Сабақ тақырыбы: Туған өлке гүлдері. Тұманбай Молдағалиев «Гүлдер» Күні



Дата28.01.2022
өлшемі284,06 Kb.
#130031
түріСабақ
Байланысты:
Ерсаинова Дана Б-18 3 сынып әдебиет (1) (1) (1)




Қысқа мерзімді жоспар



Мектеп: №10 ЖББОМ

Сабақ тақырыбы: Туған өлке гүлдері.Тұманбай Молдағалиев «Гүлдер»


Күні:10.12.2020

Мұғалімнің есімі:Ерсаинова Дана Нұрланқызы


Сынып: 3 «А»

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны:0


Сабаққа негізделген оқу

мақсаты:


3.1.5.1 – өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана

отырып, жеткізу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып, жеткізеді;

Оқушылардың көпшілігі: Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады;

Кейбір оқушылар: Шығармадағы теңеу сөздерді табады;

Бағалау критерийлері:

Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана

отырып, жеткізеді;

өлеңді түсініп оқиды;

теңеу сөздердің теріп жазады.

өлеңде сипатталған гүл атауларын анықтайды;

берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;

гүлдерге қатысты көркем сөздерді қолданып сипаттайды;

көркем сөздерді орынды қолданады.



Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Құлпырды, отқа ұқсап, үзіп алдым, ырғалып, ұқсап сәби балаға,

өрт, күн нұры, көрік берді.


Құндылықтарды дарыту

Сұлулықты, әдемілікті көру, сезіну, бағалау

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану. Қазақ тілі

АКТ колдану дағдылары

Интерактивтік тақта

Бастапқы білім

Гүлдердің түрлерін біледі.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың

басы

5 минут

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:
«Жылы жүрек- ізгі тілек»
- Балалар, мен сендердің қолдарыңнан гүлдерді көріп тұрмын. Енді сендер гүлдеріңді, жылы тілектеріңді айта отырып, бір-біріңе сыйлап,мына менің қолымдағы құмыраға салсаңдар бұл гүлдер құлпырып, айтқан тілектеріңіздің бәрі орындалады.Өйткені, бұл сиқырлы құмыра.

-Жақсы, енді балалар орнымызға отырайық.



«Ой қозғау» әдісі

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?(Қыс)

Қыс аяқталып,көктем де жақындап қалды .

-Көктемнің келгенін неден білеміз?

Көктем мезгілінде далада, қырда әдемі көктем гүлдері шыға бастайды

-Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады?(Бәйшешек)

-Қандай гүлдердің атауын білесіңдер?

-Балалар,қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?(Гүлдер)






Сабақтың

ортасы

35 минут


1-тапсырма:

Оқушылар берілген пікірге мән беріп, пікір дұрысытығын

дәлелдейді.

Туған өлкем гүлдерімен көрікті. Өйткені, ...

1.

2.

3.

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі.
Кері байланыс:

Бұл тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар!


2-тапсырма:

Гүлдер


Гүлдер,гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер,көк гүлдер.

«Жайнар кезім келді» деп,

Қанаттарың желбіреп,

Таңмен бірге оянып,

Көрік бердің далаға.

Гүлдер, гүлдер, не түрлі

Құлпырды да жетілді.

Барлық дала өртеніп

Бара жатқан секілді.

Өрт дегенім˗гүл екен,

Отқа ұқсап тұр екен.

Лүпіл қағып жүрегім,

Үзіп алдым біреуін,

Сыйлайын деп анама.

Гүлдер,гүлдер,шоқ гүлдер,

Қызыл гүлдер,көк гүлдер.

Тұра берші ырғалып,

Тұра берші нұрланып,

Сол трғаның ұнайды,

Құлпырғаның ұнайды,

Ұқсап сәби балаға.

Өлеңді оқушылар түсініп оқып шығады. «Түртіп алу» әдісі

арқылы:

Өлеңнен теңеу сөздерді теріп жазады.

Гүл атауларын анықтайды.

Гүлдерге қатысты көркем сөздерді табады.

Сол сөздерді қолданып өлеңді қысқаша мазмұндайды.





Мен білемін

Мен үшін жаңалық

Білмеймін

Білгім келеді














Дескриптор:

өлеңді түсініп оқиды;

теңеу сөздердің теріп жазады.

өлеңде сипатталған гүл атауларын анықтайды;

берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;

гүлдерге қатысты көркем сөздерді қолданып сипаттайды;

көркем сөздерді орынды қолданады.

Қалыптастырушы бағалау:

«Бағдаршам» әдісі


Сергіту сәті «Көңілді күн»
3-тапсырма:

«Пікірлер ағашы» әдісі

Тұманбай Молдағалиев туралы не білетінін ағашқа жазады.

Балалар маған бұл сұрақтарға жауап бере аласыз ба?

1.Ол кім?

2.Қайда туған

3.Қандай қызмет атқарған?

4.Қандай шығармаларын білесің?

Тұманбай Молдағалиев ˗ ақын, аудармашы.(1935˗2011) Алматы

Облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жар˗су ауылында туған.

Балаларға арналған «Жаңа дәптер» және т.б өлең жинақтары бар.

Халық арасында кең тараған «Құстарқайтып барады»,

«Шақырады көктем» әндерінің сөзін жазған.


Қалыптастырушы бағалау: Смайлик арқылы бағалау.

Кері байланыс:

Бәрекелді балалар! Сендер бұл тапсырманы жақсы

орындап отырсыздар.

4-тапсырма:

Дәптермен жұмыс: «5 жолды өлең» әдісі.

Жауабы:

1. Зат есім: Гүл

2. Сын есім: Қызыл, әдемі

3. Етістік: Құлпырып, жайқалып, өседі

4. Сезімді білдіретін: Қызыл, әдемі гүл құлпырады.

5.Тақырыбына байланысты сөз Синоним: Өсімдік



Қалыптастырушы бағалау: Формативті бағалау.
Кері байланыс: Жақсы балалар! Тапрсырмаларды жақсы

орындап отырсыздар. Күнілім шықты!

Бүгін сабақта жақсы жұмыс жасап отырсыңдар!



Оқулық

23-24 бет




https://youtu.be/YW3Oev49M_c

25 бет








Сабақтың соңы
5 минут


Үйге тапсырма: 5˗жаттығу 25 бет

Рефлексия










Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?




Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

«Бас бармақ» әдісі, «Бағдаршам» әдісі,Смайлик арқылы бағалау , «Формативт»і бағалау.

Дескриптор:

өлеңді түсініп оқиды;

теңеу сөздердің теріп жазады.

өлеңде сипатталған гүл атауларын анықтайды;

берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;

гүлдерге қатысты көркем сөздерді қолданып сипаттайды;

көркем сөздерді орынды қолданады.



ертегіге жоспар құрады

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы.

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет