Сабақ типі дәріс Сабақ мақсаты: Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау Тәрбиелік



бет1/8
Дата18.02.2017
өлшемі1,52 Mb.
#10233
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Сабақ жоспары

Тобы






















Мерзімі






















Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна

Пәні Азаматтық құқық

Жалпы тақырып Кіріспе



Сабақ типі дәріс

Сабақ мақсаты:

Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау

Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық

қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру

қабілетін, білімін дамыту.

Көрнекілігі оқулықтар.

Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы



Сабақ жүрісі

І. Ұйымдастыру моменті :

1)Амандасу;

2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;

3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;


ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Азаматтық құқық жүйесі-мемлекеттегі құқықтық нормаларының жиынтығын қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Азаматтық құқық ҚР-ғы құқықтық нормативтік құжаттар жағынан ең ауқымды күрделі заң саласы болып есептеледі. Азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді. Яғни, олар іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді.ҚР-ның Азаматтық құқықтар жүйесі 2 бөлімнен тұрады: Жалпы және Ерекше.

Жалпы бөлімнің 1 бөлімі: Жалпы ережелер. Жалпы бөлімнің 2 бөлімі: Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар. Жалпы бөлімнің 3 бөлімі: Міндеттемелік құқықтар.

Ерекше бөлімнің 4 бөлімі: Міндеттемелердің жекелеген түрлері. Ерекше бөлімнің 5 бөлімі: Интелектуалдық меншік құқығы. Ерекше бөлімнің 6 бөлімі: Мұрагерлік құқық. Ерекше бөлімнің 7 бөлімі: Халықаралық жеке құқық.

Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің біріне, құқықытық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың іс-әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл қатынастар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастарына айналады. Сондықтан нарық реттеудің негізгі объектісі болады.

Азаматтық құқық ғылымы азаматтық құқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жасалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымының пәні аталған кұқық саласымен ол реттейтін қатынастар, азаматтық құқықтың тарихы, оның даму келешегі мен тәжірибеде қолданылуы болып табылады. Азаматтық құқық ұғымының өзі құкықтың саласы және заң ғылымының жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде құқықтық нормалардың жиынтығы, екіншісінде — білімнің жиынтығы арқау болады.

Азаматтық құқық ғылымы сол құқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепетендікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар Азаматтық кодексте жоқ бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық пәні, азаматтық-құқықтық әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы, оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім, міндеттемелер туралы, интеллектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті. 

Бекіту сұрақтары:

• Азаматтық құқық туралы түсінік?

• Азаматтық құқықтың жүйесі?

• Азаматтық құқық жүйесінің логикалық талаптары?



Сабақты қорытындылау: Құқық жүйесі дегеніміз сол мемлекеттегі құқықтық нормалардың жиынтығын қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Құқықтың әр саласына белгілі бір жүйе тән. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құқықтық-нормативтік құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Нормалардың әр алуандығына қарамастан азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді, яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөлікгеріне бөлінеді. Ішкі салаларға тән ерекшелік оның құрылымдарына тұтастай енетін жекелеген және жалпы ережелерді бөліп қарау мүмкіндігі деуге болады. Мұндай құрылымдардың мазмұны біркелкі келеді, оны құқықтық реттеудің бір арнаға жинақталуынан және заңдық ерекшелігінен деп түсінген жөн.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: І Бөлім,§1, жағдаят талдау


Тобы






















Мерзімі






















Сабақ жоспары

Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна

Пәні Азаматтық құқық

Жалпы тақырып Азаматтық құқық туралы түсінік



Сабақ типі лекция

Сабақ мақсаты:

Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау

Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық

қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру

қабілетін, білімін дамыту.

Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.

Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы



Сабақ жүрісі

І. Ұйымдастыру моменті

1)Амандасу;

2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;

3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары:
• Азаматтық құқық туралы түсінік?

• Азаматтық құқықтың жүйесі?

• Азаматтық құқық жүйесінің логикалық талаптары?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Азаматтық құқық - бұл тауар-ақшалай және қатысушыларының теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқық саласы.

Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері - жеке тұлға және заңды тұлғалар.

Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады.

Тұлғаның 2 категориясы болады: жеке тұлғалар және заңды тұлғалар.

Жеке тұлға дегеніміз ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар.

Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Оған мекеме, ұйым, кәсіпорын және т.б. жатады.

Біз барлық заң оқу орындарында оқылатын оқу пәнін де азаматтық құқық деп түсінеміз. Оқу пәнінің міндеті — студентті азаматтық-құқықтық нормалардың мазмұнын дұрыс түсінуге, олардың ерекшеліктерін, негізін, қолдану тетігі мен салдарын білуге үйрету. "Азаматтық құқық" оқу пәнін құқық теориясының қағидаларымен танысып, заңдардың күрделі иірімдерінде бағдарлай білу дағдыларын меңгергеннен кейін оқыту тиімді.

Бұл оқу пәнінің жүйесі өзіндік бірқатар ерекшеліктеріне қарамастан, көп ретте азаматтық құқықтың I тарауда қарастырылған жүйесіне ұқсайды. Мұңдай ұқсастықтың себебін былайша түсіндіруге болады: студенттерді азаматтық-құқықтық нормативтік актілердегі азаматтық-құқықтық нормаларды талдап, түсіндіре білуге үйрету азаматтық-құқықты оқытудың басты міндеттерінің бірі болып табылады: Бұл жағынан қарағанда, азаматтық құқық оқулығы мен оқу құралдары АК мен басқа да заң актілерін баптары бойынша түсіңдіруге жуықтайды. Алайда бұл олардың бір ғана қыры болып есептеледі.

Азаматтық құкық және азаматтық, зандар ұғымына, жүйесіне және олардың қолданылуына қатысты барлық мәселелер көлемін зерттейтін құқықтық ғылым саласын азаматтық құқык ғылымы деп атайды.

Азаматтық құқық ғылымының  міндеті – азаматтық - құқықтық нормалар жүйесінің және оның жекелеген буындарының пайда болуы мен мазмұнының ерекшеліктерін анықтайтын жағдайларды зерттеу. Егер азаматтық - құқықтың пәні қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласы болса, азаматтық кұқықтың ғылымының пәні құқықтық нормалардың жиынтығы — нақ азаматтық –құқықтың  өзі болып табылады (азаматтық-кұқықтың)  анықтамасы I тарауда берілген). Әлбетте, бұл пән азаматтық- құқықтық  нормалар реттейтін қоғамдық қатынастарды да, бұл нормалардың  заңдарда бейнеленуін де, олардың әр түрлі мемлекеттердегі ерекшеліктерін де, оларға сын тарапынан берілген бағаны да және жетілдірілу мүмкіндіктерін де қамтиды.

Бекіту сұрақтары

1.Азаматтық құқық дегеніміз?

2.Азаматтық құқықтың субьектілері?

3. Азаматтық құқық ғылымының  міндеті?

4.Азаматтық- құқықтық  нормалар реттейтін қоғамдық қатынастар

Сабақты қорытындылау: Құқық жүйесі дегеніміз сол мемлекеттегі құқықтық

нормалардың жиынтығын қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып

табылады. Құқықтың әр саласына белгілі бір жүйе тән. Азаматтық құқық

Қазақстан Республикасындағы құқықтық-нормативтік құжаттары жағынан ең

ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Нормалардың әр

алуандығына қарамастан азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай

келеді, яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөлікгеріне бөлінеді.

Ішкі салаларға тән ерекшелік оның құрылымдарына тұтастай енетін жекелеген

және жалпы ережелерді бөліп қарау мүмкіндігі деуге болады. Мұндай

құрылымдардың мазмұны біркелкі келеді, оны құқықтық реттеудің бір арнаға

жинақталуынан және заңдық ерекшелігінен деп түсінген жөн.
Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: І Бөлім,§2 лекцияны толықтыру





Сабақ жоспары





Тобы






















Мерзімі






















Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна

Пәні Азаматтық құқық

Жалпы тақырып Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар



Сабақ типі аралас сабақ

Сабақ мақсаты:

Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау

Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық

қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру

қабілетін, білімін дамыту.

Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.

Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы



Сабақ жүрісі

І. Ұйымдастыру моменті

1)Амандасу;

2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;

3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары:

1.Азаматтық құқық дегеніміз?

2.Азаматтық құқықтың субьектілері?

3. Азаматтық құқық ғылымының  міндеті?

4.Азаматтық- құқықтық  нормалар реттейтін қоғамдық қатынастар
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру



Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады. 
      2. Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүлiктiк емес жеке қатынастар мәнiнен туындамайды. 
      3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылықеңбекзаңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады. 
      4. Заң құжаттарында көзделген реттердi қоспағанда, бiр тараптың екiншiсiне әкiмшiлiк немесе өзге де билiк жағынан бағынуына негiзделген мүлiктiк қатынастарға, соның iшiнде салық жөнiндегi және басқа бюджеттiк қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды.

Азаматтық заң құжаттарының керi күшi болмайды және өздерi күшiне енгiзiлгеннен кейiн пайда болған қатынастарға қолданылады. Азаматтық заң құжаттарының заңдық күшi өздерi күшiне енгiзiлгенге дейiн пайда болған қатынастарға бұл оларда тiкелей көзделген реттерде қолданылады. 
Азаматтық заң құжаттары күшiне енгiзiлгенге дейiн пайда болған қатынастар бойынша ол өзi күшiне енгiзiлгеннен кейiн пайда болған құқықтар мен мiндеттерге қолданылады. Азаматтық заң құжаттары күшiне енгiзiлгенге дейiн жасалған шарт бойынша тараптардың қатынастары осы Кодекстiң 383-бабына сәйкес реттеледi.Осы Кодекстiң 1-бабындағы 1 және 2-тармақтарда көзделген қатынастар заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен тiкелей реттелмеген және оларға қолдануға келетiн әдет-ғұрып болмаған жағдайларда, мұндай қатынастарға, олардың мәнiне қайшы келмейтiн болғандықтан, азаматтық заңдардың ұқсас қатынастарды реттейтiн қалыптары қолданылады (заң ұқсастығы).
 
Аталған жағдайларда заң ұқсастығын пайдалану мүмкiн болмаса, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi азаматтық заңдардың жалпы негiздерi мен мәнi және адалдық, парасаттылық пен әдiлеттiлiк талаптары негiзге алына отырып белгiленедi (құқық ұқсастығы)


Бекіту сұрақтары

1.Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар?

2.Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысушылар?

3.Мүліктік және мүліктік емес қатынастар?

4.Азаматтық заң құжаттарының заңдық күші?

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: І Бөлім,§4 лекцияны толықтыру





Тобы






















Мерзімі





















Сабақ жоспары


Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна

Пәні Азаматтық құқық

Жалпы тақырып Азаматтық заңдардың негiзгi бастаулары



Сабақ типі аралас сабақ

Сабақ мақсаты:

Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау

Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық

қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру

қабілетін, білімін дамыту.

Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.

Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы



Сабақ жүрісі

І. Ұйымдастыру моменті

1)Амандасу;

2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;

3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары:

1.Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар?

2.Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысушылар?

3.Мүліктік және мүліктік емес қатынастар?

4.Азаматтық заң құжаттарының заңдық күші?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  Азаматтық заңдар өздерi реттейтiн қатынастарға қатысушылардың теңдiгiн, меншiкке қол сұқпаушылықты, шарт еркiндiгiн, жеке iстерге кiмнiң болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергiсiз жүзеге асыру, нұқсан келтiрiлген құқықтардың қалпына келтiрiлуiн, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттiгiн тануға негiзделедi. 
      2. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiнiң азаматтық құқықтарына өз еркiмен және өз мүддесiн көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады, сондай-ақ егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, құқықтарынан бас тартады. Олар шарт негiзiнде өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтауда және оның заңнамаға қайшы келмейтін кез келген талаптарын белгiлеуде ерiктi. 
      3. Тауарлар, қызмет және ақша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында емiн-еркiн орын ауыстырып және айналысқа түсiп отырады. Егер қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, табиғат пен мәдени қазыналарды сақтау үшiн қажет болса, заң құжаттарына сәйкес тауарлар мен қызметтiң орын ауыстыруына шектеулер енгiзiледi.

Осы Кодекстiң 1-бабындағы 1 және 2-тармақтарда көзделген қатынастар заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен тiкелей реттелмеген және оларға қолдануға келетiн әдет-ғұрып болмаған жағдайларда, мұндай қатынастарға, олардың мәнiне қайшы келмейтiн болғандықтан, азаматтық заңдардың ұқсас қатынастарды реттейтiн қалыптары қолданылады (заң ұқсастығы). 
 Аталған жағдайларда заң ұқсастығын пайдалану мүмкiн болмаса, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi азаматтық заңдардың жалпы негiздерi мен мәнi және адалдық, парасаттылық пен әдiлеттiлiк талаптары негiзге алына отырып белгiленедi (құқық ұқсастығы) Азаматтық заң қалыптары оларда айтылған сөздердiң дәлме-дәл мәнiне сәйкес түсiнiлуге тиiс. Заң қалыптарының текстiнде қолданылған сөздердi әртүрлi түсiну мүмкiн болған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерiне және азаматтық заңдардың осы тарауда, ең алдымен оның 2-бабында баяндалған негiзгi қағидаттарына сай келетiн түсiнiкке басымдық берiледi.
  Азаматтық заң қалыптарының дәл мағынасын анықтау кезiнде, егер бұл осы баптың 1-тармағында баяндалған талаптарды бұрмаламайтын болса, ол күшiне енгiзiлген кездегi тарихи жағдайларды және оның сот тәжiрибесiндегi түсiнiлуiн ескеру қажет

Бекіту сұрақтары

1.

2.Конституцияның құрылымы.

3.Конституцияның заңдық күші

4.1995ж Конституция туралы түсініктеме.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: ІІ Бөлім,§1 лекцияны толықтыру





Сабақ жоспары



Тобы






















Мерзімі























Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет