Сабақ Тақырыбы: Таза бұлақ Ыбырай Алтынсарин Сыныбы: 3



Дата11.01.2017
өлшемі105,36 Kb.
#7430
№249 мектеп-лицей

Ашық сабақ

Тақырыбы: Таза бұлақ

Ыбырай Алтынсарин


Сыныбы: 3 «Б»

Өткізген: Ж.Келжанова

Уақыты: 12.01.2013 жылы


2012-2013 оқу жылы

Бекітемін:

Күні: 12.01.2013 жыл

Пәні: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин Таза бұлақ

Сабақтың мақсаты: 1. Қазақтың көрнекі ақын – жазушысы Ы.Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру, әңгіменің тәрбиелік мәнін мәтінге сүйене отырып ашуға үйрету.

2. Оқушыларға бағыт – бағдар бере отырып, өз бетімен жұмыс істеуге, өздігінен қорытынды жасауға машықтандыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Әңгіме арқылы еңбек ету, жақсылық жасау, адал, таза болу идеясын бойға сіңіру, еңбекқор, адамгершілігі мол, жақсылықты жаны сүйетін адам болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Дамыта оқыту, СТО технологиялары.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, ой қозғау.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, ана тілі,дүниетану

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушы назарын сабаққа аудару.

Сылдырап ағып жатқан судың дыбысы естіледі.

-Балалар,бұл ненің даусы? Судың

-Су туралы не білеміз?

Оқушы жауаптары тыңдалады.

ІІ Терминдермен болжау әдісі

Сурет көрсетіледі (бұлақ суы, үш жолаушы,қара тас)

-Балалар,қазір сендер суретте көрсетілген атауларды қатыстырып әңгіме құрайсыңдар.

3 топтан бір оқушыдан шығып,әңгімелерін оқып береді.

Суретпен жұмыс.

-Балалар,суретте сылдырап таудан ағып жатқан бұлақтың суы.

-Бұлақтың суы қандай болады?

-Бұлақ суының қандай пайдасы бар?

Бұлақ - бастay, тұма, қайнар сулары мен еріген қар сулары жылғаларының бір арнаға қосылып ағуынан пайда болған ағынды табиғи су көзі. Бұлақтар бір-біріне құйылып, үлкенді-кішілі өзенге айналады. Бұлақ таулы қыратты жерлерде жиі кездеседі. Жер астынан шығып жатқан су көзін бастау деп атайды. Кейбір өңірлерде сөне қоймаған вулканы бар жерден ыстық бұлақ ағады, оны ыстық су, арасан деп атайды. Минералдығы 1 г/л-ден астам жылы және ыстық бұлақ сулары санаторийлер мен емдеу орындарында әр түрлі ауруларды емдеуге қолданылады. Мұндай бұлақтар Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы таулы өңірлерде жиі кездеседі.

-Балалар,бұлақ туралы не білдік,слайдқа назар аударайық?
1000 С-ты ыстық бұлақ бар (Гейзер) Табиғи су көзі


Бұлақ

Гейзерлер Исландияда, Италияда, Шипалы дәруменге бай

Жаңа Зеландияда, Ява аралында,

Камчаткада кездеседі.

Тазалықтың белгісі

ІІІ. Жаңа сабақ.

-Балалар,экрандағы келесі слайдқа назар аударайық



1.Ол ақын: «Кел,балалар,оқылық!»,



«Өзен», «Өнер-білім бар жұрттар»,

Мектеп ашқан «Бұл кім?» т.б


Ұстаз,ағартушы

2.Ол жазушы: «Асыл шөп»,

«Әке мен бала», «Жаман жолдас» т.б

«Қазақ хрестоматиясы»

оқулығын жазған

3.Ол аудармашы: «Қарға мен

түлкі», «Екі шыбын»,

«Қайырымды түлкі»

Қостанай облысында 1841 жылы

дүниеге келген.

-Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесімен танысамыз.

Тақтаға күн ретін,тақырыпты жазу.

-Балалар сендер бұлақ туралы өз беттеріңше әңгіме құрадыңдар,сол әңгімелеріңнің , суреттің желісі бойынша мәтін мазмұнын жақсы түсініп алайық.

Мәтінмен жұмыс.

1 слайд: Бұлақ суреті көрсетіледі.

Мұғалім мәтін мазмұнын айтып береді.

2 слайд: Бұлақ басындағы жолаушылар, қазандай қара тас.

Проблемалық сұрақ:

-Балалар, мөлдір, таза бұлақтың басында қазандай қара тас неге жатыр екен?

Оқушы жауаптары тыңдалады.

3 слайд: Ендеше, таста мынадай жазу бар екен. Тастағы жазуды оқыту.

-Балалар, үш жолаушы да тастағы жазуды оқыды. Сонда бірінші жолаушы ол сөздің мағынасын түсіндіреді. Сендердің ойларыңша не деп айтуы мүмкін?

-Оқушы жауабы тыңдалады.

- Екінші жолаушы келіспейді,ол өз ойын айтады. Не деп айтуы мүмкін?

- Үшінші жолаушы да өз ойын айтып ортаға салады.

Мәтіннен әр жолаушының айтқан пікірін оқып беріп отыру.

-Ал,енді балалар,өздерің төртінші жолаушы болып өз ойларыңды ортаға салыңдаршы.

Әр оқушы төртінші жолаушы болып өз ойларын айтады.



ІҮ.Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
Каталог: uploads -> doc -> 07a8
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07a8 -> 79. Сабақтың тақырыбы: Менің әуес ісім- саяхатқа шығу. Сабақтың Мақсаты
07a8 -> «П. Г. Карелин атындығы орта мектебі» К. М. М сынып жетекшісі: Касенова Ж. Е. 2014-2015 оқу жылы «П. Г. Карелин атындығы орта мектебі»
07a8 -> Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
07a8 -> Қош бол сүйікті,Әліппе!
07a8 -> Сабақтың тақырыбы : Қазақ тіл білімінің негізін салушылар Сабақтың мақсаты: Қазақ тіл білімінің негізін салушылар
07a8 -> Сабақтың тақырыбы: Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы Сабақтың мақсаты
07a8 -> Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті спортшым Сабақтың мақсаты
07a8 -> 3 сынып Тақырыбы: Отбасы мүшелері Сілтеме


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет