Сабақ Тақырыбы Тарауды қайталау



Дата10.06.2017
өлшемі76,8 Kb.
#18337
Әдебиеттік оқу 3-сынып ҚМЖ

3-тоқсан

91-сабақ

Тақырыбы

Тарауды қайталау

Мақсаты мен міндеттері

Оқушыларды «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» тарауы бойынша білімдерін пысықтайды; құстар туралы және көктемде табиғатта өзгерістер болатынын ұғынады;

Нәтижесі

Тарау бойынша алған білімдерін ортаға салады;

Сабақтың түрі

Қайталау

Әдіс-тәсілдер

Синквейн стратегиясы, семантикалық карта, түсіндірмелі, диалогты оқыту, сұрақ қою, топтық жұмыс

Көрнекіліктер

интерактивті тақта, қима қағаздар, жануарлар суреттері

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Кезеңдері

Мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Сәлемдесу. Психологиялық дайындық

Біз қандаймыз, қандаймыз,


Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.

Топқа бөлу. (Фигуралар арқылы: Құлыншақтар, Ботақандар).

Топ мүшелері бағалау парақшасы арқылы бір-бірін бағалайды.



Үй тапсырмасын тексеру: Абайдың «Жазғытұры» өлеңін жатқа оқу.

Қызығушылықты ояту

  • Балалар бүгінгі сабақта бізге қонақтар келіп отыр. Олардың сендерге әкелген тапсырмалары бар екен. Сол тапсырмаларды бір-біріңмен ақылдасып орындайсыңдар. Келістік пе? Ендеше бүгінгі тақырыпты анықтау үшін сөзжұмбақ шешейік:

  1. Біріккен ұлттар ұйымының шешімі бойынша 1-сәуір қандай күн? (Құстар)

  2. Жазғытұры өлеңінің авторы кім? (Абай)

  3. Қазақстанда бұл құстың он үш түрі мекендейді. (Бозторғай)

  4. Түйенің төлі (бота)

  5. Абайдың анасы (Ұлжан)

  6. Құс атымен аталатын адам аты (Бұлбұл)

  7. Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес ертегісі қай халықтың ертегісі? (Африка)

  8. Сол ертегідегі Ананси баласы кім? (Интикума)

























1

Қ








































2

а
















3

























й


































4







т































5










а


































6







л

























7
















а

























8
















у



















Қолдану

  • Балалар қандай құс түрлерін білесіңдер? Ал, біздің жаққа көктемде қандай құстар ұшып келеді? Дұрыс айтасыңдар. Міне, көктем де келіп қалды. Сол құстар сендерге әртүрлі тапсырма ала келіпті. Сол тапсырмаларды орындайық.

1-тапсырма. «Бүршік» мәтініне берілген жоспарды ретімен орналастыр:

  1. Бүршіктің қуанышы.

  2. Жалғыздық

  3. Жарық дүние.

Енді берілген мәтінді осы жоспар бойынша орналастырыңдар.

2-тапсырма. Төрт түліктің жаңа туған төлдерін атап жаз.

Сиыр

Жылқы

Түйе

Қой

Ешкі
















3-тапсырма. Т. Молдағалиевтің «Көл» өлеңіндегі теңеу сөздерді теріп жаз.

Сергіту сәті.

4-тапсырма. Самал жел туралы «бес жолды өлең» құрастыр.

  • Самал жел

  • Салқын, киіздей сірескен

  • Сырғыды, желпіді, тербеді.

  • Самал жел бауырлай сырғыды.

  • Жылы жел

5-тапсырма. Тест жұмысы.

Тест жұмысы

  1. Қай сипаттау дұрыс? Түсіндір.

  1. Бүршік жарды, бүршік туды, бүршік атты.

  2. Гүл жарды, гүл атты, гүл бүршіктеді, гүл пісті.

  3. Алма атты, алма пісті, алма жарды.

  1. Қандай көл болмайды?

  1. Алакөл, Ыстықкөл.

  2. Жасанды көл

  3. Жаңбыр суы тамбаған көл.

3. Мына пікірлердің қайсысы дұрыс деп ойлайсың? (Бозторғай туралы оқығаныңды есіңе түсір)

  1. Бозторғай артық жұмыртқасын «садақа» ретінде ұясынан шығарып тастайды;

  2. Бозторғай денесі кішкентай болғандықтан, басқан кезде астына сыймаған жұмыртқалараны еріксіз шығарып тастауға мәжбүр болады.

4. Патша: «Ең жақсысы – үйдің дөдегесі мен бөренесіне салған ұя» деген кезде патшаның алдында қандай құс қалды?

  1. Қарға

  2. Жарғанат пен тоқылдақ

  3. Қарлығаш

5. «Таза бұлақ» әңгімесінің авторы кім?

  1. Құл-Керім Елемес

  2. Ыбырай Алтынсарин

  3. Құрманбай Толыбаев

6-тапсырма. Жұмбақтарды шеш:

Мінезі де жеңілтек, Тіл алмайтын бір тентек.

Шөпшілердің шөбін шашты, Қалпағымды ала қашты (Жел)



  • Күнге бұрып маңдайды,Күннен көзін алмайды. (күнбағыс)

  • Суда қандай тас жоқ? (құрғақ)

  • Үйректер қай жерден жүзеді? (Жағада)

  • Тақиям толған сөк, таңертен тұрсам жоқ. (жұлдыз)

  • Жылт, жылт еткен, жылғадан өткен. (су)

  • Ақ жібек асыл көрпедей, Қыс болса жерді жабады.

Жазғытұрым болғанда, Су болып сайға ағады. (қар)

  • Торғын көкте қара құс, Ағылып ұшып барады.

Қағып екі қанатын, Күннің көзін жабады. (бұлт)

7-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру үшін, тараудағы өлеңді есіңе түсір. Дәптеріңе жаз.

(Неге?) қорада шу.

(Нелер?) сайда ду-ду.

(Қалай?) ағады су.



Сабақты қорытынды

Лау

  • Қандай тарауды аяқтадық? Ол тарау не туралы? Қандай әңгіме, өлеңдер оқыдық? Бүршік әңгімесінің авторы кім? (Бекболат Әдет)

Рефлексия

1. Сабақта қалай жұмыс істедім?

белсенді / жұмыс істеген жоқпын

2. Сабақтағы өз жұмысыма

ризамын / риза емеспін

3. Сабақ маған қалай көрінді?

қысқа / ұзын

4. Сабақта мен

шаршадым / шаршаған жоқпын

5. Менің көңіл-күйім

көтерілді / түсіп кетті

6. Маған сабақтың материалы

түсінікті / түсінікті емес

қажет / қажет емес

қызықты / зеріктіреді

қызық / қызық емес

7. Үй тапсырмасы маған

жеңіл / қиын


Бүгінгі жұмысты бағалау. Бағалау парақшасы

Үйге тапсырма

«Көктем» тақырыбында эссе жазу.

Каталог: uploads -> doc -> 0706
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0706 -> Сабақтың аты §31. §32. Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Сілтеме Жоспар
0706 -> Сабақ тақырыбы: Функционалдық сауаттылықты дамытудың әдіс-тәсілдері Жалпы мақсат
0706 -> Сабақ жоспары №18 Күні-айы: ­­­­ Топ: эм 02 Курс: I мамандығы: 1504000 фермер шаруашылығы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет