Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Калыбекова Гүлнар Асқарқызы Сыныбы-4 Пәні: Математика



Дата04.05.2017
өлшемі77,89 Kb.
#15549
түріСабақ
Ашық сабақ

Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы

А.С.Макаренко атындағы жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Калыбекова Гүлнар Асқарқызы

Сыныбы-4

Пәні: Математика
Тақырыбы: Шешімін тап

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету, тиянақтану, өткен тақырыптарды пысықтау.

  2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін, шығармашылық қабілеттерін белсенділігін арттыру. Ауызша санау, көбейту, бөлу, қосу, азайту дағдыларын, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыру.

  3. Алған білімдерін пайдалана білуге, тапқырлыққа, татулыққа, сауаттылыққа, ұжымда бірлесе бірге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте, дәптер, парақтар.

Сабақ түрі: Жарыс сабақ.

Сабақ типі: Білім, білік дағдыларын тиянақтау.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, дене шынықтыру, дүниетану.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Бүгін бізге көп қонақ келіп отыр. «Қонақ аз сөйлеп, көп сынайды» деген сөз бар. Қонақтарға өз білімдерімізді көрсетейік.

  2. Тақпақ айту.

Болам десең – ғарышкер,

Болам десең – дәрігер,

Болам десең – инженер,

Ең керегі – математика.

Математика өмірде –

Бар білімнің патшасы.



ІІ. Писхологиялық дайындық.

  1. Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

– Мен сендерге ашық аспан тілеймін!

– Мол бақыт тілеймін!

Жасампаз, бейбіт еліміз жасасын!

– Тәуелсіз еліміздің 20 жылдығы жасасын!



  1. Бүгінгі сабағымызды «Қазақстан болашағы білімді ұрпағында» деп, бүгінгі сабақтағы білімдеріңді осы кішкентай тумен бағалайын деп отырмын. Кім қанша ту жинаса, сол оқушы болашақта Қазақстанның туын биікке көтеретін бала болатындығына сенеміз.

Берілген белгі бойынша, аты аталған бала жауап бере алады. Сәттілік тілеймін!

ІІІ. Негізгі бөлім:

  1. Кезең Бәйге! (Дайындығын тексеру).

  1. Білім күні қай күні? – (1 қыркүйек)

  2. Ауданды қалай табамыз? – (Ұзындығын еніне көбейтеміз)

  3. 1 сағатта неше минут бар? – (60 мин)

  4. Санды өрнек неден құралады? – (саннан)

  5. 47 санында неше ондық, неше бірлік бар? – (4 ондық, 7 бірлік бар)

  6. Мектептегі ең жоғарғы баға – (бес)

  7. Жеті күн – (апта)

  8. 2-ні үш рет қосқанда қанша болады? – (8)

  9. Екі сабақтың ортасында не болады? – (үзіліс)

  10. (125+5)х4 қанша болады? – (130х4=520)


2 кезең: Жарыс. Жұмыс жоспарымен таныстырылады.

  1. Есептер


  1. Өрнектер



  1. Теңдеулер



  1. Логикалық есептер



  1. Ойлан, тап



  1. Қызықты пәндер – тест



  1. Есептерді шығар.

а) Кішкентай қораптағы шырын 55 теңге, ал үлкен қораптағы шырын 155 теңге тұрады. 5 кішкентай қорап шырынға қарағанда 5 үлкен қорап шырынға қанша артық төлек керек?

К. шырын – 55 тг. – 5 қорап

Ү. шырын –155 тг. – 5 қорап – ? артық төлек керек.



Шешуі: 55х5=275

155х5=775

775-275=500

Жауабы: 500 теңге артық төледі 5 үлкен қорап үшін.


ә) Мектеп кітапханасындағы әр сөреге саны бірдей кітаптар жиналған. Кітап қоймасындағы 9 сөреге 2403 кітап қойылған. Егер оқу залында 7 сөре болса, онда мектеп кітапханасында барлығы неше кітап бар?

Кітап қоймасында – 9 с.к.

Оқу залында – 7 сөре

Кітапханада – ? кітап



Шешуі: 2403:9=267

267х7=1869

2403+1869=4272

Жауабы: Кітапханада 4272 кітап бар.
б) Бір машина 24 тонна жүкті тасып жеткізу үшін 8 рет, ал екінші машина 45 тонна жүкті тасып жеткізу үшін 9 рет қатынайды. Екін машина бірлесіп істесе, 120 тонна жүкті неше рет қатынағанда тасып жеткізеді?

1-машина – 24т., 8 рет.

2-машина – 45 т., 9 рет.

Шешуі: 24:8=3

45:9=5


3+5=8

120:8=15


Жауабы: 120 т., жүкті 15 рет қатынағанда тасып жеткізеді.

в) Сергіту сәтін өткізу.
2. Өрнектердің мәнін табу.

1) 369+50000+5000 (55369)

2) 4124325-4000000 (124325)

3) 752+349-100 (1000)

4) (120+180)-75х2 (150)

3. Теңдеу шешу.

1) 9х2хс=360 (с=20)

2) х:5=540:9 (х=300)

3) Сергіту сәтін өткізу.

4) 120:а=48:24 (а=60)
4. Логикалық есептер.

1) Екі адам 2 сағат жол жүрді. Олардың әрқайсысы қанша сағат жол жүрді? Жауабы: 2 сағат

2) Тауық екі аяқпен тұрғанда 5 кг тартады. Бір аяқпен тұрғанда неше кг тартады? Жауабы: 5 кг.

3) 10 кг тас ауры ма, 10 кг мақта ауыр ма? Жауабы: екеуі бірдей.

4) 1 жұмыртқа 4 мин пісті. Сонда 4 жұмыртқа неше минутта піседі? Жауабы: 4 минутта піседі.
5. Ойлан, тап.

1) 2 2 2 2 2 = 7

2) 3 3 3 3 = 10

3) 3 3 3 3 = 100
6. Сергіту сәті.

7. «Қызықты пәндер» - (тест).

Математика.


  1. 1 дм. Неше сантиметр? (10 см)

  2. Бірінші қатарда 7 бала отыр, екінші қатарда одан 4 бала артық отыр. Екінші қатарда қанша бала отыр? (11)

  3. 1 сағатта неше минут бар? (60 мин)

  4. Ұзындық бірліктерін ата. (см, мм, дм, м, км)

  5. 4 х 4 + 4 неше болады? (20)


Дүниетану.

  1. Адам немен тыныс алады? (ауа)

  2. Адамға ең қажетті жағдайлар? (ауа, су, жарық, жылу, тамақ)

  3. Өсімдіктің жер асты мүшесі? (тамыр)

  4. Адам өміріне қажетті жағдайларды қайдан алады? (табиғаттан)

  5. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік қалай аталады? (көкжиек)


Қазақ тілі.

  1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)

  2. Адамдар не арқылы хабар береді, сұрайды, кеңеседі? (тіл)

  3. Сөз неден құралады? (әріптен)

  4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші)

  5. Әліппедегі ең бірінші тұрған әріп? (А)


Ана тілі.

  1. «Қаздың тұзаққа түсуі» қай ертегіде кездеседі? (Ұр, тоқпақ!)

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)

  3. «Түн ұйқысын төрт бөліп» жолдар кім туралы айтылған? (ана)

  4. Қазбайдың үш жақсы заты. (ұр тоқпақ, піс қазан, құс есек)

  5. Жыл мезгілдері туралы өлең жазған ақын. (Абай)

Жалайларды көп алған балаларды мадақтау, бағалау.

Сабаққа қорытынды жасау ретінде математикалық жұмбақтар шешу.


  1. Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос құлақты, қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой

Бәрі нешеу айта ғой. (19)


  1. 11 түйе 5 жылқы

2 сиыр, 2 ешкі

2 қоян, 3 түлкі

Таба алмасаң бол күлкі? (25)


  1. Аулада бес үйрек,

Қорада үш үйрек.

Бір үйрек тығылды,

Бір үйрек жығылды.

Қалғаны неше үйрек? (6)


Сабаққа қатысқан оқушыларға рахмет айту.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 2 сыныбына арналған оқулық. Т.Оспанов, Ш.Құрманалина, Ж.Қайықбаев, К.Ерешова. Атамұра баспасы, 2002 ж.

  2. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар.

  3. Математикадан әдістемелік оқулығы. Атамұра баспасы.

  4. Бастауыш мектеп оқушыларының математикалық білім, білік дағдыларын тексеруге арналған тест жұмыстары.



Каталог: materialy -> bastaysh1
bastaysh1 -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Кыдыралиева Урила Мырзакаримовна Сыныбы-3 Пәні: Ана тілі
bastaysh1 -> Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
bastaysh1 -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Сапарова Улжанар Нұрхановна Сыныбы-4 Пәні: Ана тілі
bastaysh1 -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Тулепова Сарсенкул Сыныбы-2 Пәні: Ана тілі
bastaysh1 -> Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының «№18 Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
bastaysh1 -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Нурмаханова Бибигуль Толегенова Сыныбы-1 Пәні: Қазақ тілі
bastaysh1 -> Сабақтың тақырыбы: Егінші мен қасқыр. Сабақтың мақсаты
bastaysh1 -> Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі
bastaysh1 -> Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем Сабақтың мақсаты: Білімділігі
bastaysh1 -> Сабақтың тақырыбы: Сын есім Сабақтың мақсаттары : Білімділік: Оқушыларға сын есім жөніндегі білімді жете меңгерту


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет