Сабақ Тақырыбы: Туған қаламның экологиясы



бет1/3
Дата01.05.2017
өлшемі388,01 Kb.
#15363
  1   2   3
Алматы қыз балалр лицейі

Ашық сабақ

Тақырыбы:

Туған қаламның экологиясы

Өткізген: Дунбаева Зәуре

Султанова Самал

Алматы 2016 ж

Тақырыбы: Туған қаламның экологиясы

Мақсаты:

Білімділігі: Еліміздің , туған қаламыздың экологиялық проблемаларымен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың бойында жауапкершілік сезімін арттыру

Тәрбиелік: Оқушыларда экология туралы түсінік қалыптастыра отырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: танымдық, тәрбиелік

Әдіс-тәсілдері:

-түсінік беру

-пікірлесу

- рөлдік ойын



Тексеру түрі: фрагменттік сұрақ-жуап

Сабақтың көрнектілігі: Қазақстан Республикасының картасы, интерактивті тақта, слайд, бейнебаян, плакат, марапат сертификаттары

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандыру, сабақтың мақсатымен таныстыру

Мұғалім: Бүгін біз сіздерге жас экологтарға арналған 1 сағаттық курс ұйымдастырғалы отырмыз,бұл курсты өту барысында сіздерге сертифкаттар табысталады, сол себепті сабақты мұқият тыңтауларңызды сураймыз ! – деп жаңа сабақты бастаймыз.

Слайд-презентация көрсетіледі. Қырастырылатын мәселелер:



  1. Экология ұғымы

  2. Қазақстандағы экологиялық мәселелер

  3. Алматы қаласының географиялық орны, жер бедері

  4. Алматы қаласының экологиялық мәселелрі

  5. Себептері




  1. Эколология - барлық тірі организмдердің тіршілік ету ортасын зерттейтін кешенді ғылым. “Экология“ терминін(грек сөзі:“oikos"-“үй“, “тіршілік ету ортасы";“logos"-“ғылым") 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель ұсынған

Табиғат Жаратушының адам баласына берген үлкен байлығы, ал қазақ баласы бұл байлықтан кенде емес – деп, «Неткен сұлу Қазақ жері » атты бейнебаян ұсынылады.

  1. Қазақстандағы экологиялық мәселелер:

  • Атмосфераның зауыттардан шыққан улы газдармен, көлік газдарынан ластануы

  • Семей полигонының зардаптары

  • Арал суының тартылу проблемасы

  • Каспий теңізнің ластануы мәселері

  • Байқоңыр – ғарыш ғарыш айлағының қоршаған ортаға кері әсері

  • Еліміздің өзендерінің зауыттардан шығатын химялық қалдықтармен ластану мәселері

  • Ормандарды сақтап қалу мәселері

  1. Алматы қаласы Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Территориясы 682 км². жерді алып жатыр. 2016 жыл 1 қаңтардағы есеп бойынша халқының саны 1 703 500 мың. Қаладағы халықтың тығыздығы 2346 адам/ км².

  2. Іле Алатауының тау беткейінің климат жағдайларының өте қолайлы екендігіне қарамастан қала атмосферасының өздігінен тазару қасиеті төменгі дәрежеде, бұнымен қатар атмосфераны ластаушы стационарлы, қозғалмалы көздердің артуына байланысты қала атмосферасының ластану деңгейі халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырған аса маңызды экологиялық проблемаға айналып отыр.

2009-2010 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының қалалары бойынша атмосфераның ластану индексін (АЛИ5) салыстыру

Алматы қаласының су бассейні мен атмосфералық ауасын ластаушы негізгі көздер: транспорт, өндіріс орындары мен жылу энергетикалық орталықтары. Қаламыздың Қазақстандағы ең лас қала аталуының басты себебі - автокөліктер, дәл қазір 540 мыңнан астам көлік құралдары тіркелген. жылына 40 мыңға дейін көбейеді. Ал әрбір мың автомобильден күніне ауаға 3000 кг көміртек оксидтері, т.с.с отынның толық емес жану өнімдері бөлінеді.



1-кесте. Атмосфераға шығарылған зиянды тастандылардың сипаттамасы.



Ластаушы заттар

Қауіптілік шкласы

Ауа құрамында

1

Көміртегі тотығы

4

3

2

Азот тотығы

3

0,06

3

Кремний тотығы

3

0,15

4

Бейорганикалық шаң тозаң

3

0,1

5

Бензапирен

1

0,000001

6

Азоттың қос тотығы

2

0,02

Зиянды заттардың концентрациясы артқан сайын ағзада әртүрлі патологиялық аурулар туындайды. Ең қауіптісі - бензапирен



Екіншіден, Алматы қаласының маңайындағы ашық қоқыс алаңдарына қоқысты төгу бұл да түрлі жұқпалы аурулардың таралуына әсер етеді.

Осыған байланысты бейнебаян көрсетіліп, оқушылардан осы мәселерді шешудің жолдарын ұқсынып көруін, пікірімен бөлісуін сұраймыз.



Ойын ойнатылады: «Жас экологтарды» аттестациядан өткізу мақсатында сұрақтар жасырылған қалталардан оқушылардың таңдауы бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Экология ұғымы, енгізген ғалым?

  2. Еліміздегі экологиялық мәселелерді атаңдар?

  3. Арал теңізінің тартылу себептері?

  4. Каспий теңізінің ластану себептерін атаңдар.

  5. Байқоңыр ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға кері әсері?

  6. Алматы қаласының географиялық орны, жер бедерінің ерекшеліктері?

  7. Алматы қаласында қандай экологиялық мәселелер бар?

  8. Алматы атмосферасының ластауну себептері?

  9. Қоқысқа тасталатын, шірімейтін немесе шіруге ұзақ уақыт кететін заттар?

  10. Қазақстан өзендерінің басты ластану себептері?

Мұғалім:

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп –өнеді. Өзіндегі барды адамға жан-жануарға, өсімдікке берген. Атам қазақ бүкіл тұрмыс-тіршілігін табиғатпен байланыстырып, ырымдарын, мақал-мәтелдерін арнаған.

Табиғаттан артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау апатқа соқтырады.

Аттестациядан өткен оқушыларға марапат сертификаттары табысталады.






Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет