Сабақ талдауы (арнайы пәндердің оқытушысы И. А. Пицына өткізді)



бет1/2
Дата18.02.2017
өлшемі271,43 Kb.
#10180
түріСабақ
  1   2
«Құрал-жабдықтарр» пәні бойынша ашық сабақ талдауы

(арнайы пәндердің оқытушысы И.А. Пицына өткізді)

Өткен күні: 2015ж 19 қараша.

Топтар: 1 курс К 1-77 тобы

Бөлім: “ Көкөністерді өңдеу құралдары ”

Тақырыбы: “Көкөністерді өңдеу үшін құралдармен жұмыс істеу кезінде пайдаланужәне қауіпсіздік техникасын сақтау Ережелері ”

Әдістері: сөздік, көрнекілік, практикалық әдіс

Педагогикалық технологиялар: «Case study» педагогикалық техника элементтері, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, бірлесіп оқыту.

Білім беру мақсаты: Көкөністерді өңдеу үшін құралдармен жұмыс істеу кезінде жұмыс ережелері және қауіпсіздік талаптары туралы білімдерін жалпылау.

Аталаған сабақ көкөністерді өңдеу үшін құралдарды танып-білу бөлімінде қорытынды сабақ болып табылады, сондықтан сабақта жұмыс әр деңгейлі тапсырмаларды орындауда оқушылардың білімдерін жүйелеу және қайталауға құрылды. Оқушылардың жұмысы үшін топтарды шағын топтарға бөлуді, сондай-ақ сабақтың рейтинг кестесін есептеумен барлық тапсырмалар берілген жұмыс дәптері әзірленді. Сабақта оқыған материалды жалғастыру ретінде, оқушылардың өз-өзін тексеру және өздігінен жұмыс істеуді ұйымдастыру құралы ретінде ИКТ қолданылады.

Сабақ тақырыбын оқытушы хабарлады, сабақ мақсаты оқушылармен әңгімелесуде анықталды.

Оқушылардың білімдерінің өзектілігі үшін бірнеше тапсырма орындау ұсынылды: көкөністерді өңдеу үшін құралдарды әріппен индекстеу білімдеріне тест, көкөністерді өңдеу және кесілген формалар үшін ауысым механизмдерімен жан-жақтан әкелген көкөністерді жинақтау білімдеріне тест, (мемлекеттік тілде), сондай-ақ машина құрылғысы және олардың әрекет принциптеріне тапсырма берілді. (Клоуз - тест).

Тестілеу жеке дара жүргізілді, слайдта өзін-өзі бағалау үшін дұрыс жауаптар және бағалау жүйесі көрсетілді. Келесі тапсырманы орындау үшін оқушылар төрт адамнан шағын топтарға бөлінді (бірлестіріп оқыту) Оқушылардың шешкен тапсырмаларын интерактивті тақтада көрсетті. Салыстыру үшін және дұрыс шешімді бағалау үшін тақтада көрсетілді.

Танып-білген тапсырманы жалпылау кезеңінде «Құралдарды пайдалану Ережелері» сызба құрастыру үшін оқушылар төрт адамнан басқа шағын топтарға бөлінді. (бірлестіріп оқыту)

Әрбір шағын топқа құралдармен жұмыс ережесінің сипаттамасын қолдана отырып, сызба құрастыру ұсынылды. (инсерт) Шағын топтар әр құрал үшін сызбалар құрастырды, кейін өз жұмыстарын интерактивті тақтада көрсетті, қалған оқушылар тиісті сызбаларды өздерінің жұмыс дәптерлерінде толтырды. Белгілі құралда жұмыстың ережесін жақсы түсіну үшін оқушылар заманауи көкөніс кесетін машина, картоп тазалайтын машина, картоп езбесін дайындау үшін қазандық жұмысы туралы видеоролик көрді.

Көкөністерді өңдеу үшін құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау Ережелерін оқытушы оқушылармен талқылады, әңгімелесу барысында оқушылар «Көкөністерді өңдеу үшін құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау Ережелері» кестесін құрады.

Пайдалану ережелері туралы білімдерін бекіту үшін оқытушы оқушыларға картоп тазалау және көкөніс кесу машинасымен жұмыста пайда болатын өндірістік мәселелік жағдайды шешуді ұсынды. Осы тапсырманы орындау үшін оқушылар алты адамнан шағын топтарға бөлінді. («Case study», бірлесіп оқыту, Placemat әдісі).

Мәселені шешу мүмкіндіктерін шағын топтардың өкілдері тақтада көрсетті, талқылау нәтижесінде «Машинаның қирау мүмкіндіктері, себептері және оларды жою жолдары» кестесі толтырылды.

Алынған ақпаратты жалпылау үшін оқушыларға картоп тазалауда қалдықтарды анықтау және МОК-125 машинаның өндірісі бойынша үш деңгейлі тапсырма және бақылау тесті ұсынылды.

Өткізілген сабақ интерактивті, заманауи деп санаймын, өйткені әрбір тапсырма оқушылардан белсенді ойлау әрекетін, түсіндіру, талдау, дәлелдеу жұмысын қажет етеді.

ИКТ қолдану оқушылардың қабілеттіліктерін дамытуға көмектеседі, тануға берілген материалдың көлемін үлкейтуге, сондай-ақ зияткерлік шығармашылық қабілеттіліктерін дамытады.

Көзделген материал білімдерін игеруге және бекітуге жетелейді және пәнге деген қызығушылықтарын дамытады.



ФОТОЕСЕП

Шағын топтарда талқылау жұмыстары




Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет