Сабақ тақырыбы: Тағам және сусындар Біз қалай тамақтанамыз?



Дата26.08.2017
өлшемі177,06 Kb.
#28832
түріСабақ

Сабақ тақырыбы:

Тағам және сусындар

Біз қалай тамақтанамыз?

Мектеп:

Күні :




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: ежелгі және қазіргі заманғы адамдардың тамақтану ерекшелігі туралы білу;




  • Оқушылардың басым бөлігі:тағам және сусын түрлерін ажыратып үйрену.

  • Кейбір оқушылар: бұрынғы мен қазіргі кезеңді елестету тәсілдерімен танысаy.

Тірек сөздер:

тағам – еда – food; сусын – напиток – drink.

Ресурстар:

Түрлі тағамдардың атауы жазылған үлестірме парақшалар, «Тағам және сусын» тапсырмасы бойынша А4 көлеміндегі қағаздарға жазылған тағам түрлерінің атаулары, «Орындап көр» тапсырмасына арналған ермексаз.

Сабақтың мақсаты:

1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Ең алғашқы адамдар жылы жерлерде өмір сүрген. Сондықтан олар жылы киім туралы қамданбады. Үйлерді қолайсыз ауа райынан және жыртқыш аңдардан қорғану үшін салды. Олар көп уақытын тағам іздеуге жіберетін. Әйелдер мен балалар жемістерді, өсімдік тамырларын, құстар мен тасбақалардың жұмыртқаларын терді. Ер адамдар аң аулаумен айналысты. Сол уақытта жер бетінде мамонттар болған еді. Ежелгі адамдар мамонттарды алдын ала жасаған шұңқырларға қуып, кіргізетін. Олар ұзақ уақыт бойы тағамды шикілей қолданды. Тіпті адамдар от тұтатуды үйренгенде аулаған аңның тұтастай еті жанып тұрған отқа сыйып кететін. Тағамды арнайы дайындаудың адамдар үшін қандай пайдасы болды? Біріншіден,

адамдар тамақтану үдерісіне аз уақыт жұмсады, себебі отқа піскен ас жұмсақ болды, сонымен қатар түрлі бактериялар мен паразиттерді өлтірді. Ғалымдардың пікірі бойынша алғашқы адамның тағам мөлшері әр алуан еді, олар қолдарына түскен тағамның барлығын жейтін. Кейбір қазіргі заманғы диетологтар алғашқы адамдардың тамақтануын адам үшін ең табиғи тамақтану жүйесі деп атаған. Адам тектес маймылдардың ең жоғары дамыған тұқымдасының бірі гоминидтердің сүйектері мен тістеріне жүргізілген талдау бойынша ежелгі адамдарда көптеген қазіргі аурулар – сүйек, тіс аурулары болмағанын, қатерлі ісік ауруымен, жүрек-қан тамыры ауруларымен ауырмағанын білуге болады.


Қымыздың пайдасы туралы. Қымыз – емдік сусын, оны бие сүтінен жасайды. Қымыздың шипалық және емдік қасиеттері ерте заманнан белгілі. Ол ел арасына ғажайып қасиеттерімен танымал. Қымызды алғаш рет түркі тайпалары жасап үйренді. Олар бұл сусынды әзірлеу құпиясын сақтады. Қымызды «батырлардың сусыны» деп атаған. Қымызды қолдану арқылы асқазан, өкпе, бауыр т.б. ауруларды да емдеуге болады. Сонымен қатар қымызда дәрумендер көп және керемет салқындататын дәмі бар. Қымызды дайындау және пайдалану түркі халықтары мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады.

Оқушыларды қызықтыру үшін сабақты қалыпсыз нысанда бастаңыз. Үстелдің үстіне тағам түрлері салынған дорбаны қойыңыз. Оқушылар сіздің сабаққа не әкелгеніңізді табуы тиіс. Егер оқушылар дорбада не бар екенін айта алмаса, бір оқушыны тақтаға шығарыңыз. Ол дорбадағы заттарды қарап, тағам түрлерінің біреуін (мысалы, ақ, дәмді, қою) сипаттайды. Оқушылар сипаттама арқылы қандай тағам екенін табады. Бұл тәсіл «Тағам және сусын» сабағының тақырыбын анықтауға көмектеседі.
Суреттерді салыстыр. Оқушылар бұл тапсырмада оқулықта берілген 1-суреттегі көріністерді салыстырады. Бір оқушы ежелгі және қазіргі адамдардың тамақтануындағы ұқсастықты, ал екінші оқушы айырмашылықты табады. Бұл тапсырма оқушыларға алғашқы адамдардың тамақтану ерекшеліктері туралы білуіне көмектеседі. Оқушылардың білімін деректі материалдан алынған ақпаратпен толықтырыңыз. Оларға адам өмірінде отты игерудің мағынасы қандай екені туралы бірлесе тұжырым жасауды ұсыныңыз. Уақыттың шектеулі екенін алдын ала ескертіңіз. Мысалы, оқушылар тапсырманы музыка ойнап тұрған кезде орындап, музыка аяқталғанда немесе алақаныңызды үш рет соққанда бітіреді. Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді өз бетімен оқуға беріңіз.

Тағам және сусын. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылардың санына қарай тағам өнімдерінің атауы (алма, шұжық, сәбіз, айран және т.б.) жазылған үлестірме парақшаларды таратып беріңіз. «Сөйлейтін қабырғаға» А4 мөлшеріндегі қағазға жазылған «жеміс-жидектер», «ет өнімдері», «сүт өнімдері», «ұн өнімдері» атауларын іліп қойыңыз. Оқушылар сіз берген белгі бойынша «сөйлейтін қабырғада» ілінген атауларға сәйкес жылдам 4 топқа бөлінеді. Олардан оқулық тапсырмасын орындауды ұсыныңыз. Көп оқушылардан жауап алу үшін екі топқа әртүрлі тағам түрлерінің тізбесі бар парақтарды таратыңыз. Олар қалаған тағам түрлерін қарындашпен қоршап көрсетуі тиіс. Оқушылар оқулықтағы 2-мәтінді оқиды.

Орындап көр. Бұл тапсырманы рөлдік ойын түрінде өткізсе болады. Сынып оқушыларын үш топқа бөліңіз. Әр топ Ресей, Англия және Қазақстан өкілдері болады. Оларға бір-біріне қонаққа баратынын ескертіп қойыңыз, сондықтан «үй иелері» қонақтың тілінде сөйлесуі қажет. Оқушылардың міндеті – дастархан жайып, қонақ шақыру. Оқушыларға «Отбасылық дәстүр»

тақырыбында танысқан ұлттық қонақжайлық дәстүрі мен үлкендерге құрмет туралы естеріне салыңыз. Қонақ келгенде қандай сыпайы сөздер айту қажет екенін сұраңыз.

Жауабы: «Сәлеметсіздер ме, қош келдіңіздер, төрге шығыңыздар, астарыңыз дәмді болсын және т.б.»

Әр топтан бір оқушы қонақтар үшін дайындалған тағамдар мен сусындар туралы түсіндіреді. Бұл тағамдарды ермексаздан жасауға болады. Сабақ аяқталғаннан кейін оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырыңыз.






Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Сен білесің бе? Бұл айдарда қазақтың қасиетті сусыны қымыз туралы айтылады. Алдымен оқушылардан өздері білетін ұлттық тағам мен сусын түрлерін атауын сұраңыз. Олар қымызды атауы мүмкін. Бұдан кейін деректі материалдан алынған ақпаратты қолдана отырып, білімдерін толықтырыңыз.


«Орындап көр» айдарындағы тапсырмада оқушылар үш тілдегі жаңа сөздерді қолданады. Бұл сөздерді алдын ала тақтаға жазып қойыңыз.




Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


АКТ. Қабілеті жоғары оқушыларға SmartArt бағдарламасының көмегімен интерактивті тақтада әртүрлі тағамдарды топтастыруға тапсырма беріңіз.
Өнер. «Орындап көр» айдарында оқушылар ермексаздан әртүрлі тағамдар жасайды.


Оқушылармен «Жалғастыр» ойынын өткізіңіз. Оқушылардың біреуі «Тағам және сусын» тақырыбы бойынша сөздерді атайды, мысалы; «шырын», келесі оқушы бірінші айтылған сөздің соңғы әрпінен басталатын сөзді атайды, мысалы, «нан». Сөздер қайталанбауы қажет.



Бағалау


Оқушылар
–– ежелгі адамдар қалай тамақтанғаны; –– ұлттық тағамдар мен сусындар туралы білді.

Оқушылар
–– ежелгі және қазіргі заманғы тамақтану ерекшеліктерін салыстыруды;


–– тағам мен сусын түрлерін ажыратуды; –– алған ақпарат негізінде өз пікірін білдіруді;

–– этика ережелерін сақтау маңыздылығын түсінуді үйренді.


Бағалаудың бір түрі ретінде мынадай тапсырма берсеңіз болады. Сөйлемді толықтыр:
–– Ежелгі адамдар ....................(жемістермен, тамырлармен, шикі етпен) тамақтанды.

–– .......................... (қымыз) бие сүтінен жасалған емдік сусын.


–– Тағам алуан түрлі және .......................... (пайдалы) болуы тиіс.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет