топ ұранын айттыру)



II. Қызығушылықты ояту.Үй тапсырмасын тексеру .

Тәуелсіздік монументі өлеңі.(оқыту тізбектей, не жаттағанын)

Тәуелсіздік монументі туралы қосымша тапқан деректерің болса ортаға салайық.(слайд көрсету)

Қазақ елі ұлан –байтақ.Бір қиырынан екікші қиырына дейін ұшқан құстыңканаты талып,жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда.Айтса айтқандай,батысынан шығысына 3000шақырым,солтүстігінен оңтүстігіне 1600 шақырым,жалпы аумағы2717,3 мың шаршы шақырым алып аймақты қалай әсіреселесе де тұрарлық.Осындай кең-аймақты байтақ жерге ие жас,егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «іңгәсі» бар.Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз дауысымен ән айтып ,өз тілінде жар салуды армандайды.Ол не деп ойлар едіңдер?

Тәуелсіз егеменді ел болған соң ,еліміз өзінің несін бекітті?

Рәміздерге не жататын еді?,Рәміздеріміздің бекітілген күні қашан еді?

ҚР-ның Ата заңының 9-Бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері-Ту,Елтаңба,және Гимні бар –делінген.Сондай-ақ осы заңның 34-бап,2 тармағында»Әркім Республиаканың мемлекеттік нышандарын құрметтеу ге міндетті»

Рәміздер құрметіне орнымыздан тұрып әнұранымызды айтып жіберейік.



III. Мағынаны тану.Еліміздің көрнекті ақындарының бірі ,мына кісіні білеміз бе?

Тұманбай Молдағалиев туралы түсінік.Ендеше осы ақын ағамыз бүгінгі сабақта Республика рәміздері атты өлеңдер жинағын ұсынып отыр екен.

Оқулықпен жұмыс

Мұғалім оқуы, тыңдау,талдау.

Топтардың тізбектей оқуы.

IV. Ой шақыру.

Топтарға тапсырма:

1-топ.Әнұран туралы не білеміз? (өз білетіндерін айтады)

Толық мәлімет:Қазақ елінің әрбір ру- тайнасының таңба –белгілері , жалауымен қатар әнүраны болған. Қытайлар гимнді «го-ге», мемлекет өлеңі,мемлекет әні десе,арабтар Отан өлеңі, Отан әні деп біледі. Ал гректің «гимн» сөзін қазақшаласақ «үран»,»ұран салу»,»жар салу» деген ұғымды береді.1992 жылдың 11желтоқсанындаМемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді.Оның сөзін жазғандар:Тұманбай Молдағалиев,Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев,Жадыра Дәрібаева,әнін жазғандарЛатиф Хамиди,Мұхан Төлебаев, Евгений Брусиловский болды.Ол 2006 жылы қайта өзгеріп желтоқсан айында жаңа әнұран қабылданды.Мәжіліс пен Сенат депутаттарына жолдаған хатында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз хатында «Тәуелсіздік алғаннан кейін қабылданған қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны барлық қазақстандықтардың жүрегінде жаттаулы .Еліміздің қай түпкіріне барсамда,кәрі де,жас та әнұрандық мәртебесі болмаса да, аса көрнекті компазиторымыз Шәмші Қалдаяқов пен талантты ақынымыз Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған»-Менің Қазақстаным-әні айтылып жүр.

2-топ Елтаңба туралы не білеміз?(өз білетіндерін айтқызу)

Толық мәлімет:Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс ,67хат ұсынылды.Халық қалаулылары мен елбасы назары Жандарбек Мәлібеков пен Шотааман Уалиханов жасаған бүгінгі елтаңбамызға ауды.Қазақта «Шаңырағы биік, керегең кең,босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы үш сөз негізге алынды.Елтаңбадан елдің тарихы ,дәстүрі, рухы толық танылып тұруы тиіс.Бастапқыда»Шаңырақ қазаққа тән емес «деген сыңаржақ пікірлер де болды.Сонда Ау,Абайда,Абылайда сол щаңырақ астында дүниеге келген жоқпа? Деген уәж айтуға тура келді. Әр халық өз қасиетті санайтын жан-жануарды мемлекеттік нышан деген жайы бар. Аңыздардан арқау тартқан пырақ бейнесіне де қарсы келгендер болмай қалған жоқ. Біле білсек, жылқы да өз кезегінде өркениеттің дамуына ықпал еткен ғой Ал қазақ малсақ халық. Осы ретте жиынтық образ керек болды. Қанатты пыраққа тоқталуының басты себебі сол. Босағаны берік ету үшін жеті буыннан тұратын мүйіз таңдылды. Жеті буын бір жағынан қазақтын «жеті атасын білмеген жетесіз» дегенін аңғарту. Пырақтың қанаты бір қарағанда бидайдың баулаған сәтін еске салады. Әу баста елтаңбаның қақ ортасына жарты аймен шағын үш жұлдыз бар еді. Талқыға салған кезде бес бұрышты жұлдызға тоқтады.

3-топ .Ту туралы не білеміз? (өздерінің түсініктері)

Толық мәлімет: Қазақстан Республикасы ұлттық нышанымыздың бірі мемлекеттік ту авторы: Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков. Тудың түсі көк болуы – бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары сан тарапқа, ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенімен, аспан ешқашан бөлінген емес. Ал күнге келер болсақ, олда жаһанға ортақ нәрсе. Күн жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атауға ортақ. Қазақ халқы әрқашанда қыранды қасиетті, киелі құсқа балаған. Егемендік алған қазақ елінің қыран тәріздес биікте, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған дүние бұл. Оған қоса бұл туда қазақтың ұлттық ою өрнегі бейнеленген. Ол қазақтың ұлттық нанымын, қасиетін көрсетеді.

(өткен сыныптарда өткенбіз,топта талданып ,ортада талдау,сызба түрде, не сөзбен )

V. Сергіту сәті .

Аспанға қарап ай көрдік,

Төменге қарап жер көрдік.

Оңға ,солға бұрылып ,

Егеменді ел көрдік.

VI. Ойтолғау.

1-топ.Сурет салу.

2-топ.Менің елім –шағын эссе, не өлең.

3-топ.Бес жолды өлең.



VII. Қорытындылау.Тест тапсырма .Тірек сызба жасау(Республика туралы )

YIII. Бағалау.

IX. Үйге тапсырма.Республика рәміздері өлеңін мәнерлеп оқу, ұнаған шумағын жаттау, өлең арнау .Сабағымызды қорыта келе рәміздеріміздің құрметіне «Көк тудың желбірегені»-әнін айтып жіберейік.

Ақмола облысы

Целиноград ауданы.

Жылмағанбетова Сандигуль Шаяхановна

Қызыл суат ауылының №39 негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

4-сынып


Сыныптан тыс жұмыс

1 қыркүйек білім күні.

Сабақ тақырыбы: «Қазақстан -2050» Стратегиясы: бір – мақсат , бір – мүдде, бір - болашақ»

Сабақ мақсаты:

1.Білімділік «Қазақстан -2050» Стратегиясы: бір мақсат-бір мүдде- бір болашақ» туралы түсінік,Қазақстан тәуелсіздігі мен Астанасы туралы білімдерін толықтыру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың Отанына деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау.

3.Тәрбиелік: оқушыларды туған жерін сүюге, құрметтеуге ,адамгершілікке, ұйымшылдыққа, білімділікке тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: Сөздер, суреттер, буклеттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (шаттық шеңберге тұру, сергіту сәті)

Армысындар оқушылар! Қайырлы күн бүгінгі білім күні құтты болсын!

2.Қызығушылықты ояту.

-Балалар бүгін қандай күн?

-Балалар біз қандай республикада тұрамыз?

-Біздің Республикамыздың Президенті кім?

-Ендеше біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа жолдаған “Қазақстан - 2050” стратегиясы: бір мақсат – бір мүдде – бір болашақ” жолдауы бойынша түсінік аласыңдар.

-Қазақстан тәуелсіздігі мен Астанасы туралы білетіндерін ортаға салу.

Білім күні жаңа оқу жылының басталу мерекесі, Білім күнінің дәстүрлі міңдеттері – қуаныш атмосферасын және білімі алудың маңыздылығын түсіну жағдайын жасау. 1 Қыркүйек ұжымды біріктіретін, сағынып сыныптастардың басын қосатын күн. Бүгінгі күннің тақырыбы: «Қазақстан -2050» Стратегиясы: бір халық-бір ел- бір тағдыр» барлық жылдар – зердені, білім алуға уаждеменің дамуы адамдарға өзінің кіші отанына еліне тек мектеп қабырғасында ғана емес бүкіл өмір бойы пайдалы болуға тырысуға қалыптастыру үшін қолайлы кезен. Қазақстан халқы Ассамблиясының 20 сессиясында еліміздің Президенті Н.А. Назарбаев белгілеген «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» идеясы 2014-2015 оқу жылындағы білім күнінің ұраны болуына тиіс. Президентіміз анықтағандай «бір мақсат» - бұл барлығына ортақ ұлт мүдделері, «бір мүдде» - бұл барлығымызға ортақ Отанымыз, «бір болашақ» - бұл барлығымыздың басымыздан өткен қиындықтар мен жеңістер, бұл біздің ортақ келешегіміз – көркейген және гүлденген Қазақстан. Елбасы атап өткендей Отанға, туған жерге ата-бабаларымызға , бірыңғай және жігі ажырамаған тарихымызға деген махаббат барлық Қазақстандықтар үшін ерекше маңызды.

Екі онжылдық ішінде Қазақсанның жолы ұлт жеңісінің үлгісі болды, осындай жетістікке тек күшті халық қана жете алады. Біз сондай халық бола алдық және осы биікте болуымыз керек – деген Президент.

«Өз еліне пайдалы болу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – бұл әрбір Қазақстандықтың борышы және ар намысы » .

Қазақстан 2050 стратегиясы бұл біз кімбіз қайда барамыз 2050 жылы қайда болғымыз келеді деген сұрақтарға жауап жас ұрпаққа қызықтырар жол.

Биылғы 2014 жыл – Республикамыздың Елордасы Астананың 16 жылдығы. Астана жаңа қарқынды дамып келе жатқан Қазақстаннның бейнесі, жанарудың символы, Республикамыздың Тәуелсіздігінің символы Астана қазіргі заманғы маңызды мемлекет, экономикалық , инвестициялық және саяси жоба.

2017 жыл – Астанада «ЭКСПО 2017» халықаралық көрме өткізу жылы. Көрме «болашақ энергиясы» ұранымен өтеді. Энергияның балама көздері – бұл әлем қоғамдастығын толғандыратын ең өзекті тақырып. Осы «ЭКСПО 2017» көрмесіне жол быйлғы 2013 жыл болды. Бұрын мұндай масштабтағы халықаралық көрме Орталық Азия және ТМД елдерінде ешқашан болып көрмеген. «ЭКСПО 2017» өткізілуі – халықаралық көрме және ақпараттық тұсау кесер алаң ретінде Қазақстанның дамуындағы үлкен қадам.

3.Ой толғаныс.

Жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерді мектеппен таныстыру, жаңа оқулықтарымен танысу, оқушыларға үлестіру, жаңа оқу жылының уақытымен, I - ауысым сағат 08:30 де сабаққа күнделікті уакытылы келіп отыру. Оқу құралдары түгел, сабақтан кешікпей келу.

Мектеппен үйге дейінгі жолда жүру жол ережесін, оқушының ережесін еске түсіру . Менің жазғы демалысым қалай өтті.

4.Қорытынды.

Сабақ сендерге ұнады ма?

Бүгінгі тақырып не туралы болды?

Ақмола облысы

Целиноград ауданы.

Жылмағанбетова Сандигуль Шаяхановна

Қызыл суат ауылының №39 негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Өзін-өзі тану 4-сынып



Мен елімнің азаматымын

Мақсаты: Оқушылардың «Отан», «ел» ,«махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттер:

  • Туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Егле, Отанға деген сүйіспеншіліктерін артыру ;

  • Елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Шаттық щеңбер

Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады. Бәрі бір-бірімен сәлемдеседі. Мұғалім оқущыларға бірге ән салуды ұсынады.



Өз елім

Сөзін жазған Қ.Мырза Әли

Әнін жазған Н,Тілендиев

Келгенде көктемі

Көңілді гүл басқан.

Шырағы көктегі,

Жұлдызбен сырласқан.

Өз елім менің, өзегім менің,

Жырыма қосып жүремін.

Төрім деп менің,

Жерім деп менің,

Соғады мәңг.і жүрегім

Қайырмасы:

Түлегі сендер,

Тілегі сендер,

Тірегі сендер сол елдің.

Назары сендер,

Базары сендер,

Ажары сендер сол елдің.

Әңгімелесу

Оқушылардың елге деген сүйіспеншіліктерін байқау мақсатында әңгімелесу жүргізіледі.

Осы әңді айтқанда қандай сезімде боласындар?

«Жерім деп менің соғады мәңгі жүрегім», - деген нені түсінесіндер?

Әнде айтылғандай, сендер –әндеріңді ел «тірегімен» деп ойлайсындар ма? Неліктен?

Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:



  • Әрбір адам үшін туған ел, жуған жер барлық уақыттада қымбат. Өйткені сен туған өлке саған алтын бесік – атамекен болып саналады. Туған елді әңгіме еткенде оған деген сүйіспеншіліктен жүрегіміз лүпілдейді. Туған елдіңқұдіреттілігі соншалықты, жанды баурап алады. Бүгінгі сабақта осы айтылғандар туралы әңгімелесеміз.

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың еліне деген сүйіспеншілігін арттыра түсу үшін әңгіме оқу ұйымдастырылады. Мәтін үш топқа бөліп беріледі.



Мен елімді сүйемін

С.Мәуленов

Туған жердің көгілдір аспаны сенің кеудең секілді. Сол аспанның төсінде түнде жарқырап тұпған жұлдыздар сенің көздерің секілді.

Сен сол туған жердің аспанымен тыныстайсың. Туған жердің жарық күнісен алысқа қарайсың.

Туған ел! Бұл кішкентай үйіннің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз-шетсіз қияға өрлеп кете береді.Оның жұпар атқан жусаны, оның жүректей болып желмен лүпілде соққан гүлдері, оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары – осының бәрі-бәрі сенің туған елінді құрайды.

Туған жерсіз адамның күні жоқ. Алыс кетсең, өз үйіңнің жұрдасына дейін сағынасың. Туған жерің түсіне енеді. Алыстан сені қол бұлғап шақырады.

Туған ел мағынасы тереде жатыр. Балғын балалық шақ! Күлдір- күлдір кісінеп, ай нала шапқылаған ала аяқты құлыншақ! Сәуірдебүршік атұан, қылқиып күн көзіне көрінген балауса көк шөп. Өзен үстінде үйіріліп ұшқан шағала! Кемеріне жайлап соққан көгілдір қол! Күннің қызғылт шапағына бөленген үйлер –осының бәрі тұтас тұрған туған ел! Ал енді ананың бесікте жатқан әлдиі, әженің тамылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарының мейірбанды кілері, жеңгелеріңнің тәтті әзілдері- осының бәрі туған еліңнің керемет сипаттары! Туған елдің тілі барша жанға түсінікті!

Әңгіме мазмұны бойынша топтардың пікірлерін білу мақсатында сұрақтар қойылады.


  • «Туған жерсіз адамның күні жоқ» дегенде нені түсіннесіңдер?

  • Сендерге өз елің несімен ыстық?

  • Сендер өз еліңді сүйетіндеріңді қалай дәлелдей аласыңдар?

Жаңа ақпарат

Балалардың жауаптары тыңдалып, мұғалім тарапынан түйінделеді.



  • Туған ел, туған жер деген сөздер жүрекке жылы әсер етеді. Туған елін, өскен жерін сүю – әрбір ұрпақтың парызы. Сондықтан да әрбір адам туып-өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды, сақтап тұтады. Өйткені Отан – алтын бесігіміз, ата-анамыз!

Сахналау

Оқушылардың туған ел туралы түсініктерін кеңейту мақсатында сахналу ұйымдастырылады.

Екі оқушының «Туған ел» тақырыбындағы диалогі тыңдалады,

«Сағынған ер елін аңсайды»,

«Сарала каз көлін аңсайды», - демекші ауылыма жеттім-ау!

Туған дердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас – деп бекер айтылмаған ғой, құрдас.


  • Ел іші – алтын бесік – ауылдан алыстар қайда барамыз.

  • Пәлен жерде пайда бар,

  • Өз деріңдей қайда бар – кіндік қанымыз тамған жер қашанда ыстық қой!

  • - Туған жердің жуасы да тәтті ғой шіркін!

  • Айтпа құрдас!Әркімнің өз жері жұмбақ

  • Туған жердің жері де көрікті,

Елі де сүйікті – деген рас-ау!

  • Әркімнің өз жері –Мысыр шаhар – екенін ұмытпайық.

Тыныштық сәті

Ауызша жұмыс түрінен жазбаша жұмысқа ауысу аралығында балалардың денесі, ойы сергітіледі.

Балалрдың денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Туған елінің тамаша жерлерін көз алдарына елестетеді. Ауаны терең жұмып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды оялап, қоршап болып жатқанын сезінеді. Тұла бойылары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сеізнуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады.

Шығармашылық жұмыс

Оқушылардық сабақтан түйген ойларын байқау мақстаында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Оларға тақырыптар ұсынылады.

1-топ: «Туған жерім-тірегім» сурет

2-топ: «Аяулы өлкем» әңгіме

3-топ: «Елімді мақтан етемін»! бес жолды өлең

Оқущылар осы тақырыптағы сүйіспеншілік, құрмет, қамқорлық, мейірімділік, аялау, мақтаныш тұрғысынан бірлесеотырып әр топ жеке-жеке жұмыс істейді.



Мәтінмен жұмыс

Мұғалім мәтінмен жұмыс ұйымдастырып, онда өлең мағынасын түсініп оқуды ұсынады.

Туған жер

Туған жер – алтын бесігім, Туған жер –алтын мекенім,

Тербеттің мені төсінде. Бақытым сенсің ансаған.

Жүреді сенің есімің Мәңгі де бақи өтемін

Мәңгі де бақи есімде. Қарыздар болып мен саған

Дәйексөз

Мұғалім тақтада жазулы тұрған «Ел іші – алтын бесік» деген халық мақалының мәнін түсіндіреді.


  • «Ел іші – алтын бесік» деп халық тегін айтпаған. Әрбір адам туғаннан-ақ ел бесігінде тербеленеді. Оай дейтініміз ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды, табиғатымен тіне қайнасып, адам болып қалыптасады, өскен ортасының тәрбиесін алады. Сол себепті өз елінің азаматы ретінде Отанына жанашырлықпен қарайды, суығына төзеді, жақсылығын брге бөліседі, барлы уақытта да халқымен бірге болады.

  • Тапсырма

Оқушылардың сабақ тақырыбы бойынша білім-біліктерін тиянақтау мақсатында тапсырма беріледі.

  • Өз туған жерлеріңнің қандай артықшылығын білесіндер?

  • Ата-бабаларыңның туған жері туралы не білесіңдер?

Дәптермен жұмыс

Оқушылардың сабақтан алған білімдері беки түсу үшін тапсырма беріледі.

Тапсырма: дәптерде берілген өлең жолын жалғастырып өз ойларыңмен өлең жазындар.

Сүйемін туған елді.....

Күтемін өлең шуағы:

Сүйемін туған елімді,

Маржандай асыл қасиетің

Жүрекке жыр болып төгілді.

және т.б

Қорытынды

Оқулықта қоржында берілген сөздер арқылы мұғалім сабақты қорытындылайды.



Жүректен жүрекке

Балалар еліне деген мақтанышын ән жолдары арқылы білдіреді. Олар шеңберге тұрып, үнтаспаға қосылып ән айтады.



Атамекен әні. Ақмола облысы

Целиноград ауданы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет