Сабақ тақырыбы: «Туған жерге туың тік»



Дата27.12.2016
өлшемі276,05 Kb.
#5493
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: «Туған жерге туың тік»

Сабақ мақсаты:



Білімділік:Отан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, ата- бабаларымыздың тереңде жатқан тарихымен таныстыру;

Дамытушылық: оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін дамыту, бірін –

бірі тыңдап түсіну, құрметтеу дағдыларын қалыптастыру;



Тәрбиелік: оқушылардың бойында Отан, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, елін, жерін ,тілін, әдет- ғұрпын құрметтейтін жаны таза , адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, интерактивті тақта,

суреттер


Сабақ түрі: Сайыс сабақ

Әдіс – тәсілі: пікір алмасу, сұхбаттасу,

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Мемлекеттік Әнұранды орындау

2. Шаттық шеңберін құрау: Оқушылар қолдарын ұстасып, бір – біріне жақсы тілектер тілейді.

3. Әр топ өздерін таныстырып шығады.



1 топ «Атамекен» тобы

2топ «Атамұра» тобы

3 топ «Мұрагер» тобы

Кіріспе сөз:

Біздің бүгінгі сабағымыз «Туған жерге туың тік» деп аталады. Бұл сабағымыз-

ды Мемлекеттік Туымыздың авторы Ш. О. Ниязбековтың мерейтойына арнаймыз.
І тапсырма Тест сұрақтарын орындау:

1. Қазақстан Республикасының Егеменді мемлекет болған жылды көрсет

С) 1989 ж. 1 мамыр У) 1992 ж. 1желтоқсан

Т) 1991 ж. 25 қазан Х) 995 ж. 30 тамыз
2.Қазақстан қай кезден Тәуелсіз Республика деп танылды?

С) 1990 ж. 25 қазан У) 1991 ж. 16 желтоқсан

Т) 1991 ж. 25 қазан Х) 1991 ж. 16 қараша
3. Қазақстан Республикасының рәміздерін атап бер.

Г) Астана, парламент Д) Байлығы, шекарасы

Ғ) Ту, елтаңба, әнұран Ж) Валюта, қолөнері
4. Елтаңбада бейнеленген киіз үйдің бөлігі

А) шаңырақ Б) уық

Ә)кереге В) іргетас
5.Мемлекеттік Тудың авторы кім?

Н) Ш.О Ниязбеков П) Ш. Қалдаяқов

О) Ш. Уәлиханов Р) Ж. Мәлікұлы
6. Биыл Астана қаласының неше жылдық мерейтойы тойланды?

Ж) 10 З) 5 И) 15 К( 20


7. Көп аузынан түспейтін

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс – кейпін

Достым, білгің келе ме?

Отан – сенің ата- анаң,

Отан – сенің, бауырың.

Отан – өлкең, астанаң

Отан- аудан, ауылың.

Отан- тарих, отан- тіл,

Жасаған елің, ер халқың,

Отан –өлең, Отан –жыр,

Көтерген көкке ел даңқын

( Кімнің өлеңің?)

Д) М. Мақатаев Ж) М.Шаханов

Е) Б. Ысқақов З) Қ. Мырза Әлі
8. Отан туралы мақалды көрсет:

М) Білекті бірді жығар, С) Батырды намыс өлтірер,

Білімді мыңды жығар Қоянды қамыс өлтірер

Н) Жақсы жаныңа жолдас, Р) Туған жер - алтын бесік

Жаман малыңа жолдас


1

2

3

4

5

6

7

8

Т

У

Ғ

А

Н

Ж

Е

Р



ІІ тапсырма

Қазақтың көрнекті ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев:

Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,

Ағынды асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан!» -деп сыбырлаған.

Жаным менің ,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан!

Отан!

Бәрінен де биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем ,- деп жырлап өткендей, Отанын сүймейтін, туған жерін ардақтамайтын адам – тірі жәндік. Келесі тапсырмамыз Отан, туған жер туралы өлең шумақтарын жатқа айту.

ІІІ тапсырма: Қазақстан Республикасының Туы, авторы туралы мәліметтерін ортаға салу.

Көк аспанда көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек,

Елдің ашық қабағы.

Ақниетті алтын күн,

Асқақ арман-қыраны.
ІҮтапсырма: Мақал – мәтел сайысы. Отан, туған жер туралы мақалдар айту. Қай топ тоқтап қалса немесе айтылған мақалды қайталаса, сол топ сайысты тоқтатып, жеңіліске ұшырайды.

Мақалдар:

Отан оттан да ыстық.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Туған жер – алтын бесік.

Басқа елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

Туған жерің – анаң, басқа жер- өгей анаң.

Елден айрылған көмгенше жылайды,

Елден айрылған өлгенше жылайды.

Адамда бір ғана Отан, бір ғана ана бар



Ү тапсырма:

Топтастыру стратегиясы



Отан атамекен үйің



елің топырағың






қасиетті жер кіндік қан тамған жер киелі мекен



ҮІтапсырма: Үй тапсырмасы. Әр топ өз өнерлерін көрсетіп,өздерін елінің

өнерлі болашағы екенін дәлелдеу.



ҮІІ тапсырма. Топ басшыларымен сұхбат.

Әр топ басшыларымен жеке сұхбат өткізу

1 топ басшысына сұрақ:


  • Кемелденген еліңіздің болашағы үшін не істер едіңіз?

2 топ басшысына сұрақ:

  • Егер сіз Қазақстан Республикасының Президенті болсаңыз алдыңызға қандай мақсат қояр едіңіз?

3 топ басшысына сұрақ:

  • Егер сіз Білім Министрі болсаңыз өз бағдарламаңызға нелер енгізер

едіңіз?
Сайысымыздың қандай нәтижеге ие болғанын ұпай санымен анықтап, жеңім-паз топты марапаттау.

Қорытынды сөз :

Туған жер – өздерің дәлелдегендей киелі де қасиетті мекен. Өз жерімізде

көк туымыз желбіреп, әнұранымыз орындала берсін. Тұғырымыз мықты болып,

келешек ұрпағымыздың көкейінде туған жерге деген сүйіспеншілік алауы мәңгі

лаулап, жалындай берсін.

«Атамекен » әні орындалады

Астана қаласы Білім басқармасы

Ашық сабақ
«Туған жерге туың тік»

Өткізген: Өтепова С.Қ.

Сабақ тақырыбы: "Жаса, Жайна, Ару-Астана!"

Сабақ мақсаты :

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың астананы Ақмолаға көшіру туралы ойы нағыз даналық, көргендік болды. Президент жарлығы халықтың патриоттық сезімін көтерді.Сөйтіп, 1998 жылы 10-маусымда Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласының тұсаукесер тойы болды.Бүкіл әлем назарын өзіне аударды.

Ертедегі ер бабамыз Едігеден бастап, айбынды Абылайға дейінгі хандары-мыздың бәрі - осы Есіл бойында орда тіккендері тегін болмаса керек.Халқымыз жаңа да, жас мемлекеттің Астанасын өзінің қалаған жеріне,өзінің қалауы бойынша орнатты. Кіндік қаласының құрылысына білек сыбанып, бар күш -қайратын, ынта-жігерін салды.Әр көшеге, әр үйге жүрек мейірін, перзенттік сүйіспеншілігін, жан жылуын жұмсады. Астана осылайша халқымыздың аялы алақаны , ыстық мейірімен тұрғызыл-ды. Сондықтан бұл қала бәрімізге ерекше қымбат, айрықша аяулы. Тәуелсіздік бізге жаңа жолымызды, соны соқпағымызды табуға зор мүмкіндік ұсынды.Жаңа жолымызды біз Астана арқылы таптық. Астана - XXI ғасырдың қазақ төріне мәңгі-лікке тігіп берген асқақ туы.

Жүргізуші..Астана -келешектің қаласы. "Астана мәңгі жүрегімізде" деп атала-тын әдеби-монтаж сабағымыз басталады.

1-оқушы

Күн сүйген Сарыарқаның даласында,



Таранған аққудай боп қала осында.

Жүрегі еліміздің Астана ол

Есілдің еркелеп аққан жағасында.
Кезінде көтергенде батыл мұны,

Көрінді көп ұлттың да татулығы.

Ап келді Елорданы Сарыарқаға.

Қазақтың Нұрсұлтандай ақылды ұлы.


2-оқушы

Іске асып Елбасының бастамасы

Елімнің бой көтерді бас қаласы.

Өзінің көркіменен әлемге

Танылды қазақтың бұл Астанасы.
Астана- еліміздің қақ ортасы,

Астана-ырыс, құт пен бақ ордасы.

Алыстан көз тартады тұлғаланып,

Сәулетті Елбасының Ақордасы.


3-оқушы

Тарихқа бұл өңірдің бар дерегі,

Қарайды заңғар көкке "Бәйтерегі" .

Бір көріп келген адам Астананы

Аузынан суы құрып айтар еді.
Қазақтың қуат берген даласына,

Нұр құйған әр адамның санасына.

Еліміздің төріндегі Астана бұл,

Айналған жаңа ғасыр қаласына.


4 -оқушы

Астанам-бағы биік асқармысың,

Астанам-мәңгі жарық аспанымсың.

Астанам-пейіш қала ел арманы

Астанам қайда жүрсем мақтанышым.
Астанам-шапағаттың шуағындай,

Астанам-махаббаттың тұрағындай.

Астанам-періштелер мекені сен,

Астанам-Қазақстан тұмарындай.


("Астана -Ақ Орда"әні орындалады.)
5- оқушы

Өзіңе сырттай мен де тамсанамын,

Мерекеңді шаттана қарсы аламын.

Сен тұрсаң Есіліңнің толқынымен,

Мен тұрам Сырдың күтіп таң самалын.
Жасырып Астанама шырай кірген,

Шет жұртың не құдірет сұрайды елден!

Он жылда танымастай өзгергені

Қазақтың қасиеті ғой - Құдай берген.


6 - оқушы

Көркіңе көз тоймайды, қызығасың,

Халықтың қуанышын айт, жүзі жарқын.

Көк тірет Бәйтерегі Сарыарқада

Тұрғандай, танытқандай батыр халқын.
Астанам,мекені ғой ұлыстардың,

Бірінен-бірі асар құрылыстардың.

Керемет бар ғажайып осында тұр

Ашқандай Астананың тыныстарын.


7-оқушы

Қазақтың қайтпас қайсар батырлығын

Бар әлем келіп тойлап жатыр бүгін.

Нұрағым Астананың төрінде отыр

Халқының жеңілдетіп ауыр жүгін.
Шынында жас қалама шырай кірген,

Риза боп отыр төрде сынай келген.

Халқымыз той дегенде тартылмаған

Қазақтың несібесіне Құдай берген.


8-оқушы

Құлпырып гүлзарменен ғажап тағы,

Ордамның жарқырайды азат таңы.

Астанам-ұрпағымның мақтанышы,

Шаhарым-шуағы мол жәннат бағы.
Сән берген Сарыарқадан гүл өңірге,

Жайнаған Отанымның жүрегінде.

Астанам - бақ ошағым , түп қазығым,

Айналған бар қазақтың тірегіне.

("Гүлдей жайна, Қазақстан " әні орындалады.)
9-оқушы

Тәуелсіз байтақ елім бар,

Тәу еткен туған жерім бар.

Елімнің биік еңсесі

Астанам ордам, төрім бар.
Атағы кезген шартарап,

Ұланы біздей өр талап.

Астанам-жалын маздаған

Отына жылын, мархабат.


10-оқушы

Елордам елдің жүрегі,

Елбасым алтын тірегі.

Елдік тұғыры екеуін

Ажыратпаймын бір елі.
Астанам-әсем, бас қалам,

Алматы-алтын баспанам.

Қызылорда-қара шаңырақ

Бәрі де менің астанам.


("Сыр сұлуы" әні орындалып, бірнеше қыз бала би биледі.)

11-оқушы.Қазақстан Республикасы астанасы 1830 жылы іргетасы қаланған Ақмола қаласына көшірілді, айналасы бірнеше жылдың ішінде елорда адам таны-мастай өзгерді.Күн сайын жаңа бір кереметімен тамсандыратын Сарыарқа төсін-дегі Ару қала келушілердің көз қуанышына айналған.

Тәуелсіздік триумері , биіктігі 91 метрлік Қазақ елі монументі, Президент резиденциясы, Ақ Орда, Министрлер үйі, биіктігі 97 метрлік "Бәйтерек", Пирамида, 2 мың орындық " Думан" ойын - сауық орталығы , 30 мың кісілік " Астана" жабық стадионы, осының бәрі Елорданың ажарын ашып, айбын асқақтатуда.

12-оқушы

Есілдің жағасында қонған қалам,

Жүрегі қазағымның болған қалам.

Күн санап , ертегідей өскен қалам

Жайнашы, жасай берші, нұрлы Астанам!


Ашылар әлі талай ақ парағың,

Өсе бер, көркейе бер, тоқтамағын.

Әлемде болғанменен мың Астана

Астанам, сен ғанасың мақтанарым.


13-оқушы

Жаңарудан көзін тауып бар елінің,

Сол дегенге қан жүргізген Астанам.

Жиып беріп асыл ойын әлемнің

Сарыарқама сән кіргізген Астана.
Жаңа таңға, жаңа қадам басқанда,

Жаңа үй сап, жалау қаққан Астана.

Алашымның ақ арманын аспанда

Мәңгілікке алаулатқан Астана.


14-оқушы

Азат Алаш мол бақытқа кенеліп,

Тау толқыннан өтті кемең, Астана.

Ерке Есілдің екі өңірін тел еміп,

Көк байрағы көк тіреген Астана.

Жүрген елді жалаңаяқ жар кешіп,

Желпіндірген, күлкің қырдан Астана!

Хас жүрекке жаңа жарқын ән қосып,

Жас білекті бұлқындырған Астана!

("Туған жер" әні орындалады.)

15-оқушы. Бәйтерек - төрткүл дүниені құшағына сыйғызған өмір ағашы.Бұл қазақтың кеңдігі мен қонақжайлығынан - бүгіндері көптеген этнос пен диаспораны сыйғызып отырғанынан хабар берсе керек. Ал оның төбесінде - Самұрықтың ұясы. Қазақ халқы бала тәрбиесінде Ар мен Ұждан тазалығын бірінші қатарға қойған . Сондықтан Бәйтерек басындағы құс ұясы осы халық рухының тазалығынан хабар береді.

Жүргізуші.Бәйтерек көк пен жерді байланыстырушы берік тұғыр, олардың арасындағы алтын көпір.

Аңызға сүйенсек, Бәйтеректің төменгі тұсында зұлым аждаhа - Айдаhар өмір сүреді. Ең биік шыңында жақсылық нұрын сепкен Самұрық құс мекендейді. Жыл сайын Самұрық құс жұмыртқа салып, қорек түнектен шығып, балапандарын бірін қалдырмай жеп кетеді екен. Бір кезде қаhарман Батыр Самұрық балапандарын жегісі кеп жатқан Айдаhарды жанқиярлық ерлікпен өлтіріп, балапандарына жәрдемдеседі. Балапандарымды тағы да жеп кетті-ау деген Самұрық Бәйтерекке жақындағанда ғажайыпқа тап болады. Тірі қалған сары уыз балапандар Батыр ерлігін жарыса , шуылдаса жеткізеді. Аңсап күткен арманы орындалған Самұрық Батырға көмектесіп, жақсылығын жақсылықпен қайтарады.

Батыр ерлігі - қазақ халқында Жақсылықтың жер бетіне жетіп, қанат жаюымен сипатталады. Бәйтерек - Жақсылықтың Шаңырағы, жақсылық таратушы.

("Асқақта,Астана" күйі ойналды.)

16-оқушы


Ел ордасы - Астана ,

Жалындап өскен жас қала.

Онға толды өзіңмен

Бірге туған жас бала.


Сарыарқаның даласы,

Гүлденгенім қарашы.

Зәулім үймен түрленді

Жер мен көктің арасы.


17-оқушы

Астанам менің пырағым,

Сарқылмайтын жыр - әнім.

Ертегідей ғажайып

Аңыз болар тұрағым.

Астанам, айбат ірісің,

Күн сайын бітті бір ісің.

Өзге елге көрсеттің

Жаңаша даму үлгісін.
18-оқушы

Қалыспаймыз бар елден,

Терезем тең әлеммен.

Жасампаз елім кенде емес

Білім, ғылым, өнерден.
Аспанда нұр қаптады,

Жайқалды жер бақтары.

Астанам, туған күніңде

Халқым түгел шаттанды.


19-оқушы

Биік ұстар елдің асыл мұратын,

Ар- намыстың тірегі - сен, Астана.

Қан тамырға қуат беріп тұратын

Туған жердің жүрегі - сен , Астана.
Кең өлкеме терең жайып тамырын,

Жайнай бергін, жаның нұрдай, Астана!

Әлденеге кәріп қылып Тәңірім,

Енді бізді табындырма басқаға.

("Астана" әні орындалды.)
20-оқушы. Халық жазушысы Шерхан Мұртаза: "Беу заман- ай! Кеше ғана батпағы мидай иленіп, қопасында су сарсып жатқан далада бүгін сәулетті қала салынды. Ол болашақтың кепілі болмақ. Құдай қаласы, келер ұрпақтың алдынан ақ таң атар. Мен тәңірден соны тілеймін"

21-оқушы. Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев: "Астана - Егемендік перзенті. Тәуелсіздік символы.Жаңарған Қазақстанның гүлдей құлпырып, күндей нұрла-нып, айдай жарқыраған бет жүздегі".

22-оқушы. Дәл бүгін, заманымыз бен жеке басымызға түскен ауыртпашылық-ты қара нардай тік көтерген салиқалы ақылымен, көнбіс жұмсақ мінезімен ел тыныш-тығын қорғап, соның қаиырын зор төзімділікпен тосып келе жатқан Қазақ халқына рахметімізді айтайық.

23-оқушы. Дәл бүгін, өзгенің ала жібін аттамаган мейірімді халыққвабас болып, дара даналығымен көш бастап келе жаткан Елбасымызға рахметімізді айтайық.

("Елім менің" әні орындалды.)

24-оқушы. Дәл бүгін, "Ат тұяғынан шыққан елдің ұлдары бақытты болады" деген көне қазақтың ырым сөзін еске алайық.Біз ұлы сапарға бой түзедік.Осы сапарда барлық қиындықтары жеңіп шығу үшін, қазақ халқы бақыты үшін жанымызды салайық.Бізде одан басқа жол да жоқ.Ниет те жоқ.

Дәл бүгін, Қазақ елінің Астанасы -мәңгілік, қазақ халқының болашағы жарқын деген ой айтайық.Сол қызықты бәріміз бірге коруге жазсын деп Алладан тілейік.

Плакатқа жазылған ұлағатты сөздерге сынып жетекшісі ретінде түсінік бердім.

Астана- ел рухын көтерді.

Астана -әр қазақтың қайраты.

Астана- жас қазақ елінің өршіл рухы мен айбаты.

Астана - қазақ жерінің тұтастығының кепілі.

Астана - XXI ғасырдың қаласы.Астана бұл күнде арман қаладан, аңсар қалаға айналды. Қазір бар жақсылық пен бастама Астанадан тарайды.Астананың тойы

- Елдің тойы, елдіктің тойы.Сауалға сұрақтары берілді.

1.Астана қаласының қазіргі әкімі кім?( И.Тасмағанбетов).

2.Астана қаласының алғашқы әкімі кім болған ?(Әділбек Жақсыбеков).

3. 1900жылы Ақмола уезінің ең мықты балуаны және қара күш иесі кім еді? ( Қажымұқан Мұңайтпасов).

4.Бәйтеректің биіктігі қанша метр? Ол нені білдіреді? ( 97метр, Астананың көшіп барған жылынан хабар береді).

5.Астана қаласының дәл іргесінен табылған ежелгі қаланың аты ? (Бозоқ қаласы).

6. "Қазақ елі" монументінің биіктігі қанша метр? Онда орналасқан құс мүсінінің салмағы қанша тонна ? ( Биіктігі 91 м. Құс мүсін салмағы 2,5 т)

7.Қызылорда қаласы қай жылдары астана болды ?(1925-1928 жж.)

Оқушылар осы сұрақтарға жауап берді. Дұрыс тапқандарға Астананың суреті берілді.

Айдана. Мен Астананы шексіз сүйемін. Келешекте Астананың гүлденуіне, өркен жаюына өз үлесімді қоссам деймін.

Дінислам. Астана күннен - күнге көркейіп, әсемденіп келеді. Ғажайып қалаға айналып, үлкен ғимараттар көздің жауын алады. Бұл - Тәуелсіздіктің жемісі.

Айнұр. Мен Астананы көрдім. Келешекте жоғары оқу орнын сонда оқығым келеді. Астана - Отанымыздың жүрегі. Таза,әсем қала.

Сонымен бірге бірнеше оқушы өз ойларын ортаға салды. Астана туралы толық мағлұмат алып, қызығулары артты деп ойлаймын.



"ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ"

Біздің халқымыз басынан талай-талай таңдарды өткізді. Бәріне мойымай, ертеңгі күннен үміттерін үзбеді. Тәу етер тұғырлы тәуесіздігіміз Желтоқсан арқасында келді . Кешегі тәуелсіз күн мен түн үшін жалындай лаулап өткен Қайрат ағамыз бен Ләззат әпкеміз сынды аға-апалардың жанқиярлық ерліктерінің арқасы емес пе еді?! Ендеше, бүгін өсер еліміздің ұландарын осыны сезіне де,ұға білуіміз керек.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты-құрбандық,

Атам десең,атыңдар!

Бұл пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырының соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рақым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі.Лүп-лүп соққан балаң жүректің, өмірге құштар ыстық жүректің соңғы лүпілі.Жан сыры .Соңғы үміт.

"Арман қудың ба,алдыңа қара, артыңа алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да қойып кет,белді шеш те кешіп өт" деп жазды Қайрат абақтыдағы күнделігіне. Жиырма бір жасар жігіттің бұлай деп өсиет қалдыруына, сірә қамшының сабындай қып-қысқа ғұмырындағы көрген-білгендері, көңіліне түйгендері әсер еткен болар. Бәлкім, оның алау жастық пен ерте қоштасып, тез есеюіне қапастағы қаралы күндер суреті әсер еткен болар...

Ләззат Асанова туралы бір үзік сыр

Ол жастайынан ән-күйге құмар,сазды әуенге әуес еді.Кішкентай домбырасы мен қобызын тастамайтын. "Мен музыкант боламын"дейтін ол ұстаздары мен достарына."Талабыңнан айналдым сол"деп анасы Алтынай да Ләззаттың өнерге біржолы берілгеніне сүйсінетін.Ләззат туған ауылы Ақжазықтағы орта мектептің 8-сыныбын ойдағыдай бітіріп, бірден Алматыға тартқан. Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінде "қобызшы"мамандығы бойынша оқып жүрген Ләззат Асанованың он алты жыл ғана қысқы ғұмыры ерте үзілді.

Туған елінің азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы қазақ жастарының 1986 жылғы атақты Желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды.

Отан үшін жасау керек неше ерлік,

Отанын сүймеу-есерлік.

(М.Жұмаханов).

Даламның кеңдігіндей жүрегім бар,

Мөп-мөлдір елге арналған тілегім бар.

Қатардағы қазақтың перзентімін,

Отаныма,еліме берерім бар.

(Ғ.Қалибекұлы.)

"Бостандық - бар бақыттың басталуы"деген еді Нұрсұлтан атамыз.1991жылы 16 желтоқсанда біздің ұлан - байтақ жерімізге Тәуелсіздік жарияланған күн болып еді.Міне, сол күннен бастап елімізде тіліміз,діліміз қайта өрледі.Әлемге Қазақстанның мәртебесін биіктетіп,дамыған елдермен қанатымызды теңестіру үшін жан аямай еңбек етіп,тер төгу әрбір азаматтың , өсіп келе жатқан жас ұрпақтың қасиетті борышы екенін түсінеміз.

1991 жылғы тамыз оқиғалары КСРО-ның ыдырауын жеделдетіп, бұрынғы одақтас республикалардың,соның ішінде Қазақстанның егемен ел болып, тәуелсіздікке қол жеткізуіне жол ашты.

1991 жылы 1 желтоқсанда өткізілген бүкілхалықтық сайлауда жұртшылықтың жаппай қолдауымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның тұңғыш Президенті болып сайланды.

1993 жылы 23 қаңтарда Республика Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның Конституциясын қабылдады.Екі жыл өткен соң, 1995 жылғы тамыз айында негізгі мемлекеттік және саяси құрылымдардың қалыптасуына орай жаңа Коституция қабылданды.Бұл заң бойынша Қазақстан Республикасы өз аумағында тұратын барлық азаматтардың тең құқығын қамтамасыз ететін демократиялық,зайырлы және құқықтық мемлекет болып табылды.

Қазақстан астанасы - Астана қаласы, ал Алматы мен Байқоңыр республикалық дәрежедегі қалалар.

Тәуелсіздік алуына байланысты Қазақстан егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шығып, дүние жүзіне танылды.Қазақ халқының ұлттық сана-сезімі өсіп, бірлігі нығаюда, қазақ тілі мемлекеттік тілге айналып, ұлттың салт-дәстүрлер одан әрі дамып отыр. Бір кездері ұмыт бола жаздаған халқымыздың ардақты азаматтарының есімдері ұрпағымен қайта қауышты, тарихы,ел-жұрт атаулары қалпына келтірілуде. Еліміздің экономикасы мен мәденитеті өркендеп келеді. Республикамызда демографиялық реформаларды біртіндеп жүзеге асырып, әлеуметтік дамуға қол жеткізуге,барлық қазақстандықтардың тең құқығы негізінде ұлттар арасындағы татулық пен келісімді сақтауға, мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы ретінде саяси тұрақтылықтың басымдылығын арттыруға зор көңіл бөлінуде.

Сабақ барысында осындай әңгіме қозғалып,қорытынды кезеңде оқушылар өз ойларын ортаға салды.

"САЛТЫМ МЕНІҢ - АСЫЛ ҚАЗЫНАМ "

Сабақ "Бастаңғы" салт-дәстүрімен басталды. Әжесі мен немересі әңгімелесіп отыр.

Немересі.Әже, осы әкемнің атын не себепті "Жолдыбай" деп қойғансыз?

Әжесі. Е-е, балам ертеректе адамның есімін ырымдап, қай уақытта туылса, сол мезгілге лайықтап қойған. Ол кезде тауға көшіп жатқан кезіміз еді.Сол жолда келе жатқанда дүниеге келгеннен кейін осылай деп қойғанбыз.Ондай есімдер көп қой.

Немересі.Әже, бүгін әкем мен апамның қыдырып кеткенін пайдаланып, балаларға бастаңғы жасап жіберейікші.

Әжесі ойланып отырып рұқсат береді. - Жарайды, балам, шақырсаң шақыра ғой, тек шуламай тәртіпті өткізіңдер.

Немересі жүгіріп кетіп, құрбыларын шақырып келеді. Барлығының қолдарында тағамдары бар. Дастарханға қойылды.

Нан - тіршілік нәрі.Нан барлық тағамнан үлкен,сондықтан дастарханға бірінші нан қойылады. Нан бар жерде ән бар.

Бауырсақ - қазақта бауырмал,үйірсек, туысқан,жақыншыл деген мағынаны білдіреді, - деп бауырсақ қойылады.

Қымыз,айран,сүзбе, саумал шұбаты,

Қатық,тосап,жент адамның қуаты.

Қаймақ, көже, ақ ірімшік,сүт,уыз,

Қазағымның сүт тамағы - бұл аты,-деп сүт тағамдары қойылады.Әжесі бауырсақ туралы түсінік береді.

Оқушы. Әже, осы біз білмейтін салт-дәстүрлеріміз көп-ау деймін.Өткенде әжем енді күн жылынса киіз басамыз, соған "қой бастыларыңды" дайындай беріңдер деп көршілерге айтып жатыр, ол қандай дәстүр?

Әжесі. Ә-ә,"Қой басты"деген ертеде киіз басушылар, киіз тебу, пісіру кезінде оны үй арасында домалата жүріп, бір үй тұсына келгенде "Қой басты" деп айқай салады, үй иесі киіз басушыларға құрт, май, шай немесе қой сойып, дастарханға шақырып тамақ берген.

Қыз. Ал "Шарғы"деген не?

Әжесі."Шарғы"деген дәстүр, ұзатылған қыз өзіне таяу сіңлісіне басындағы орамалды береді.Бұл ендігі кезек сенікі деген мағына екен.

Бұрын қыздар басына орамал тағып шыққан.

Қыз.Қыздар, сендер "біз шаншар" деген салтты білесіңдер ме?

Қыздар.Жоқ, жоқ, ол қандай салт?

"Біз шаншар" салты "жаушы" орнына жүреді екен. Бұрындары ақсақалды кісілер,бір топ ер азаматтар бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды. Ел шаруасын,амандық білген болып,қонақасын ішіп аттанып кетеді.Әдеп бойынша ел ішінде бір топ адам бұлай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен отанасы қонақтар отырған жерді қарап ,одан шаншулы бізді тауып алады.Бұл "бізде ұл бар, сізде қыз бар, құда болайық" дегенді білдіреді екен.

Қыздар. О,о, біз білмейтін салт-дәстүрлер көп екен ғой, ол кітапты оқйық Қыз.Әй, құрбылар, енді жұмбақ шешіп, мақал-метел айтайық.Қане, кім жасырады?

Жұмбақтар.

Бір итім бар қабаған,

Аузына темір жамаған.(кебеже)

Атқа арта салдым,

Ішіне толтырып ас салдым.(қоржын)


Судан ғайып,

Әжемде бар қос қайық.(кебіс,мәсі)

Мата қыйындыларын қидаладым,

Қимай оны қызға арнадым.(құрақ)



Мақалдар

Білезікті қолдан тастама

Елдің салты сақталған.
Ердің қасиеті ерлігінде,

Қыздың қасиеті жүзігінде.


Сырғаның көздерінде ұлттың ұлылғы бар,

Оның түсінген қыздың жүрегінде сыры бар.

Осы кезде даладан немересі жүгіріп келіп табалдырықта,есікті керіп тұра қалады.

Әжесі. Балам, есікті кермей,табалдырықтан бері өт,ішке кір.Бір жаңалық айтайын деп келдің бе,ентігіп тұрсын ғой?

- Иә,әже,сүйінші!

Әжесі.Қалағаныңды ала ғой,балам. Ол не?

Немересі. Қой егіз қозы туыпты,сондай бір әдемі.

Әжесі. Жақсы болыпты ғой, балам! "Құтты қонақ келсе, қой егіз табады" деген,мына жолдастарын құтты қонақ болды ғой.

Қыз. Әже,онда қозының біреуін мен алайыншы.

Әжесі. Бұл "Наурыз төлі" деп аталады, төл басы ретінде қараған, төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді.

Мұндай малды тек қызығына, тойына сойып, ырым еткен,қызым. Сондықтан келесі кезекте берейін, жарай ма? Сен ренжіме.

Қыз. Қыздар, енді "Жүрек салар" ойынын ойнайықшы деп ниет етеді. Ойын ойналады. Айыптылар ән айтады. "Ақ дастархан әні".

Бір кезде немересі:

- Әже, ауылға біреулер көшіп келе жатыр.

Әжесі. Не дейді?! Әй,қыздар,тез ақ алып келіңдерші,халық дәстүрінде ауылға келген көштің алдынан шығу адамгершілік, болашақ көршілік парыз,ақ алып алдынан шығайық. Ол дәстүрді "Ақ алып шығу" деді, шырақтарым.

Қыздар. Неге,әже,неге?



Әжесі. Жаңа көршімен "осы ақтай таза, дәмді болайық" деген тілек, қарағым

Сөйтіп ақ алып шығады,келгендерге тілек айтқызып, ақ ішкізеді.

Келгендер рахметін айтады.

Балалар. Әже, жүктерін түсіруге көмектесейік, - деп орындарынан тұрады.

Әжесі. Қарақтарым, тамақтың бетін жауып қойындар, - деп ескерту жасады.

Көш қонып болғанша қазақтың ұлттық "Хан талапай","Бес тас" ойындары ойналады.

Көршілер жайғасып болғаннан кейін әжелер тобынан ол үйдің босағасын майлауға барады.



Әже. Қоныс құтты болсын, қарақтарым. Жаңа үй алып көшіп келгеннен кейін "Босаға майлау" жасап келдік. Бұл үйің көптң үйі болсын деген ұғымды білдіреді,қарақтарым, - деп босаға майланып, төрге жайғасады. Көршілер:

- Рахмет, мен де кәдемді жасайын деп орамал береді.

Әже. Қарақтарым, жаңа көшіп келген үйді "Ерулікке" шақырған қазағымның ежелден келе жатқан салты бар. "Ағайынның аты озғанша, көршінің тайы озсын" деген, үйге шақыра келдім.

Көрші. Рахмет.

Ұлттық "Ақ сандық, көк сандық", "Үйімнің үстінде кім?" ойындары ойналады.

Жігіт.Әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас қосып отырудың сылтаулары көп қой.Мына үйге " Қазан шегелей "барайық,жүріңдер. (Көршінің үйіне барады).

Жігіт.Осы үйдің қазанын шегелей келдік, қарсы емессіздер ме?

- Жақсы болады ғой, "қазан шегелейтін" шебер таппай отыр едік, - деп қонақтарды қарсы алып қонақасы береді. Әңгіме болады.

Қыз. Кеше "Төле би" ауылына бесік тойға барып едім содан кішкене шаршап отырғаным.

Жігіт. Мен де "Абай"ауылының "Тоқым қағарында" болып келді

Қыз. "Тоқым қағар" деген де дәстүр бар ма?

Жігіт. "Бәсіре" атына мініп алғаш алыс сапарға аттанарда "Жолаяқ"немесе "Тоқымқағар"береді. Мал сойылып, үлкен-кішіні шақырып қонақ етеді. Ондағы мақсат "сапарым сәтті болып, аман-есен оралсам" деген ақ тілекпен шыққан шын ниет.Бата беріп шығарып салады.

Жігіт. Бата беру ақ ниеттен туған жарқын салт. Ақ тілек айту ежелден келе жатқан дәстүр, бата беріңіз. (Қария бата береді.)

Қазақ қызы қандай болу керек
Жалпы адам баласының әдемілігі оның сырт келбетінде, көркінде десек,

ол қателік болар еді. Көрік, әсемдік, әдемілік мұның бәрі жай жансыз дүние ғана.

Ақын Қадыр Мырза Әлі : «Әдемі қыз – көзіңе жақын,

Әдепті қыз - көңіліңе жақын» - деп айтқаны бар.

Сонда барлық сұлулық адамның сыртында емес, оның ішкі жан дүниесінде.

«Қазақ қызы» деген атаққа лайық болу үшін, үлкенің алдынан кесе өтпейтін, тәрбие-лі де, ибалы, инабатты болу керек. Қыз сырт адам, әсіресе, жігіт адамы үшін жұмбақ

жан болуы тиіс. Бұл жөнінде ақын Қадыр Мырза Әлі ағамыздың мына бір сөзі бар:

«Қыздың сыры – шөлдің суы сияқты,

Тереңде ғой, тереңде ғой, тереңде» - десе,

ақиық ақын Мұхтар Шаханов:

«Мағынасыз жылтырақты сақтамайды ел есте,

Шын сұлулық тереңдікте емес пе?» - деп жырлайды. Сондағы барлығының айтпа-ғы бір тереңдік. Ол ақыл, парасат, ұстамдылық. Әр қазақ қызының бойынан осы үшеуі табылып, үшеуі бір арнад тоғысқан кезде ғана «қазақ қызы » деген мәртебеге

ие бола алады.

Әдемі қыз – баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы - жаманның жөнін біліп тұратын;

Көрікті қыз – істі үйіріп, сөйлессе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын:

Әсем қыз – жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік:

Ажарлы қыз – дене бітімі жинақы, сөзі салмақты,ісі тиянақты,

Шырайлы қыз – көз жанары өткір, бет әлпеті бал –бұл жанған, тәні шымыр,



Ару қыз – Бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы
Каталог: uploads -> doc -> 0e75
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e75 -> Сармуханова Марал Серікқызы Өтілген тақырыптар төңірегінде дұрыс сөйлей алуға, Қазақстан балалар жазушыларын тануға, өмірбаяны
0e75 -> Қиын оқушымен жұмыс. Мақсаты: жеткіншек дамуындағы дағдарысты түсіну үшін жеткіншектің агрессиялық әрекетіне қарсы тұру
0e75 -> Сабақтың тақырыбы: Сынып: 6 «В» Пән мұғалімі: А. Егембердиева
0e75 -> Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы. Сабақтың мақсаты
0e75 -> Сабақ саны: Сабақ тақырыбы: Электролиттік диссоциация тақырыбы бойынша жаттығу жұмысы Сабақ мақсаты
0e75 -> Сабақтың тақырыбы: Информатика пәнінің алғырлары Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет