Сабақ. Тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім,Қазақстан жүрегім» Мақсаты



Дата27.07.2017
өлшемі1,26 Mb.
#22233
түріСабақ


Ашық сабақ.

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім,Қазақстан жүрегім»

Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан туралы,оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру,Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау,көрсету;оқушыларды өз елін сүюге,қадірлеуге,осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу,өз ана тілін сүюге,әдемі сөйлеуге үйрету.

Көрнекілігі:Қазақ елі рәміздері,нақыл сөздер,слайдтар

Түрі:аралас

Әдісі:

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып,бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

1.Хор:«Желтоқсан желі» 5-сынып оқушылары

1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар осы кештің қадірлі қонақтары!

Бүгінгі «Тәуелсіздік тірегім,Қазақстан жүрегім» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік-қасиетің,құнарың,

Тәуелсіздік-жарқыраған шынарың

Тәуелсіздік-бар бақыттың бастауы

Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның

1-жүргізуші:

Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ.Бес жыл өтсе де,бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.Соның бірі әйгілі желтоқсан оқиғасы.

1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға щықты. Желтоқсан желі дауылға айналды.1986 жыл 16 желтоқсан жергілікті уақыт сағат 1000 шамасында Қазақстанның жаңа тарихының бастауымен болашағының жолайырығы болған Республиканың Орталық Комитетінің 5-пленумі өтті.Осы пленумда Дінмұхаммед Қонаевтің орнына, көріпбілмеген Колбинді бір ауыздан сайлады.

2-жүргізуші:

17-желтоқсан жергілікті уақыт шамамен 7-8 шамасында Брежнев атындағы алаңға жастардың алғашқы тобы шоғырлана бастады.Барлығы 200-300 адамдай,қолдарында айқара көтерген ұрандары бар «Ұлт саясатының Лениндік принциптерін сыйлауды талап етеміз!», «Әр Республикаға-өзінің басшысы!», «Қазақстан Жасасын!»деген сияқты қазақ-орыс тілдеріндегі жазбаларын ұстап,өткінші жұрттың назарын еріксіз аударғандай еді.

1-жүргізуші:

Мәресі мұңлы ма ғасырдан

ғасырға кетер ісінің,

Атақты Желтоқсан көтерілісінің,

Ең басты күресі тіл үшін болғанын.

Бақ тілеп тілге иліккендерге,

Бұл жолы да біз билікпен бірге,

Желтоқсанды еске алып бір минут үнсіз тұралық....

2-жүргізуші:

Айналайын алтын әнім,жас өркені халқымның,

Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың,

Кеудеде әлі сыз жатыр сол кездегі салқынның, айналайын,жас өркені халқымның.

1-оқушы: Динара

Желтоқсанда үзілген жас буындар

Елін,жерін қорғады,ұмытпаңдар

Ұмытылмас мәңгілік батырларды

Қазақ елі әрқашан мақтан тұтар.

Батыр аға-апалар ұран еткен

Бейбіт ел боп қалсақ деп арман еткен

Қазақстан тәуелсіз ел болғанда

Қайрат,Ләззат,Сәбира қанын төккен.

2-оқушы:Мереке Диас

Қазақстан

Қазақстан елім бар мақтанарым

Қазақстан жерім бар шаттанарым

Көк аспанда желбіреп көк байрағым

Туып өскен жерімді мақтағаным.

3-оқушы:Қуанышева Дельмира

Туған жер деп лүпілдеген жүректерді

Ержүрек Ұл-қыздарын мақтан еткен

Тәуелсіз қазақ жері, байтақ өлкем

Әр ұлттың өкілдері пана еткен.

4-оқушы:Елемес Динара

Қол жеткізіп Тәуелсіз бұл күнге де,

Талай асау белдерден өткеніме

Ту,Елтаңба,Әнұран, Рәміздерін

Қазақстан елінің көзі еткен.

1-жүргізуші:

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула,лаула,желтоқсанның мұзда жанған алауы.

Өздеріңдей өр намысты,жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы.

Көркемсөз оқу « Желтоқсан алаңы » Құдайбергенов Самат.

2-жүргізуші:

Азат рухты мен шын сүйем,

Тәуелсіздік-тәу етер жалғыз кием,

Жақсы күнге жете алмай шаһит болған,

Желтоқсан құрбанына басымды ием.

Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздік жолында құрбан болған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаев сияқты апа-ағаларымыздың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.

Ән: «Қасқалдақ»

Тәуелсіздік!Қасиетті де,құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып,ой жіберейік.

Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығына ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы,азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалған аманаты жатыр.Ұлы даланың жас перзенті-қалың қазақтың азаттық мұратындағы қасиетті күрестері,тағдыр алға тартқан талай тар жол,тайғақ кешулер жатыр.Жаңа ғасырмен бірге келген ел тәуелсіздігі азаттық ұранын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы.

Ән: «Қазақ қызы» орындайтын Айтжігіт Абылайхан

2-жүргізуші:

-Иә,Қазақстан-Тәуелсіз ел!Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып жапырағы жайқала бастады.Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды,өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп,керегеміз кеңейді. «Тіл ұлт байлығы»дегендей,өзіміздің ең қымбат қазынамыз-ана тіліміздің де қанаты қатаып келеді.Қолымызда тәуелсіздігіміздің көк туы,елтаңбамыз,төл теңгеміз,дініміз,халықтың басын біріктірген киелі шаңырағымыз да бар.Мұның барлығы ата-бабаларымыздың ат үстінде алты малтаны ас етіп,мың өліп ,мың тірілген,қылышын қанша ғасыр қанға малып жеткен мұраты-Тәуелсіздік!

1-жүргізуші:

Болашаққа серпін нық

Көкке атады бөркін жұрт,

Тәуелсіздік ынтымақ

Тәуелсіздік еркіндік.

2-жүргізуші:

Біздің алға қойған мақсатымыз алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті 50-елдің қатарына ену.Сондықтан халықтың ,ойы,көңілі,тілегі мына бізде,яғни жастарда.

1-жүргізуші:

Қалың елім,қайран жұртым көбейсін

Ата-бабам!Әруақсың,жебейсің

Алты алаштың көсемдері құрбан боп,

Бәрі-бәрі кетті арманда,не дейсің.

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар,оқушылар,қонақтар бүгінгі тәуелсіздік мерекесі өз еліміздің тарихы жайлы,тәуелсіздік жолындағы күресі,желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өз мәресіне жеткен сияқты.

1-жүргізуші: 2-жүргізуші Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді, Тойланып мың мереке,ұлыс күні

Мұны бізге ешкім алып бермеді. Құйылған шаңырақтың ырыс нұры

Тәуелсіздік Қайрат,Ләззат,Ерболдың, Халқымның бақыты үшін аз байлық па?

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені. Тәуелсіз еліміздің тыныштығы

Барлық қатысушылардың орындауындаХор: «Елім менің»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет