1-тапсырма:
Оқушылар берілген пікірге мән беріп, пікір дұрысытығын
дәлелдейді.
Туған өлкем гүлдерімен көрікті. Өйткені, ...
1.
2.
3.
Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі.
Кері байланыс:
Бұл тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар!
2-тапсырма:
Гүлдер
Гүлдер,гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер,көк гүлдер.
«Жайнар кезім келді» деп,
Қанаттарың желбіреп,
Таңмен бірге оянып,
Көрік бердің далаға.
Гүлдер, гүлдер, не түрлі
Құлпырды да жетілді.
Барлық дала өртеніп
Бара жатқан секілді.
Өрт дегенім˗гүл екен,
Отқа ұқсап тұр екен.
Лүпіл қағып жүрегім,
Үзіп алдым біреуін,
Сыйлайын деп анама.
Гүлдер,гүлдер,шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер,көк гүлдер.
Тұра берші ырғалып,
Тұра берші нұрланып,
Сол трғаның ұнайды,
Құлпырғаның ұнайды,
Ұқсап сәби балаға.
Өлеңді оқушылар түсініп оқып шығады. «Түртіп алу» әдісі
арқылы:
Өлеңнен теңеу сөздерді теріп жазады.
Гүл атауларын анықтайды.
Гүлдерге қатысты көркем сөздерді табады.
Сол сөздерді қолданып өлеңді қысқаша мазмұндайды.
Мен білемін
|
Мен үшін жаңалық
|
Білмеймін
|
Білгім келеді
|
|
|
|
|
Дескриптор:
өлеңді түсініп оқиды;
теңеу сөздердің теріп жазады.
өлеңде сипатталған гүл атауларын анықтайды;
берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;
гүлдерге қатысты көркем сөздерді қолданып сипаттайды;
көркем сөздерді орынды қолданады.
Қалыптастырушы бағалау:
«Бағдаршам» әдісі
Сергіту сәті «Көңілді күн»
3-тапсырма:
«Пікірлер ағашы» әдісі
Тұманбай Молдағалиев туралы не білетінін ағашқа жазады.
Балалар маған бұл сұрақтарға жауап бере аласыз ба?
1.Ол кім?
2.Қайда туған
3.Қандай қызмет атқарған?
4.Қандай шығармаларын білесің?
Тұманбай Молдағалиев ˗ ақын, аудармашы.(1935˗2011) Алматы
Облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жар˗су ауылында туған.
Балаларға арналған «Жаңа дәптер» және т.б өлең жинақтары бар.
Халық арасында кең тараған «Құстарқайтып барады»,
«Шақырады көктем» әндерінің сөзін жазған.
Қалыптастырушы бағалау: Смайлик арқылы бағалау.
Кері байланыс:
Бәрекелді балалар! Сендер бұл тапсырманы жақсы
орындап отырсыздар.
4-тапсырма:
Дәптермен жұмыс: «5 жолды өлең» әдісі.
Жауабы:
1. Зат есім: Гүл
2. Сын есім: Қызыл, әдемі
3. Етістік: Құлпырып, жайқалып, өседі
4. Сезімді білдіретін: Қызыл, әдемі гүл құлпырады.
5.Тақырыбына байланысты сөз Синоним: Өсімдік
Қалыптастырушы бағалау: Формативті бағалау.
Кері байланыс: Жақсы балалар! Тапрсырмаларды жақсы
орындап отырсыздар. Күнілім шықты!
Бүгін сабақта жақсы жұмыс жасап отырсыңдар!
|