Сабақ «Тіл дамыту» 5 «а» класс (Тіл дамыту оқулығы және электронды нұсқасы бойынша)



Дата08.01.2017
өлшемі2,05 Mb.
#6507
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған

балалар мектеп - интернат - колледжі



Ашық сабақ

«Тіл дамыту» 5 «а» класс

(Тіл дамыту оқулығы және электронды нұсқасы бойынша)



Тақырыбы: «Менің досым»

мәтінмен жұмыс

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: А.К. Нағашыбаева.


«Менің досым»
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы

Түс мезгілі.Бәтима мен Гүлнәр сабаққа дайындалып отырған. Бәтима Гүлнәрға жүрегі ауырғанын айтты. Гүлнәр кітаптарын сөмкесіне салды.

Жұмыстағы Бәтиманың апасына телефон соқты. Көмекке келген жедел жәрдем машинасы оларды ауруханаға апарды. Бәтиманы ауруханаға орналастырды. Гүлнәр мектепке кешігіп келді. Кешігудің себебін білген мұғалім оған ренжіген жоқ.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Бәтиманың қай жері ауырды?

2. Гүлнәр не істеді?

3. Бәтиманы қайда апарды?

5. Мұғалім Гүлнәрға неге ренжіген жоқ?


3-тапсырма. «Өз досың» туралы әңгімелеңдер.
Менің досым бар. Ол турашыл. Әрқашан мейірімді, қайырымды. Ол өз ісіне адал. Дос әрқашан бір-біріне адал болу керек.
4-тапсырма. Хатты жазған Самат.

Ол хатты Айбатқа жазды.


5-тапсырма.Берілген сөздерге, қарсы мағынада сөздер тауып жазыңдар.

Дос - қас

Адал – арам

Мейірімді – мейірімсіз

Шыншыл, турашыл - өтірікші

Еңбекқор – жалқау.


- Сенің досың бар ма?

  • Менің досым бар.

  • Досыңның аты-жөні кім?

  • Досымның аты, Айнұр (Асхат)

  • Жасы нешеде, нешінші класта оқиды?

  • Досымның жасы .... те, ол .....ші класта оқиды.

  • Досыңның бойынан қандай қасиеттерді бағалайсың?

  • Менің досым адал. (Мейірімді, кішіпейіл, шыншыл, турашыл,қайырымды)

Сабақтың тақырыбы: Менің досым


Сабақтың мақсаты: Достық тақырыбы арқылы оқушылардың алған

білімдерін одан әрі кеңейту,адамгершілікке

тәрбиелеу. Жазба жұмысы арқылы шығармашылыққа

баулу. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын

жетілдіру. Коррек – қ түзету жұмыстарын жүргізу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап, түсіндіру.


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру

а) Оқушыларды түгендеп, қабылдағыштарын тексеру.

- Класта кезекші кім?

- Класта кім жоқ?


ІІ. Тіл жаттығулары

- Қазір қандай сабақ болады?

- Қандай тақырып өтіп жатырмыз?

- «Жаман жолдас» әңгімесінің авторы кім?


ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

(5-тапсырма, 7-тапсырма)
ІV. Жаңа сабақ түсіндіру.


  1. Тақырыпты хабарлау

(күннің жадысын, «Менің досым» тақырыптың атын дәптерге жазу)
а) Сөздікпен жұмыс

Жедел жәрдем – адам ауырған кезде көмекке келетін көліктің түрі.

Мейірімді, қайырымды – адамның жақсы қасиеттері.

Турашыл – еш нәрседен қорықпайтын, бетке айтатын адам.

Орналастырды – ауруханаға жатқызды.
ә) Мұғалімнің мәтінді оқуы, түсіндіруі.

б) Оқушылардың тізбектей оқуы, түсінгенін айту.


  1. Сұрақтармен жұмыс

1.Әңгіме кімдер туралы айтылған?

2. Гүлнәр мен Бәтима кімдер?

3.Гүлнәр қандай қыз?
Мәтін бойынша сұрақтармен жұмыс


  1. Бәтиманың қай жері ауырды?

  2. Гүлнәр не істеді?

  3. Бәтиманы қайда апарды?

  4. Мұғалім Гүлнәрға неге ренжіген жоқ?

(Мәтінді қорытындылау, жаңа сөздіктерді еске түсіру, жаттау)




  1. «Дос» қандай болу керек? (3-тапсырма, тірек схемасын қолдану)

Дос адал (мейірімді, қайырымды, турашыл) болу керек.



  1. Шығармашылық жұмыс

Үлгі бойынша х а т жазу.



  1. Үйге тапсырма беру.

6 – тапсырма. («Дос» сөзін жекеше, көпше түрде жіктеп жазу )

7 – тапсырма. (Мақал – мәтелдерді түсініп оқу)


VІ. Қорытындылау.

1. - Біз сабақта не істедік?

- «Дос» қандай болу керек?




  1. Тыңда және қайтала. Анық айт.

А у р у х а н а

О р н а л а с т ы р

Е ң б е к қ о р

VІІ. Бағалау.



Тіл дамыту сабағы

Тақырыбы: «Менің досым»


Каталог: uploads -> doc -> 0008
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0008 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның мәдениеті және ғаламдану.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет